ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ АПТАЛЫҒЫ » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ АПТАЛЫҒЫ
09
декабрь
2024

ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ АПТАЛЫҒЫ







Мақсаты: Оқушылардың бойында туған жердің тарихын құрметтеп, табиғатын аялау дағдысын қалыптастыра отырып, өткен тарихы туралы ақпараттармен таныстыру, тарих және география пәндерінің маңыздылығын ұғындыра білу, олардың салыстырмалы түрде ойлау, ой түйіндеу, өзіндік пікір қалыптастыру қабілеттерін дамыту. ОқушыларҚазақстан Республикасының Тәуелсіз ел ретінде жеткен жетістіктерін талдайды, баға береді, өз бойларында Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлтжандылықты, өзге ұлттарға деген құрметті қалыптастырады. Әр елдің географиялық тұрғыдан орналасуы, ерекшелігі, қазіргі уақыттағы дамуы туралы біледі.

Апталық аясында 2024-2025 оқу жылындағы атаулы даталарға арналған қабырға газеттері (7-10 сыныптар) шығарылды. Пән мұғалімдері ашық сабақтар берді. Атап айтқанда, Камбасова  М.М. 10«А» сыныбымен «Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері» тақырыбында ағылшын тілімен кіріктірілген сабақ өткізсе, Анапиев С.К. – 8«А» сыныбымен «Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы» тақырыбында, Сейітдәулет А.М. 7«А» сыныбымен «Дүниежүзілік мухиттың геогафиялық жағдайы» тақырыбында ашық сабақтар берді. Сол сияқты, тарих және география пәндері ұстаздарының ұйымдастыруымен жоспар бойынша сыныптан тыс шаралар өтті. 7-10 сыныптар арасында 11 сыныптардың ат салысуымен зияткерлік сайыстар «Жүзден - жүйрік, мыңнан - тұлпар» (пән мұғалімі Камбасова М.М.),  «Қызықты география» (пән мұғалімі Сейітдәулет А.М.) ұйымдастырылды. Сонымен қатар, облыстық өлкетану мұражайына саяхат жасаған 8 сынып оқушылары өлкеміздің тарихи жәдігерлерімен танысып қайтты (пән мұғалімі Анапиев С.К.).

13 желтоқсан күні апталықтың қорытындысы ретінде лицейіміздің тәрбие бөлімімен бірлесе отырып, «Мәңгілік ел-Мәңгілік тарих» тарихи-танымдық кеші ұйымдастырылды. Ел Тәуелсіздігінің 33 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл шарада 7-10 сыныптарға белгілі бір тарихи кезеңдер бойнша тақырыптар бөлініп берілді. Мысалы: 

7А- Жоңғар шапқыншылығы кезеңі;

7Б-Ресей бодандығы кезеңі; 
 8А- Моңғол шапқыншылығы кезеңі, 

8Б- Қазақ хандығының құрылуы/кезеңі; 
 9А- Ерте тайпалар кезеңі;
 9Б- Түркі кезеңі; 
 10Б- ХХ ғасырдың 1 жартысыындағы тарихи оқиғаларды сипаттау; 

10А-ХХ ғасырдың 2 жартысы, яғни, 1950 ден -қазіргі кезеңге дейінгі аралықты бейнелейтін көріністер көрсетіп, патриоттық тақырыптағы ән орындау керек болды. Барлық сыныптар өздерінің тәрибешілері, сынып жетекшілері, ата-аналарының қолдауымен өте жоғары деңгейде дайындық жасады. Нәтижесінде лайықты жүлделі орындарымен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.