Ақпарат » Страница 11 » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫ-2024
09
ноябрь
2024
ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫ-2024
9-10 қараша күндері 10-11 сыныптар арасында Қазақстан Білім Олимпиадасы (КБО) өтті. Олимпиада нәтижесі бойынша 39 оқушы қатысып, 36 оқушы жүлделі орындарға ие болды және 2 оқушымыз мақтау қағазымен марапатталды: Биология  Алтын -5, Күміс-3  Химия  Алтын-1, Күміс-2, қола-3 География  Алтын -2, Күміс-1, Қола-3 Информатика  Алтын-3, Күміс-2,Қола-3 Физика Алтын-2, Күміс-1, Қола-1 Математика Алтын-1, Күміс-1, Қола-2 2 оқушы Грамотамен марапатталды. Жеңімпаздарымызды, ұстаздарды және ата-аналарды
ІІ ТОҚСАН ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
04
ноябрь
2024
ІІ ТОҚСАН ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
ІІ тоқсанда өткізілетін іс-шаралар жоспары.
Қ.Сатпаев атындағы Республикалық олимпиада
01
ноябрь
2024
Қ.Сатпаев атындағы Республикалық олимпиада
2024 жылдың 28 қазаны мен 1 қарашасы аралығында Жезқазған қаласында өткен химия пәнінен Қ.Сәтбаев атындағы республикалық олимпиада өтті. Қыдырмоллаұлы Нұрмұхаммед 9 б сынып -  қола медаль Болатхан Ислам 11А сынып - қола медаль  иеленді.  Оқушыларымызды, ұстаздарын және ата-аналарын құттықтаймыз!
Аналар арасында Brain Rain интеллектуалды ойыны
30
октябрь
2024
Аналар арасында Brain Rain интеллектуалды ойыны
Лицей Аналары арасында «Brain Rain» интеллектуалды сайысы Лицейімізде нағыз білім бәйгесі өтті! «Brain Rain» интеллектуалды ойынына 7-10 сынып аналары және ардагер аналар командасы қатысып, білім мен тапқырлықтарын сынға салды. Әрқайсысы үздік атануға лайық! Ойын барысында аналарымыздың ынтымағы мен ерекше дайындықтары бізді қуантты. Осындай керемет іс-шараларға атсалысып, рухани баюға ұмтылған барша қатысушыларымызға алғыс білдіреміз!18:00
"ӘУЕЗДІ ӘУЕН"
25
октябрь
2024
"ӘУЕЗДІ ӘУЕН"
25 қазан күні Алматы қаласында өткен IFLC Халықаралық тіл және мәдениет фестивалі, «Әуезді әуен» ән жарысына қатысып, қазақ тілі бағыты бойынша жүлделі ІІІ орын алған 10Б сынып оқушысы Марат Ахметті құттықтаймыз!
BIL RUN-2024
12
октябрь
2024
BIL RUN-2024
Өскемен қаласы Полиция басқармасының жедел криминалдық бөлімі мен лицейіміздің ұйымдастыруымен оқушылар, ата-аналар және ұстаздар арасында кезекті BIL RUN марафоны өтті. Қатысушылар 3 және 5 км қашықтықты бағындырып, спорт пен салауатты өмір салтын қолдауға үлес қосты. Бұл шара қоғамдағы ынтымақтастықты нығайтып, спорттық рухты көтеруге бағытталды.Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталып, шара ерекше көңіл-күймен аяқталды.  Барлық қатысушыларға және ұйымдастырушыларға үлкен алғыс білдіреміз!
ЖАС КӨШБАСШЫЛАР КЕЗДЕСУІ
07
октябрь
2024
ЖАС КӨШБАСШЫЛАР КЕЗДЕСУІ
6-7 қазан күндері Астана қаласында “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” ХҚҚ қарасты жас көшбасшылардың кездесуі өтті!  Лицейіміздің президенті Қамажан Ербосын осы маңызды шараға қатысып, болашақ көшбасшылармен бірге тәжірибе алмасуға және жаңа идеялармен танысуға мүмкіндік алды. Бұл кездесу – жас буынның белсенділігін арттырып, оларды елдің болашағына жауапкершілікпен қарауға ынталандыратын үлкен алаң. Қамажан Ербосынның көшбасшылық қабілеттері мен лицей үшін жасайтын үлесі біз үшін үлкен мақтаныш. Жас
АЙМАҚТЫҚ МИНИ-ФУТБОЛ ТУРНИРІ
05
октябрь
2024
АЙМАҚТЫҚ МИНИ-ФУТБОЛ ТУРНИРІ
Талдықорған қаласында өткен Шығыс аймақтық мини футбол турнирінде лицейіміздің екі командасы өнер көрсетті!  7-8 сыныптар мен 9-10 сыныптар командасы намысты қолдан бермей, жарысқа белсене қатысты. Ерекше қуанышты жаңалығымыз – 7-8 сынып оқушыларының командасы жүлделі 3-орынды иеленіп, үлкен жетістікке жетті!  Сондай-ақ, жарыстың үздік ойыншылары да анықталып, олар да өз шеберліктерін жоғары деңгейде дәлелдеді.  Олар: Хибратұлы Нұржігіт- "Үздік шабуылшы", Рахметолла Нұрасыл "Үздік қақпашы"
ҰСТАЗДАР КҮНІ
04
октябрь
2024
ҰСТАЗДАР КҮНІ
  Лицейімізде Ұстаздар күніне арналған ерекше мереке өтті!  Өзін-өзі басқару ұйымы даярлаған концерт ұстаздарымызға шынайы алғыс пен құрметтің көрінісі болды. Мұғалімдер қауымы үшін әсерлі сәттер мен жылы тілектерге толы концерт тамаша өтті! Ұстаздарымыздың білім мен тәрбиедегі еңбегі – біз үшін баға жетпес қазына. Барша ұстаздарға зор алғыс білдіреміз! Сіздерге шабытты еңбек, сәттілік және шығармашылық табыс тілейміз!
ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ
02
октябрь
2024
ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ
Қарттар күніне орай лицейде ұйымдастырылған концертіміз ерекше өтті! Оқушылардың өнері ата-әжелеріміздің жүрегін жылытып, қуаныш сыйлады. Концерттен кейін олар дастархан басында жиналып, ақ баталарын берді. Ата-әжелеріміздің жылы лебіздері мен қолдау сөздері біз үшін баға жетпес болды. Бұл шара қарттардың өмірлік тәжірибесін, даналығын бағалау үшін тамаша мүмкіндік болды. Барлық қарттарымызға алғысымыз шексіз!   #КомандалықЖұмыс #Ұстаздар #Біртұтастәрбие @jaqyn.official