2020–2021 оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінің қорытынды талдау-сараптамасы » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2020–2021 оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінің қорытынды талдау-сараптамасы
21
июнь
2021

2020–2021 оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінің қорытынды талдау-сараптамасы

          2020–2021  оқу жылындағы оқу-тәрбие  үрдісінің   қорытынды талдау-сараптамасы


Мектеп 2020-2021 оқу жылында төмендегідей міндеттерді алды:

  1. Қазақстан Республикасының        білімді дамыту стратегиясы негізінде дарынды балаларды  оқумен толық  қамтамасыз ету, орта білімді ақпараттандырудың бағдарламасын        орындау; 
  2. Пәндердің берілуінде мемлекеттік білім стандартын жүзеге асырып,  оқытудың ғылыми-әдістемелік жүйесін жетілдіру;
  3. Оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттандыру арқылы жаңа технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру;
  4. Мектептің әлеуметтік мүмкіндіктерін ашу, мектеп ұжымы жұмысын үнемі талдау арқылы оның жақсаруына қолдау көрсету;
  5. Әр оқушыны жеке тұлға, өз Отанының шынайы патриот, әрі ел сенетін азаматы етіп тәрбиелеу;
  6. Мектептің оқу-материалдық базасын толықтырып, нығайту.


Жылдық жоспардың жобалық құрылымы:

  1. 2020-2021 оқу жылындағы оқу – тәрбие        үрдісінің  қорытынды талдау-сараптамасы.
  2. Жаңа оқу жылына қойылатын мақсат, міндеттер.
  3. Схемалар, графиктер, гистограммалар.


1.1. Жалпыға бірдей білім беру

2020-2021 оқу жылындағы лицей жұмысында Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, ҚР «Білім туралы» Заңы, ҚР-ның білімді дамыту стратегиясы негізінде дарынды балаларды оқумен қамтамасыз етуге нақты шаралар белгіленіп, жүзеге асырылды.

Лицейде  арнайы емтихандар негізінде қабылданған 216 оқушы білім алып, оқу жылын 214 оқушы аяқтады.

Биылғы оқу жылы ерекше болды. COVID-19 вирустық ауруының таралуына байланысты, 1 және 2 тоқсан толықтай ОНЛАЙН форматта өткізілсе, 3 және 4 тоқсанда бітіруші сынып болып есептелетін 9-11 сыныптар ғана штаттық режимде оқуын жалғастырды. Қалған 7, 8, 10-сыныптар ОНЛАЙН форматта жалғастырды. Онлайн оқыту кезінде лицей мұғалімдері EDU PAGE платформасы арқылы тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белсенді сабақтарын өткізді. Лицей әкімшілігі жан-жақтан (аудан, қала мектептері) келген оқушылардың білім алу, жатақханада тұруы сияқты мәселелеріне әрдайым баса көңіл бөліп, бақылауда ұстап отырды.

Оқушылар жыл көлемінде күніне 6 уақыт тамақтандырылды. Оның үшеуі ыстық тамақ болса, үшеуі жеңіл ас болды. Мектептегі тамақтың жайы, аз мәзірінің әр түрлілігі, сондай-ақ оқушылардың мектептегі көңіл-күйі, тәрбиелік шаралардың берері сынды сауалнамалар арқылы арнайы мамандар тарапынан жыл көлемінде мониторинг жасалынып тұрды.

Жоспарда көрсетілген іс-шаралардың біразы ОНЛАЙН оқығандықтан жүзеге аспады, көпшілігі ZOOM бағдарламасы арқылы уақытымен өткізіліп отырды. Ата-анамен жұмыс, әдістемелік көмек, тәжірибе алмасулардың барлығы ОНЛАЙН форматта өткізіліп отырды. 


1.2.  Оқу жоспарын сараптау

ШҚО білім басқармасының «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ-нің (ары қарай – лицей) 2021-2022 оқу жылына арналған оқу жоспары келесі нормативтік құжаттар негізінде дайындалған: 

  • «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы  2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен 2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрық);
  •  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2021 жылғы 20 тамыздағы № 415 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
  •  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 3 сәуірдегі № 352 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
  • «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы (өзгерістермен және толықтыруларымен 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496с бұйрық);
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрықпен «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндері бойынша негізгі орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары (2020 жылғы 21 сәуірдегі №154 «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша енгізілген өзгерістермен»);
  • «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрығы); 
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары(2020 жылғы 24 маусымдағы № 264 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
  • «Типтік үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы  № 595 бұйрығы;

         –   «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2019   жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы.

Лицейдің оқу жоспары 5 жылға негізделген (7-сыныптан 11-сыныпқа дейін).

Лицейде оқу төрт тілде: қазақ, ағылшын, орыс, түрік тілдерінде жүргізіледі. «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Құқық негіздері», «География», «Көркем еңбек», «Өзін-өзі тану», 10-11 сыныптарда «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәндері қазақ тілінде, «Орыс тілі мен әдебиеті» орыс тілінде, «Ағылшын тілі», «Алгебра», «Геометрия», «Информатика», «Физика», «Биология», «Химия», «Алгебра және анализ бастамалары» ағылшын тілінде, екінші шетел тілі ретінде оқытылатын «Түрік тілі» түрік тілінде жүргізіледі.

Лицейдің оқу жоспарының құрылымында мыналар белгіленген:

  1. Лицейдегі базалық білім мазмұнының өзегін көрсететін инварианттық оқу жүктемесі.
  2. Білім алушылардың мүдделігі мен қабілеттеріне сәйкес олардың жеке тұлғасын дамытуға бағытталған вариативтік оқу жүктемесі. Білім беру салаларында белгіленген пәндерді оқытуға (соның ішінде тереңдетіп оқытуға), жаңа оқу курстарын, факультативтерін енгізуге, дара және топтық сабақтар жүргізуге пайдаланылады.

Лицейде 7-11 сыныптарда үйірмелерді, студияларды, ғылыми қоғамдарды және басқаларды ұйымдастыру үшін әр сыныпқа 4 сағат бөлінді. 

Лицейдің мүмкіншілігіне қарай, келісім-шарт негізінде жоғары санатты мамандармен жекелеген курстар мен дәрістерді ұйымдастыру үшін жылына 1500 сағат бөлінеді.


Негізгі саты (7-9 сыныптар) 

         Негізгі сатыдағы білім мазмұны негізінен аяқталған болып саналады және оқушылардың әрі қарай білім берудің одан арғы бейінін таңдауға кәсіптік бағдарын айқындауға дайындау үшін жағдай жасалынады.

      Негізгі сатының жоспары «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 415 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларынын № 22-23 қосымшаларының  негізінде жасалған.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (2020 жылғы 5 мамырдағы №182 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген)  негізінде орыс тілі, ағылшын тілі, дене шынықтыру пәндері 2 топқа бөлініп оқытылады.

