25
август
2025
"ЕҢ ҮЗДІК ОЛИМПИАДАЛЫҚ МЕКТЕП-2025"






Үлкен мақтанышпен бөлісеміз! Биылғы оқу жылы лицейіміз үшін тарихи белес болды. Жеткен жетістіктеріміздің ішінде, ең жоғары, ең мәртебелі, ең маңызды – “ЕҢ ҮЗДІК ОЛИМПИАДАЛЫҚ МЕКТЕП – 2025” марапаты.
Бұл марапат бізге республикалық пәндік олимпиадада жоғары нәтиже көрсетіп,
Қазақстан бойынша ең үздік 100 мектептің ішінен 2-орынға тұрақтағанымыз үшін берілді. Сонымен қатар
“БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ”ХҚҚ қарасты мектептердің арасында жоғарғы нәтиже үшін иеленген номинациялар мен марапаттар да аз емес:
Жасөспірімдерге арналған республикалық пән олимпиадасында —
“Ең үздік олимпиадалық мектеп”,
- BTS қорытындысы бойынша
- ҰБТ нәтижесі бойынша
- Оқу көрсеткіштері бойынша үздік мектеп;
- Психологиялық қолдау қызметі бойынша — “Ең үздік психологиялық қызмет беруші мектеп”
⠀Бұл марапаттар – білімге деген шынайы ықыластың, тынымсыз дайындықтың, ұстаздар еңбегі мен оқушылардың табандылығының және ата-аналар мен түлектеріміздің қолдауының нәтижесі.
Бұл бізге тек бүгінгі еңбегіміздің емес, болашаққа деген үмітіміздің де бағасы болды.