26
ноябрь
2025
ИРАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГЕОМЕТРИЯ ОЛИМПИАДАСЫНАН ҚОЛА ЖҮЛДЕ!
Біздің дарынды оқушыларымыздың кезекті ірі жетістігімен бөлісуге қуаныштымыз! 2025 жылдың 26 қараша күні өткен Халықаралық ХІІ Иран Геометрия Олимпиадасында (Iranian Geometry Olympiad) лицейіміздің 11-сынып оқушылары жарқырай білді:
Бекболатов Алихан
Картаев Таир
Ермек Нұрали
Олар 11-12 сыныптар лигасы арасында бақ сынасып, күрделі геометриялық есептерді шешуде жоғары шеберлік танытып, жүлделі ІІІ орынды (қола медаль) иеленді!
Алихан, Таир және Нұралиді осы зор жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Оларды дайындаған ұстаздарына да ерекше алғыс білдіреміз!