  Негізгі саты шартты түрде екі сатыға бөлінеді: негізгі орын алатын
 7-сыныптар және 8-9 сыныптар (бейін алдындағы сыныптар). 7-сыныптан бастап оқытудың мақсаты: бұл уақытқа дейін оқушылар «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлерінің оқу жоспарын меңгеруге даярлық білім негізін меңгереді. Лицей оқушылары лицей ерекшелігіне сай ағылшын тілін және түрік тілін игерулері қажет. Оқушылар бұл тілдерді үйрену арқылы ғылым негіздерін көп тілде қабылдай алады. Осыған орай 7-сыныптың оқу жоспары өзгеше. 7-сыныпта І жартыжылдықта физика, биология, химия пәндері оқытылмайды. Бұл пәндер ІІ жартыжылдықтан бастап, ағылшын тілінде оқытылады. 

Ағылшын тілі А0 деңгейінен бастап, аптасына 9 сағаттан оқытылып, 16 аптада жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуға байланысты Cambridge университеті ұсынған межеге сай қажетті тілдік деңгейде меңгерген оқушылар жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқи алады. 

Вариативтік бөліктегі элективті курсқа берілген 5,5 сағаттың 4 сағаты екінші шетел тілі ретінде оқытылатын «Түрік тіліне» беріледі де, «Қызықты география» таңдау курсы І жартыжылдықта 1 сағаттан оқытылып, ІІ жартыжылдықта оқытылмайды. 1 сағаты «Қазақ елінің тарихы» (ХҮІІІ-ХХғғ аралығы) курсына берілді. 

8 сыныптарда ағылшын тілі А2 деңгейден бастап В1 деңгейін менгеру үшін аптасына 8 сағат оқытылады. 

8-9-сыныптарда бір жағынан негізгі мектептің базалық пәндерінен жалпы білім беру дайындығы аяқталады, екінші жағынан жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушылардың бейіндік оқыту қырын саналы түрде анықтауға мүмкіншілік жасайды. Сондықтан 8-9-сыныптарда ағылшын тілімен қатар жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді кеңейтіп және тереңдетіп оқыту жүзеге асырылады. Осы мақсатта 8-9-сыныптарға инварианттық бөліктегі мамандандырылған компонент есебінен 1 сағат ағылшын тіліне, 1 сағат алгебраға, 1 сағат биологияға, 1 сағат физикаға, 1 сағат химияға беріледі.

Вариативтік бөліктегі элективті курстарға 8-сыныптарға 6 сағаттың  4 сағаты екінші шетел тілі ретінде оқытылатын «Түрік тіліне» беріледі де, 1 сағаты «English grammar, easy to understand» курсына берілсе, 1 сағаты «Қазақ елінің тарихы» (1900-1945 жж аралығы) курсына берілді. 

Вариативтік бөліктегі элективті курстарға 9-сыныптарға 7 сағаттың  3 сағаты екінші шетел тілі ретінде оқытылатын «Түрік тіліне» беріледі де, 1 сағаты «Gaining proficiency» курсына берілсе, 1 сағаты «Әлемдік география» курсына берілді, 1 сағаты «Бағдарламалау» курсына берілді, 1 сағаты «Қазақ елінің тарихы» (1945 жылдан қазіргі уақытқа дейін) курсына берілді. 

«Жол жүру ережелері» кіріктірілген оқу бағдарламасы сынып сағаттарының есебінен және сабақтан тыс уақытта жүргізіледі де, тақырыбы мен мерзімі сынып журналының жеке бетіне жазылады. 

 7-8-сыныптар – әр сыныпта 10 сағаттан өткізіледі.

  «Өмір қауіпсіздігінің негіздерін» кіріктірілген оқу бағдарламасы міндетті түрде оқыту қамтамасыз етілуі тиіс, бұл ретте білім алушылардың төтенше жағдайларда (өрт, жер сілкінісі және т.б) практикалық дағдыларының қалыптасуына ерекше назар аударылуы тиіс.

Осыған байланысты   «Өмір қауіпсіздігінің негіздері»    курсын оқыту:

 – 7-9-сыныптарда – «Дене шынықтыру» пәні аясында 15 сағат;

 –11-сыныптарда «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу курсының аясында 16 сағат жүзеге асырылады. 

2021-2022 оқу жылында лицейлердің дайындығына (кадрлық, ресурстық және т.б.) байланысты вариативтік компонент сағаттарының есебінен «Жаһандық құзыреттіліктер» курсын таңдауға немесе басқа да элективті курстарды өткізуге болады. Аталған курс білім алушылардың 21 ғасыр дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. «Жаhандық құзыреттіліктер» курсына:

 - 7-сыныпта «Эмоционалды интеллект және сыни ойлау» (аптасына 1 сағат); 

- 8-сыныпта «Медиасауаттылық» (аптасына 1 сағат); 

- 9-сыныпта «Зайырлылық және дінтану негіздері» (аптасына 1 сағат) берілді. 

Толығымен алғанда, негізгі орта білім беру сатысы күрделі танымдық процестерге өту үшін арнайы бейім мен дағдыны қалыптастыратын білім мазмұнын байыту және жеделдету стратегиясына бағытталған базалық білім беруді; жалпы дамуды және арнайы курстарды таңдауды, білім алушылардың жеке оқу бағдарламасын құру үшін мүмкіндіктер жасауды, білім беру саласына сәйкес ерте бейіндендіруді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.


Жоғарғы саты (10-11 сыныптар)

Жоғарғы сатының жоспары «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы  № 415 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының №18-19 қосымшаларының негізінде   жасалған.

Жоғарғы сатыда вариативтік бөлік «Жаһандық құзіреттіліктер» курстары мен элективті курстардан тұрады. Бейіндік пәндер мен элективті курстарды таңдаған бағыттары бойынша тереңдетіп оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Вариативтік компоненттің көбейуі лицейдің бейіндік оқытуды вариативтендіруге мүмкіндік береді. Таңдау бойынша пәндер блогі білім алушыларға таңдаған бағыттары бойынша тереңдетіп оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды.

Лицейдің бағыты мен ерекшелігіне байланысты жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің толық ағылшын тілінде жүргізілетінін ескере отырып, білім алушылардың таңдау пәндерін тереңдету және кеңейту мақсатында инварианттық бөліктегі мамандандырылған компонент есебінен 1 сағаттан «Ағылшын тіліне», 1 сағаттан «Алгебра және анализ бастамаларына» берілсе, тереңдетілген деңгей пәндері 1 сағаттан «Химия», «Биология» пәндеріне беріледі. 

2021-2022 оқу жылында лицейлердің вариативтік компонент сағаттарының есебінен «Жаhандық құзыреттіліктер» бойынша «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» курсы 1 сағаттан беріледі. Аталған курс білім алушылардың 21 ғасыр дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.

10-сынып вариативтік бөліктегі таңдау курстары есебінен түрік тіліне 2 сағаттан, «Forming speaking skills»  курсына 1 сағаттан, қазақ тілінен оқу сауаттылығын арттыру мақсатында «Көркем мәтін және эссе жазу теориясы» атты элективті курсқа 1 сағаттан беріледі. 

10-сыныптардың элективті курстары 1 сағаттан «ART-дизайн-ға» (шығармашылық ізденістерін жетілдіру мақсатында), халықаралық деңгейде ағылшын тілінен тест тапсыру дағдысын қалыптастыру мақсатында «Preparation for the International Tests» курсына 2 сағаттан, «Логикалық есептерге критикалық талдау» атты курсқа 1 сағаттан,  «Робототехника» курсына 1 сағаттан беріледі.

