21
февраль
2026
Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторымен кездесу



«Өскемен қ. ІІБ Ертіс полиция бөлімі» Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор, полиция аға лейтенанты Қонақпаева Айым Нұрланқызы 7–10 сынып оқушыларының ата-аналарымен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, лудоманияның (құмар ойындарға тәуелділік) зияны, буллингтің алдын алу шаралары, сондай-ақ кешкі уақытта ата-ананың қарауынсыз көшеде жүрудің жауапкершілігі туралы маңызды мәселелер қозғалды.
Инспектор ата-аналарға бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктің маңызын атап өтіп, жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен құқықтық сауаттылығын арттыру – отбасы мен мектептің бірлескен жұмысының нәтижесі екенін жеткізді. Кездесу барысында ата-аналардың сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, құқықтық кеңестер ұсынылды.