Ақпарат » Страница 10 » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
КІТАП ОҚУ АКЦИЯСЫ.
29
ноябрь
2024
КІТАП ОҚУ АКЦИЯСЫ.
Кітап оқу акциясы бойынша келесі кезекте ұсынылған шығырмалар:  7-8 сыныптар үшін - “Bridge to Terabithia”  K.Paterson  9-10 сыныптар үшін - «The adventures of Tom Sawyer” Mark Twain  Кітап оқу уақыты: Дүйсенбі: 8:15-8:30 Басқа оқу күндері: 8:00-8:15 аралығында. Әр оқылған шығармалар бойынша тест алынып, 50% жоғары ұпай жинаған оқушылар марапатталады. Жыл соңында әр кезеңге қатысып, белсенділік танытқан оқушы "Үздік оқырман" номинациясымен марапатталады. Барлық оқушыларға сәттілік!
ШҚО БОЙЫНША ШАХМАТТАН ЧЕМПИОНАТ
27
ноябрь
2024
ШҚО БОЙЫНША ШАХМАТТАН ЧЕМПИОНАТ
Жеңіс құтты болсын!  Шығыс Қазақстан облысы бойынша шахматтан жасөспірімдер арасындағы чемпионат сәтті өтті! Осы байрақты бәсекеде жас шахматшыларымыз керемет нәтиже көрсетті:  Дәулетқанов Сырым – 1-орын иеленіп, спорт шеберлігіне үміткер атанды!   Құрманбаев Санжар – 2-орын алып, өзінің шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді!  Жас шахматшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жана берсін, алда талай белестерді бағындырасыздар! 
ROBO LAND 2025
23
ноябрь
2024
ROBO LAND 2025
2024 жылдың 23 қарашасында өткен RoboLand 2025 10-шы Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестиваліне қатысып, жүлделі орындарды иеленген төмендегі оқушыларды құттықтаймыз! Минифутбол - 1 орын Омар Жанболат, Ережепұлы Еларыс Садақ ату - 3 орын Қайратұлы Елжан, Карашанов Асанали Республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!
"ВОСТОК МОЛОКО" ЗАУЫТЫНА САЯХАТ
23
ноябрь
2024
"ВОСТОК МОЛОКО" ЗАУЫТЫНА САЯХАТ
9-сынып оқушылары сүт өнімдерін шығаратын "Восток Молоко" зауытына саяхатқа барып қайтты. Саяхат олардың білімін кеңейтіп, өндіріс процесімен танысуға мүмкіндік берді. Бұл экскурсия оқушыларға еңбекқорлықтың, жауапкершіліктің және ұқыптылықтың маңыздылығын көрсетеді. Олар өндірістегі әр маманның рөлін түсініп, командалық жұмыстың қажеттілігін ұғынады. Сонымен қатар, тағам қауіпсіздігі мен сапасының адам денсаулығына әсерін түсініп, салауатты өмір салтын ұстануға ынталанады. Мұндай тәжірибелер
ГЕОМЕТРИЯДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИРАН ОЛИМПИАДАСЫ
22
ноябрь
2024
ГЕОМЕТРИЯДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИРАН ОЛИМПИАДАСЫ
2024 жылдың 20 қарашасында “Аль-Фараби” олимпиадаға даярлау орталығының және Қаз ҰУ-нің ұйымдастыруымен 11-12 сынып оқушыларының арасында өткен геометриядан халықаралық Иран олимпиадасында Жүзден-жүйрік, мыңнан-тұлпар атанып, жүлделі 2 орынды қанжығасына байлаған 11-сынып оқушымыз Маратұлы Әлинұрды, оның ата-анасын және ұстаздарын кезекті жеңісімен құттықтаймыз!
АРТ ТЕРАПИЯ
21
ноябрь
2024
АРТ ТЕРАПИЯ
Арт терапия: эмоциялар мен шығармашылықтың байланысы  21 қараша күні, лицейіміздің аналары үшін ұйымдастырылған АРТ ТЕРАПИЯ шарасы өтті. Бұл шараның мақсаты – күнделікті күйбең тіршіліктен аздап тысқары шығып, шығармашылықпен өз ішкі әлемімізге үңілу болды. Әрбір қатысушы өз сезімдерін сурет немесе қолөнер арқылы бейнелеп, шығармашылық энергиясымен толығып қайтты.  Алдағы уақытта да осындай тағылымды шараларды өткізіп, бір-бірімізді қолдап, бірге дамуға шақырамыз!
ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ
21
ноябрь
2024
ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ
 Жаңа жетістік!  2024 жылдың 21 қарашасында лицейіміздің оқушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңіне қатысып, өз білімдері мен ізденістерін жоғары деңгейде көрсетті! 14 жоба ұсынылып, үлкен еңбек пен талпыныс нәтижесінде  8 жобамыз жүлделі  орынға ие болды: 1 орын - 4 жоба 2 орын - 3 жоба 3 орын - 1 жоба Білімге деген құштарлық пен еңбектің жемісі сіздерсіздер! Әр жетістіктеріңіз біз үшін мақтаныш. Келесі  республикалық іріктеу
ЛИНГВИСТИКА
20
ноябрь
2024
ЛИНГВИСТИКА
2024 жылдың 20 қарашасында 8-11 сынып оқушыларына арналған лингвистикадан республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Аталмыш олимпиадаға біздің оқушыларымыз да қатысып, жүлделі орындарды иеленді: Болатов Алихан - 2 орын Тлеубеков Мансұр - 3 орын Ержанұлы Естай - 3 орын Олимпиада жүлдегерлерін құттықтаймыз! Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!
АУЫЛ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІНЕ  ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ
13
ноябрь
2024
АУЫЛ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІНЕ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ
Лицейімізде ШҚО бойынша Ауыл олимпиадасының республикалық кезеңіне өткен ауыл мектептерінің оқушыларына арналған химия, биология, математика, информатика, география пәндерінен   оқу-жаттығу жиынында біздің Тәлімгер оқушылар өз тәжірибесімен бөлісуде.
"ЗЕРДЕ" ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ
12
ноябрь
2024
"ЗЕРДЕ" ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ
 2024 жылдың 12 қарашасында 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. 400-ден астам жас зерттеушілер арасынан топ жарып шығып жүлделі орындарды иеленген оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз! 1 орын- 1 жоба 2 орын- 1 жоба 3 орын- 2 жоба