11-сынып вариативтік бөліктегі таңдау курстары есебінен түрік тіліне 1 сағаттан, қазақ тілінен оқу сауаттылығын арттыру мақсатында «Көркем мәтін және эссе жазу теориясы» атты элективті курсқа 1 сағаттан беріледі. Оқу материалдарының көптігін және білім алушылардың қорытынды аттестаттау мен Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде емтихан тапсыратынын ескере отырып, «Тарихтағы цифрлар» курсына 2 сағаттан, «Математикалық сауаттылық» курсына 1 сағаттан, «Физикадан күрделі есептер шағару» курсына 2 сағаттан, «IELTS емтиханына дайындық»2 сағаттан беріледі. 

«Өмір қауіпсіздігінің негіздерін» кіріктірілген оқу бағдарламасы міндетті түрде оқыту қамтамасыз етілуі тиіс, бұл ретте білім алушылардың төтенше жағдайларда (өрт, жер сілкінісі және т.б) практикалық дағдыларының қалыптасуына ерекше назар аударылуы тиіс.

Осыған байланысты «Өмір қауіпсіздігінің негіздері»   курсын оқыту 10-11 - сыныптарда «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу курсының аясында 16 сағат жүзеге асырылады. 

Білім алушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқып-үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық-қорғаныс сауықтыру лагерлерінде, әскери бөлім базаларында (әскери бөлім басшылығымен келісе отырып) 10-сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бес күндік оқу-далалық (лагерьлік) жиыны өткізіледі.

«Шығармашылық пен зерттеушілік қызметінің негіздері» блогында оқушының шығармашылық және зерттеушілік қызметін дамыту бойынша сабақтан тыс жұмыстарға әр сыныптарға 4 сағат бөлінген. Бұл сағаттар үйірмелер, факультатив және басқаларды ұйымдастыру   үшін бөлінді.

Лицей бойынша шарт негізінде жоғары санатты мамандармен жекелеген курстар мен дәрістерді ұйымдастыру үшін жылына 1500 сағат бөлінеді. Ол сағаттар мектеп бағытына сай жаратылыстану-математикалық бағыттардағы кейбір пәндерге тереңдету және зертханалық жұмыс ұйымдастыру  үшін 7-11 сыныптарға апталық жүктеме 44,1 сағат беріледі.

2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың еркешеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хатқа сай орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын сыныптар үшін), ағылшын тілі және дене шынықтыру пәндері 7-сыныптарда 24 оқушы болуына байланысты 2 топқа бөлінді.

Жыл көлемінде оқу жоспарының орындалуы, бағдарламаға сәйкес  зертханалық және сарамандық жұмыстардың жүргізілуі химия, биология, география, физика, информатика пәндері бойынша мектепішілік бақылауда болды. Бірақ бұл жұмыстар теориялық түрде өткізілді. Жыл көлемінде оқу жоспарының орындалуы, жоспарланған жұмыс түрлері толығымен Мемлекеттік білім стандарты  талабын орындауға бағытталды.

2018 - 2021 оқу жылдарындағы  Мектеп өсуінің статистикалық көрсеткіші 


Тақырыбы

2018-2019

2019-2020

2020-2021

1

Сыныптар саны

10

10

10

2

Жыл басындағы оқушылар саны

208

220

216

3

Жыл соңындағы оқушылар саны

206

211

214

4

Сыныптардағы орта толым

22

22

22

5

Орта мектеп оқушылары

135

136

134

6

Жоғары сынып оқушылары

73

69

82

7

Үздіктер 

39

35

38

8

Екпінділер 

120

136

140

  1. 9

Білім сапасы

77.2%

 83,4%

83,2%

10

Үлгірім сапасы

100%

100%

100%

11

Екінші жылға қалғандар

-

-

-

        1.3.   Бағдарлы  оқыту

    Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ҚР жалпы орта білім берудің мақсаты – бейіндік оқытуды іске асыру, білім алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық, тұлғалық өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді құзыреттіліктерді игеруін қамтамасыз ету және даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Қазіргі таңда біздің еліміздің ғалымдары алдында білім беру сапасын жоғарылату, яғни даму жолын қайтадан қарастыру міндеті тұр. Сонымен қоса, егеменді Қазақстанның дүниежүзілік білім беру кеңістігіне ену үрдісінде оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру бағытына байланысты мұғалімдердің кәсіби дайындығына деген талап арта түсуде. Мұның барлығы оқыту мақсатын оқушылардың мүмкіндіктері мен тілектеріне және қоғамның әлеуметтік, саяси-экономикалық сұранысын қанағаттандыруға сәйкестендіруден шығып отыр. 

Бейіндік оқыту жалпы білім берудің  жоғарғы сатысындағы оқушылардың дара білім алу бағыттарын жүзеге асырудың негізгі тәсілі ретінде қарастырады. Біздің мектепте жаратылыстану-математикалық бағытындағы бейінді оқыту алдыңғы орынға қойылған. Осы мақсаттағы жұмыстарды жүргізу барысында келесі Нормативті құжаттар басшылыққа  алынды:

  • ҚР-ның Білім туралы заңы
  • ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты.  
  • ҚР-да бағдарлы оқытуды ұйымдастыру туралы ереже;

Мектеп ұстаздары бағдарлы оқыту барысында төмендегі жұмыстарды  жасап отырды: 

  • Жоғарғы сынып оқушыларының тұлғалық мүмкіндіктеріне қарай оқыту мазмұнын саралау;
  • Оқыту процесін әр оқушының икемдігі мен қажеттілігіне қарай ұйымдастыру;
  • Оқушылардың әлеуметтенуіне мүмкіндік жасау;
  • Мектеп түлектерінің жоғарғы кәсіптік оқу орындарының бағдарламасын игерулері үшін олардың өз бетімен білім алуына  жағдай жасау;

Мақсаты: Ақпаратты жинақтау мен талдаудың тәжірибелік дағдыларын, жеке таңдау мен оқушылардың өзін-өзі ұйымдастыратын, олардың кәсіби бағдарының қалануына септігін тигізетін оқытудың әдістері мен технологияларын қолдану. Тұлғаны болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыттау

Міндеттері:  

-Педагогикалық ұжымның бағдарлы оқытуға байланысты ақпараттық технологияларды енгізуді және оларды жоспарлауын ұйымдастыру;

  • Оқушылардың кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауға жол сілтеу;

-Икемділігіне қарай мамандық таңдауға бағыт беру.

2020-2021 оқу жылында мектеп ұстаздары ата-аналар қауымдастығы, мектептен тыс ұйымдармен бірлескен түрде жұмыс атқарып, оқушылардың бейінді және бейіналды білім алуына мүмкіндік жасады.  Олар өз жұмысы  барысында төмендегі принциптерді қолға алды.

  1. Жалпы білім берудегі жеке пәндердің бағдарламасын тереңдетіп оқыту;
  2. Қосымша білім беруді сатылы түрде меңгерту бағдарламасын қамтамасыз ету;
  3. Жеке дара бейініне және қажеттілігіне қарай білім берудің әр түрлі деңгейде жүргізілу  жүйесін қалыптастыру.

Бағдарлы оқыту – бұл жалпы білім беретін мектептің жоғарғы буында оқытуды даралауға, оқушыны әлеуметтендіруге, сонымен бірге мектептің жоғарғы сатысы мен орта және жоғарғы кәсіби білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі. Оқушының типологиясына қарай отырып, сынып жетекшісімен бірлесе отырып зерттелген оқушыға болашақта қандай мамандықтың   иесі болуы мүмкін екені айтылды. Яғни, икемділігіне қарай оқушының мамандық таңдауға бағыт беру – бастапқы міндет. 

Бағдарлы оқыту оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге және олардың қабілетін дамытуға   мүмкіндік беретін оқыту процесін саралау мен даралау құралы болып табылады.

Соған сәйкес:

  • Жалпы орта білім бағдарламасының жеке пәндердің тереңдете оқытуды жүзеге асырады.
  • Білім мазмұнын саралауға   және әр оқушының жеке білімдік траекториясын құруға жағдай жасайды.
  • Жалпы орта және кәсіби білім арасындағы сабақтастықты, бағдарлы сынып оқушыларын жоғарғы оқу орнында білімін жалғастыруға дайындауды қамтамасыз етеді. 

9- сынып оқушыларының жоғарғы сатыда оқитын бағдарлы сыныбын анықтау

Сыныбы

оқушы саны

10 сыныпта оқитын оқушы саны

9 сыныптан кейін мектепте оқуын жалғастырмайтын  оқушы саны

Жаратылыстану - математикалық бағыт

24

24

0

24

19

19

0

19

Барлығы

43

43

0

43


Қолданбалы курстар оқушылардың сұранысы мен олардың мүмкіндіктеріне, ата-анасының қатысымен   таңдалып алынған болашақ ҰБТ-дағы таңдау пәніне, бағдар пәндерін оқытатын мұғалімдердің  пікірлері мен  әдістемелік бірлестіктердің  ұсыныстарына, болжау мәліметтеріне, тестілеу нәтижелеріне қарай ескеріле отырып берілді. Ол оқушылардың негізгі назарын болашақ кәсіби  білімінің таңдалып алынған бағдарының негізін құрайтын пәндерді оқуға мүмкіндік берді.

Бағдарлы оқытудың негізгі мақсаттарының бірі жалпы орта білім беру бағдарламаларындағы жеке пәндерді тереңдетіп оқыту іске асырылды. Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың осы үлгісін енгізу мектепте нақты бағдарға бағытталады және сонымен қатар оқушыларға белгілі бір бағдарлы пәндердің, қолданбалы немесе таңдау курстарының  санын елеулі арттыру есебінен өздерінен жеке бағдарлы білім беру бағдарламаларын толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік берді.


1.4. 2020 -2021 оқу жылының жалпы қорытындысы


  1. 2020-2021 оқу жылындағы оқушылардың жылдық білім сапа көрсеткіштері                             

2020- 2021 оқу жылын  елдегі пандемияға байланысты 216 оқушы онлайн форматта оқуды  бастаса, жыл соңын  214 оқушы оның ішінде онлайн форматта 134 оқушы,  3 және 4 тоқсанда 80 оқушы (9,11 сыныптар) оффлайн форматты аяқтады. 2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 83,4% болса, аралас форматта оқу жылында 83,6 % болып, 0,2% -ға азайғаны байқалады. Ескеретін жағдай оқу форматының өзреуі және де кейбір сыныптардың пандемияға байланысты онлайн форматқа оқуға көшуі білім сапасының түсуіне кедергі келтірді.   Мектепті аяқтаған 214  оқушының 38-і «5»-ке аяқтады. Ол жалпы білім сапасының 17,53%-ын құрайды. 2020-2021 оқу жылындағы білім сапасы мен үлгерім сапасының жалпы көрсеткішін және соңғы үш жылдағы мектеп түлектері жайлы мәліметті төмендегі кестелерден көруге болады: 




Білім сапасының мониторингісі

Оқу жылдары

Білім сапасы

2018-2019

83,5

2019-2020

83,4

2020 -2021

83,6



















1.4.2. 2020-2021 оқу жылындағы мемлекеттік емтихан қорытындысы және 11 сыныптарды қорытынды аттестаттау

«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларына 2021 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) енгізілген өзгерістерге байланысты қорытынды аттестациялауды 9 және 11 - сыныптардың білім алушыларды  карантиндік қатаң талаптарға сай оффлай форматта өткізілді.

       Негізгі орта мектепті барлығы 43 оқушы аяқтады.  43 оқушы ҚР Білім және ғылым министрлігінің  «Оқу жылын аяқтау және жалпы білім беретін оқу орындарының білім алушыларының қорытынды аттестаттауын өткізу туралы» №125 бұйрығына  сай барлығы да емтиханға жіберілді. Олар  үш міндетті пәннен ( қазақ тілі, орыс тілі, математика,) және екі таңдау пәнінен (Қазақстан тарихы, ағылшын тілі) емтихан тапсырды. Олардың жалпы көрсеткіші төменде берілген:


Қазақ тілінен 9 - сыныптардан алынған аралық және қорытынды аттестаттауқорытындысы 

Сын.

Тізім бойынша

жазған

Бақылау/диктант

Жыл-дық

Қоры-

тынды

«5»

«4»

«3»

«2»

сапа

үлг

9 «А»

24

24

14

8

2

-

91,66%

100

100%

100%

9 «Б»

19

19

8

10

1

-

84,21

100

94,74

94,74%

барлығы

43

43

22

18

3

-


87,93

100

97,37

97,37

Қазақ тілінен  9 «А» мен 9 «Б» сыныптарының жылдық көрсеткіші 97,37 %    пайызды көрсетіп,   аралық және қорытынды аттестаттау  қорытындысы 87,93%-ды құрады.


Математикадан  9- сыныптардан алынған аралық және қорытынды аттестаттауқорытындысы

Сын.

Тізім бойынша

Жазған

Бақылау

Жыл-дық

Қоры-тынды

«5»

«4»

«3»

«2»

сапа

Үлг

9 «А»

24

24

9

10

5

-

79,16%

100

100%

98,83%

9 «Б»

19

19

4

5

10

-

47,36%

100

99,94%

78,94

барлығы

43

    43

13

15

15

-


65,11%

100

99,97%

88,88%

Математикадан   9 «А» және 9 «Б» сыныптарының жылдық көрсеткіші 99,97% пайызды көрсеткенмен,   емтиханның  көрсеткіші  65,11%   пайызды құрайды 


Орыс тілінен    9 -   сыныптардан алынған аралық және қорытынды аттестаттауқорытындысы 

Сын.

Тізім бойынша

жазған


Жыл-дық

Қорытын ды

«5»

«4»

«3»

«2»

сапа

Үлг

9 «А»

24

24

20

4

0

-

100

100

100

100

9 «Б»

19

19

9

9

1

-

94,73

100

100

100

барлығы

43

43

29

13

1

-

97,65

100

100

100

        Ал енді орыс тіліне келсек,  жылдық нәтиже  100% болатын болса,  екі сыныптың қорытынды  көрсеткіші   аралық және қорытынды аттестаттау кезінде  97,65 %. 


Сын.

Тізім бойынша

жазған

Бақылау/диктант

Жыл-дық

Қорытын ды

«5»

«4»

«3»

«2»

сапа

Үлг

Қазақ тілі

43

43

22

18

3

-


87,93

100

97,37

97,37

Математика

43

    43

13

15

15

-


65,11

100

99,97

88,88

Орыс тілі және әдебиеті

43

43

29

13

1

-

97,65

100

100

100


Жалпы қорытынды:

  1. 9-сыныпты бітірген 43  оқушының жылдық қорытындыдағы білім сапасы 98,97% болса, мемлекеттік емтиханнан кейінгі қорытындысы 98,68%  құрайды;
  2. Жылдық қорытындыда 10 оқушы үздік куәлікке, 17 оқушы жақсыға аяқтады.
  3. Мемлекеттік емтихан барысында  аралық және қорытынды аттестаттаукөрсеткіштерін салыстырғанда математика пәні бойынша сапаның төмендеу жағдайы байқалды.

Сондықтан да келесі жылғы мектепішілік бақылауда осы пәндердің оқытылуы  басты назарда болмақ.

 2020-2021 оқу жылында 11-сыныптардан аралық және қорытынды аттестаттауқорытындылары

Жалпы  орта мектепті барлығы 37 оқушы аяқтады. Оның 36-і мемлекеттік емтихандарды тапсырып, 1 оқушы денсаулық жағдайына байланысты қорытынды аттестаттаудан Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының 18.05.2021 жылғы №210 бұйырық негізінде Бертыс Али босатылды.  35 түлек   ҰБТ тапсырса, 2 оқушы өз еркімен ҰБТ тапсырудан бас тартты. Олар міндетті төрт пәннен ( қазақ тілі, орыс тілі, математика, Қазақстан тарихы) және   екі  таңдау пәндерінен аралық және қорытынды аттестаттау тапсырды. Жалпы көрсеткіші төменде берілген:


11 «А» сынып бойынша аралық және қорытынды аттестаттауқорытындысы

Пән 

жазған

Бақылау/тест/эссе

Жыл-дық 

Қорытынды

«5»

«4»

«3»

«2»

сапа

Үлг

Қазақ тілі

16

6

10

0

0

100

100

100

100

Қазақ әдебиеті

16

7

9

0

0

100

100

100

100

Алгебра және анализ бастамалары

16

6

10

0

-


100

100

100

Қазақстан тарихы

16

3

13

100

-

100

100

100

100

Орыс тілі

16

8

8

0

0

100

100

100

100




11 «Б» сынып бойынша аралық және қорытынды аттестаттауқорытындысы

Пән 

жазған

Бақылау/тест/эссе

Жыл-дық 

Қорытынды

«5»

«4»

«3»

«2»

сапа

Үлг

Қазақ тілі

20

3

17

0

0

100

100

100

100

Қазақ әдебиеті

20

5

14

1

0

95

100

100

100

Алгебра және анализ бастамалары

20

1

10

8

0

60

100

85

85

Қазақстан тарихы

20

6

7

7

0

65

100

100

100

Орыс тілі және әдебиеті

20

8

12

0

0

100

100

100

100


Жалпы қорытынды:

  1. 11-сынып бойынша аралық және қорытынды аттестаттау тапсырған 36  оқушының жылдық қорытындыдағы білім сапасы 925,5% болса, аралық және қорытынды аттестаттаудан  кейінгі қорытындысы 92%  құрайды;
  2. Қорытынды мемлекеттік аттестация бойынша «Алтын белгі» үміткер 2 оқушы атап айтқанда 11 Б сынып оқушылары Қазыбекұлы Н, Дүтпаев Н алгебра және анализ бастамалары пәнінен жылдық «5» бағасын ақтай алмады. Негіздеме ШҚО Өскемен қаласының естихан жұмыстарын тексеру қорытындысының хаттамасы 06.06.2021ж.  «Алтын белгі» ақтаған 11 А сынып оқушылары Умурбек И, Ерасылұлы А. , 3 оқушы «үздік»аттестат иегері болса, 26 оқушы жақсыға, 6 оқушы қанағаттанарлық бағасымен аяқтап, жалпы білім беру туралы аттестат табысталды..


Жалпы қорытынды:

  1. 9-сыныпты бітірген 43  оқушы аяқтады, білім сапасы  9 А сыныбы – 95,83% болса, 9 Б сыныбы –73,68% көрсетті.
  2. Жылдық қорытындысы бойынша 10 оқушы Негізгі орта білім туралы «Үздік» аттестатқа ие болса, 33 оқушыға Негізгі орта білім туралы аттестат тапсырылды.


1.4.3. Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысына сараптама

№6 педагогикалық кеңестің шешімі бойынша «Алтын белгіге» игерелері  11 «А» сынып   оқушылары: Умурбек И, Ерасылұлы А. Аралық және қорытынды аттесттау қорытындыс бойынша өз білімдерін дәлелдеі. «Алтын белгі» белгісін ақтай алмаған 11 Б сынып оқушылары Қазбекұлы Н пен Дүтпаев Н «Үздік» аттестатқа ие болды. Сонымен қатар 10 және 11 сыныпта оқуды үздік бітіргені үшін Аманжол Әлинұрға «Үздік» аттестат табысталды. ҰБТ-ті ұйымдастыру және дайындалу жұмыстары қыркүйек айынан басталды. ҰБТ-ге жауапты математика пәні мұғалімі Жанарбекұлы Рауан   тағайындалды. Оқушыларға ҰБТ-тің жалпы ережесі, өткізу реті, таңдау пәндерін ата-аналары мен мұғаліммен ақылдаса   отыра анықтау, өтініштерін жазу, қандай құжаттарды жинастыру мәселелері бойынша ҰБТ бойынша жауапты хатшы қызметін атқарушы Айбаева А.Ж.  ( тәрбиеші, техникалық хатшы) әрдайым қажетті ақпараттарды беріп отырды.

Мектеп тарапынан орта білім беру стандартын орындау, оқу бағдарламасының оқу жоспарына сәйкес орындалуын әрбір тарау өткен сайын тест жұмысы алынып, толық талдау жасалып, оқу мониторингісі жасалып, жүйелі жұмыс жүргізілді. 

Әрбір пән мұғалімінің тоқсандық білім сапасы, үлгерімі, бағдарламаның орындалуы жөнінде анализдер жасалып, салыстырмалы мониторингісі шығарылып отырды. 

Жыл көлемінде ҰБТ-ке дайындық арнайы  қосымша сабақ кестесіне сәйкес жүргізіліп отырылды. 

Мектеп түлектері


Мектеп бітіруші оқушылар саны

2018-2019

2019-2020

2020-2021

9-сынып

43

47

43

11-сынып

37

32

37

Грант жеңімпаздары

33

26

30

«Алтын белгі» иегерлері

11

10

2

Негізгі орта мектепті бітіру туралы «Үздік аттестат» иегерлері

8

2

10

Орта мектепті бітіру туралы «Үздік аттестат» иегерлері

7

10

3


Ұлттық бірыңғай тест қорытындысына сараптама           

Көрсеткіштер

2018-2019 оқу жылы 

%

2019-2020 оқу жылы

%

2020 -2021 оқу жылы

%

1.

Түлектер саны

37

32

37

2.

ҰБТ –ке қатысқан оқушылар саны

31

83,78

32

100

35

94,6

3.

ҰБТ –ке қатыспаған оқушылар саны

6

16,21

0

0

2

5,4

Соңғы 3 жылдағы бітірген түлектер, соның ішінде ҰБТ тапсырған оқушылар саны

Оқу жылы

Түлектер саны

ҰБТ –ға қатысқан түлектер саны

Орташа ұпай

2018-2019

37

31

99,8

2019-2020

32

32

87,1

2020-2021 

37

35

101




Ең жоғарғы және ең төменгі  ұпайлар көрсеткіші

Оқу жылы

Ең жоғарғы

Ең төменгі

2018-2019

129

44

2019-2020

128

41

2020-2021

128

79


Соңғы 3 жылдық көрсеткіште ең жоғарғы ұпай саны бойынша біршама өзгерістер байқалады.   Соңғы 2020-2021 оқу жылындағы ҰБТ қортындысы бойынша жоғары ұпай саны – 128 болса, төменге ұпай саны  - 79 көрсетті.


ҰБТ-дің қорытындысы бойынша түлектердің ЖОО-на орналасуы

11 «А» сынып


Аты-жөні

Қала

Университет

Факультет мамандығы

Грант/ақылы



1

АкудашевӘлішер

Алматы

Алматы МУИТ

Ақпараттық кауіпсіздік

грант




2

Аманжол Әлинұр

Алматы

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Биология және сабақтас ғылымдар

грант




3

Ашкар Явузселим

Оңтүстік Африка Республикасы

Birak ОАР 


ақылы




4

Бертыс Али

Алматы

Алматы МУИТ

Ақпараттық кауіпсіздік

грант




5

Ерасылұлы Азамат

Нұр-Сұлтан

НУ

IT маманы

Грант




6

Зәйнікен Темірлан

Алматы

Алматы IT

Ақпараттық кауіпсіздік

грант




7

Какенов Диас

Өскемен

ШҚТУ

Электр техникасы және ақпараттандыру

грант




8

Каримбеков Ерасыл

Нұр-Сұлтан

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

IT маманы

ақылы




9

МырзағалиевСаян

Алматы

СДУ

Ақпараттық технологиялар

грант




10

СоветқановІлияс

Алматы

Әль-Фараби атындағы КазҰУ 

Биология және сабақтас ғылымдар

грант




11

Турекулов Еламан

Россия

Иннополис университеті

Ақпараттық технология

грант




12

Тұрсынғалиев Дастан

Өскемен

ШҚТУ

Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру

грант




13

Увалиев Санжар

Алматы

СДУ

Қаржы

грант (ішкі)




14

Умурбек Исмаил

Алматы

КИМЭП

Қаржы саласы

ақылы




15

Ғұмаров Әлішер

Москва

МИП

Психология

ақылы




16

Құдайбергенов Елжас

Алматы

СДУ

Ақпараттық технологиялар

грант




17

Өсербаев Дарын

Нұр-Сұлтан

Каз ГЮ

Аударма ісі

грант










ҰБТ-дің қорытындысы бойынша түлектердің ЖОО-на орналасуы

11 «Б» сынып




Аты-жөні

Қала

Университет

Факультет мамандығы

Грант/ақылы



1

Айтқазы Ибрагим

Алматы

Халықаралық ақпараттық технологиялар Университеті

IT маманы

грант




2

Алиханов Жандос

Алматы

ҚБТУ

IT маманы

грант




3

Асылхан Ердәулет

Алматы

Абай атындағы Қаз Ұлттық педагогикалық Университеті

Математика пәні мұғалімі

грант




4

Ақылжанов Әділжан

Нұр-Сұлтан

Астана Е.Н. Гумилев ЕНУ 

Ақпараттық технологиялар

грант




5

Зиядабек Мағжан

Алматы

СДУ

Ақпараттық технологиялар

грант




6

Ибраев Айқын

Алматы

СДУ

Ақпараттық технологиялар

грант




7

Майдан Арнұр

Өскемен

ШҚМУ

Тау кен ісі

грант




8

Майдан Дастан

Алматы

Асфендияров атындағы  медициналық университет

Жалпы медицина

ақылы




9

Рахметолла Нұрасыл


ҚБТУ

IT маманы

грант




10

СамарқановДиас

Алматы

Абай атындағы Қаз Ұлттық педагогикалық Университеті

Мұғалім

грант




11

СерікСәкен

Алматы

СДУ

Ақпараттық технологиялар

грант




12

Тлеугалиев Адильжан

Алматы

Абай атындағы Қаз Ұлттық педагогикалық Университеті

Математика пәні мұғалімі

грант




13

Тоқтағазы Мәди

Нұр-Сұлтан

Халықаралық ақпараттық технологиялар Университеті

IT маманы

грант




14

Төкен Нұрболат

Жетісу

Торайғыров Университеті

Математика  пәні мұғалімі

грант




15

ҚабдікәрімовӘмір

Алматы

СДУ

Ақпараттық технологиялар

грант




16

Қазбекұлы Нұрмұхаммед

Павлодар

Павлодар педагогикалық Университеті

Физика пәні мұғалімі

грант




17

Қалел Рүстем

Алматы

Халықаралық білім беру корпорациясы  Алматы қаласы

Жалпы құрылыс

ақылы




18

Қалибеков Данияр

Жетісу

І. Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті

Мұғалім

грант




19

Құмарбек Нұртөре

Алматы

ҚБТУ

IT маманы

грант




20

Айтқазы Ибрагим

Алматы

Халықаралық ақпараттық технологиялар Университеті

IT маманы

грант











ҰБТ-дің қорытындысы бойынша түлектердің ЖОО-на орналасуы

11 «Б» сынып


















2020-2021 оқу жылында 37 түлектің 31 білім грантына ие болды. 

Оның ішінде: Шетел – 1, Рессей -2,   НУ -1, SDU– 7. 

Оқу жылы

Ақылы

Грант

1

2018-2019

4 (10,81%)

33 (89,19%)

2

2019 -2020

8 (15,6%)

27 (84%)

3

2020-2021

6 (16,3%)

31 (83,7%)







Ұсыныс:

  1. ҰБТ-ке дайындықты  жоспарлы түрде жүйелі жүргізу;
  2. Тест кезінде жіберген қателіктеріне толық талдау жасай отыра, келесі оқу жылына түзету жұмысын жоспарлау;
  3. ҰБТ-ке дайындық орта буыннан басталып, қайталау, бекіту-әдістемесін тиімді пайдалана білу қолға алынсын;
  4. Алдымен төмен оқушымен жүргізілетін жұмыс мектепішілік бақылауға алынып, оқушылардың өз беттерімен білім алуларына көңіл бөлінсін;
  5. Деңгейі төмен пәндер бойынша байқау тестке дайындық жұмысы жандандырылып, мұғалімдер өз есебін беріп отырсын;
  6. Мектеп психологі тарапынан да оқушыларға қолдау көрсетіліп, кәсіби көмек беру ісі жандандырылсын;
  7. Сынып жетекшілері «Оқушы – ата-ана - мұғалім» арасында дұрыс қатынас орнату жұмыстарын қолға алсын.

   

1.5.  Пәндердің оқытылу жағдайын бақылау, бағдарламаның орындалуына сараптама

      ҚР Білім және ғылым министрінің Орта білім беру ұйымдарында 2020-2021 оқу жылының айқындау туралы 13.08.2020 жылғы №345 «Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, жұмыстар ОНЛАЙН форматта жүзеге асты. Мектеп бойынша пәндердің берілу сапасы бақылауға алынып, жыл көлемінде педагогикалық кеңесте, директор жанындағы кеңесте, сондай-ақ әдістемелік кеңесте тыңдалынып отырды. 


Педагогикалық кеңесте:   

Биылғы оқу жылында жаңа талаптарға сай, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесіне көп көңіл бөлінді.  Пәндердің оқытылу жайына байланысты пәндер бойынша оқушылардың олимпиадаға қатысқан нәтижесін талдау, ҰБТ-ге негізгі пәндерден дайындық деңгейі,   9-11 сыныптардың Мемлекеттік емтиханға, Ұлттық бірыңғай тестке даярлану сапасын арттыру технологиясы, 7-11 сыныптарда дене шынықтыру, спорт үйірмесінің жүру барысын бақылау және әр тоқсан бойынша білім сапасы мен бағдарламаның орындалу жағдайлары қаралды.

Директор жанындағы кеңесте:

ҚР Білім және ғылым министрінің Орта білім беру ұйымдарында 2020-2021 оқу жылының айқындау туралы 13.08.2020 жылғы №345 «Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, І жартыжылдық толықтай ОНЛАЙН форматта, ІІ жартыжылдық 9,11 сыныптар үшін штаттық форматта, қалған 7,8,10 сыныптар онлайн форматта өтті.  Дарынды және қабілетті оқушылармен жұмыс жүйесі барысында 7-сынып оқушыларының оқу-тәрбие жұмыстарының жағдайы, адаптациядан өтуі; Пән апталықтарының, олимпиада, ғылыми жоба, әр түрлі сайыстардың өткізілу сапасы мен талдама қорытындысы; Технология, АӘД, сызу, ДШ пәндерінің оқыту жағдайын жекелеме бақылау қорытындысы; Өзін-өзі тану пәнінің оқыту жағдайын тексеру қорытындысы; ОЖСБ-ға және  олимпиадаға    дайындық барысы; 10-11-сыныптардағы бейінді сыныптарда ЖБК бойынша  берілген курстардың оқытылу жайы; 11- сыныптардағы ҰБТ пәндерінің оқытылу деңгейі; «Дене шынықтыру пәнінен Президенттік тестің қорытындысы; Оқушылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастырудағы алғашқы әскери дайындықтың рөлі; ҰБТ, мемлекеттік емтихандардың қорытындысы сияқты мәселелер талданып, талқыланды. 


Әдістемелік кеңесте:

Барлық пән мұғалімдері оқу процесін ұйымдастыру кезінде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатына сәйкес және ҚР Білім және ғылым министрінің Орта білім беру ұйымдарында 2020-2021 оқу жылының айқындау туралы 13.08.2020 жылғы №345 «Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» бұйрығымен таныстырылды. Жыл басында пән бірлестіктерінің  жетекшілері тағайындалып, пән бірлестіктері жұмысының бағыты айқындалды.  

Пәндердің оқытылу жағдайын бақылауға байланысты бейіналды сыныптарда (8-9 сыныптар) оқушы компонентінен берілген курстардың және ШЗҚ курсының өткізілу жайы; 7- сыныптардағы информатика, 10-сыныптардағы химия пәндерінің берілуі бойынша МБ қорытындысы;  Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытылу жайын қадағалаудың қорытындысы; Қазақстан тарихы, дінтану, «Адам.Қоғам.Құқық.» пәндерінің берілу жағдайы;11-сыныптардағы таңдау пәндерінің берілу жайы және ҰБТ-ға дайындық барысы сөз етілсе, жұмыс нәтижесі ретінде жыл көлемінде БТС, бақылау жұмыстарының нәтижелеріне жекелей талдау жасап, пәндер бойынша білім сапасын анықтау; KET-PET бойынша оқушылар білімін тексеру қорытындысы; оқушылардың пән олимпиадаларына қатысу жағдайына толық  талдау жасалып отырды.

Мұғалім шығармашылық ізденісін арттыру, әдістемелік көмек беру мақсатында әр түрлі тақырыпта тәжірибелі мұғалімдер тарапынан коу

Коучингтер өткізілу жағдайы. Сабақты берудегі түрлі әдіс-тәсілдерді игерту мақсатында «Дарынды, талантты оқушыларды анықтау», «Диалогтік оқытудың мәні», «Жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісіне енгізу»,«Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттырудағы мұғалімнің рөлі», «Сабақта сын тұрғысынан ойлау модулін қолданудың мүмкіншіліктері мен артықшылықтары» тақырыбындағы баяндамалар жасалды. 


  1.  Пән бірлестіктерінің жұмысына сараптама


Қоғамдық-гуманитарлық пән бірлестігі мұғалімдерінің 2020-2021 оқу жылында атқарған шараларының қорытынды есебі


Қоғамдық – гуманитарлық пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі өз жұмысын ҚР БжҒМ 2007 жылғы «29» қарашадағы № 583 бұйрығымен бекітілген «Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру» Ережесіне сай жүргізеді. 

Қоғамдық - гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің тақырыбы: «Инновациялық іс-әрекетті жетілдіру арқылы мұғалімдердің педогогикалық шеберлігін, зерттеушілік және шығармашылық құзіреттілігін дамыту».

ӘБ жұмысының мақсаты: Бәсекеге қабілетті тұлғаны оқытудағы мұғалімдердің құзырлықтары мен кәсіптік шеберліктерін жетілдіру бағытында жұмыстар ұйымдастыру. 

Әр мұғалімнің лицей мен әдістемелік бірлестік тақырыбына сәйкес өз білімін жетілдіру тақырыптары бар. 

Бірлестікте барлығы – 12 мұғалім және 2 кітапханашы жұмыс істеді, көпшілігі жас мамандар. Мұғалімдердің сапалық құрамы:

  • жоғары санатты – 4
  • бірінші санатты - 1   
  • ІІ санатты – 3
  • Санат жоқ - 4

2020-2021 оқу жылындағы қоғамдық – гуманитарлық пән мұғалімдерінің сапалық құрамын төмендегі кестеден көруге болады:


2020-2021 оқу жылындағы қоғамдық – гуманитарлық пән мұғалімдерінің сапалық құрамы




Аты-жөні



туған жылы


бітірген оқу орны, жылы

диплом бойынш.маманд.

Қызметі, (қай сын. істейді)

пед өтілі

курстан өту


аттет.өту

санат






мекен-жайы, телефоны

1

Мәулет Арастанбек

06.05.1982

Е.А.Бөкетов ат. Қарағанды мемл. Университеті, 2004

ағылшын тілі мұғалімі

Директор

12

2015

2018

Жоғары


2

Нұқышева

 Бақыт 

Советқызы

03.02.61

ҚМ қыз.

пед.инст. Алматы қ.

Қазақ тілі, әд. мұғ.

9A(каз), 8A-11А

(орыс т.)

35

2009

ШҚО

БАИ

2012

жоғары

Кожедуба 56-40

57-68-15

3

Муратова Еркежан Кумаркановна

07.05.74

Абай ат. АлМУ

1996

Қазақ тілі,әд оқытушы

7-9

21

2013

ШҚО БАИ

2018

жоғары

Беспалова 53-21

4

Мазова Бейбиткул Кинаятовна

08.05.61

УКПИ 1984

Орыс тілі, әд. ұлттық мектепте 

7, 8, 9,10

32

2010 ШҚО БАИ

2010

жоғары

Славского 

64-62

5

Қанатбеков Жалын

Қанатбекұлы

23.10.81

ШҚМУ-2002


Қазақстан

тарихы

8-11

15

2017


2017

І

Әл-Фараби даңғ. 46-185

6

Жолжақсынова Аида 

Амингазиновна

14.01.91

Колледж

2017-12,

ШҚМУ-2015-2017

Қазақ тілі,әд мұғ.

7-10

6

-

2018

2

Независимости  87/59

7

Жамболатова Назерке

04.06.1994

ШҚ гуманитарлық коледжі 2014

Ағылшын тілі мұғалімі

7-8

4

2016

2017

2

Ахмер игілік 24/2

8

Анапиев Сунгат Кумарбекович

31.01.82

ШҚМУ

2004ж          

Тарих пәні мұғалімі

8-11

5


2018

2

Шәкәрім 97-32

9

Еншібай Төлеу

18.12.1987

Қаратеңіз Техникалық Университеті, 2009

Түрік тілі мұғалімі

7,8,9,10

9

-

-

жоқ

Жастар 33-5

10

Бақтығали Мухамедәли

23.03.1997

Талдықорған ЖМУ

Ағы

7,8

1

-

-

-

Славская 50-19

11

Мерикенова Венера Мерикекызы

01.08.1988

ВКГУ 2009

География

Кітапханашы

8

2018 ВКГУ

-

жоқ

Есенберлина 8-7


2020-2021 оқу жылында бірлестік мүшелерімен 5 мәжіліс өткізілді, онда оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру, шығармашылыққа баулу мақсатында оқыту мен оқудағы  заманауи жетістіктер талқыланып, тәжірибеде пайдалану жолдары қарастырылды. 2020-2021 оқу жылында көптеген іс-шаралар қашықтықтан өткізілді. Жылдық жоспарда бекітілгендей  ай сайын істелген жұмыстар барысында қорытындылау, талдау отырыстары өтті. Бұл отырыстарда пән мұғалімдерін толғандырған мәселелер қаралып, тәжірибелерімен бөлісті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020-2021 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқауы мен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры басқармасының оқу бағдарламасын және ШҚО білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінің, біліктілікті арттыру және даярлау институтының ұсыныстарының негізінде туындайтын оқыту-тәрбиелеу үрдісінің мақсат-міндеттерімен бірлестік мүшелері оқу жылы басында таныстырылды. Тамызайының соңғы күндерінде қоғамдық – гуманитарлық пән мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің бірінші отырысы өтіп, 2020-2021 оқу жылында атқарған ғылыми-әдістемелік шараларының қорытынды есебі жасалынды, бағаланды. Отырыста мұғалімдер нормативтік құжаттармен, соның ішінде мемлекеттік стандарт, әдістемелік нұсқау хат және пән бойынша бағдарламалармен танысты. Әдістемелік бірлестіктің жылдық жоспары талданып, бекітілді. Сонымен қатар, пән мұғалімдерінің күнтізбелік жоспарлары, оқу жоспарының жылжымалы бөлігіндегі таңдау пәндерінің бағдарламалары қаралып, бекітуге жіберілді.

21-25.09.2020  аралығында Қазақстан Республикасы Тілдер мерекесіне арналған апталық шаралар жоспары бекітіліп, апта бойы өткізілді. Осы жылы апталық«Тіл – ең асыл құндылық»  деген атпен Zoom  платфорпмасымен өткізілді. Мұғалімдер пәнге байланысты әр күнге бөлініп, тілдер апталығының өтуіне өз үлестерін қосты. 

Тілдер апталығы аясында мәнерлеп оқу, эссе, челендждер ұйымдастырылды, әдеби-сазды кештің бағдарламасында әртүрлі ұлт өкілдерінің әдет-ғұрып, салттарынан көріністер көрсетіліп, әдеби шығармаларынан үзінділер оқылды. Қатысқан ата-аналар мен оқушылар ұлттық нақышта әндер орындап, өнерлерін көрсетті. Белсене қатысып, өз өнерлерін, шығармашылықтарын жоғары деңгейде көрсеткен ата-аналар мен оқушылар алғыс хатпен марапатталды.

Оқу жылының басында бірлестік отырысында тіл пәндеріне байланысты оқу-педагогикалық нормативтік құжаттары оқылып, талданды. «Жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқулықтардың құрылымы мен мазмұны» тақырыбымен жаңа бағдарламадағы өзгерістер мен жаңалықтар таныстырылды. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген «Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 7-10 сыныптар үшін НЗМ дайындаған жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқыту бағдарламалары,  11 сыныптары үшін гуманитарлық  пәндерден типтік оқу бағдарламасы» (оқыту қазақ тілінде емес), Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты негізінде құрастырылды.

Оқушылардың білім сапасын арттыру жолында мектепішілік бақылау жұмыстары үнемі жүргізіліп отырды. Оқу жылы көлемінде 7-11 сыныптарда БЖБ, ТЖБ-лар   алынып, жан-жақты талдау жұмыстарының қорытындысы отырыстарда талқыланып, нәтижелері қаралып отырды. 

Бірлестік отырыстарында сабақта пайдаланатын  әдіс-тәсілдер табыс критерийлері, кері байланыс, сын тұрғысынан ойлауға үйретудің жолдары, оқыту стратегиялары туралы пікір алыстық. Топ мүшелерін табыс критерийлері, кері байланыс тәсілдерінің тиімділігі қызықтырды, ресурс материалдарын сүйене отырып,  күнделікті сабақта пайдалану жолдары талданды. БЖБ, ТЖБ-ларды оқушы деңгейіне сай құрастыру ОМЖ, ҚМЖ тәжірибеге енгізу шешілді, оқытудың қуатты құралдарының тиімді жақтарымен бөлісіп, топтық жұмыста жаңа сабақ моделін көрсетіп, талдау  жасалды. Бірлестік мүшелерімен  Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды басты педагогикалық түсінік – оқушыларды сын тұрғыдан ойлауға үйретудің және стратегияларының тиімділігімен ой бөлістік, өз тәжірибемізде, ағымдық сабақтарымызда пайдалануға тырыстық. 

Жұмыс жоспарына сәйкес ағылшын тілі апталығы жоспар бойынша 07.10.20-11.10.20 «Reading: Key to a Successfull Future» тақырыбында өткізілді. Ағылшын тілін қолдану оқушылар өмірінде маңызды спектр болып табылады. Апталық аясында әртүрлі жағдайларда ағылшын тілін қолдана алу, ораторлық және шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында түрлі ойындар, сайыстар, квест өткізілді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері 25.01-29.01.21аралығында  "Мәңгілік Ел - Мәңгілік Тіл"атты тақырыппен қазақ тілі мен әдебиеті апталығын өткізілді. Әр түрлі ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттырды. Апталық аясында өткізілген мәнерлеп оқу, челендждер, зияткерлік, логикалық ойындар кейбір оқушыларымызды жаңа қырынан танытуға үлесін қосты. 

Тарих апталығы 09-15 желтоқсан аралығында өтті. Мақсаты: қоғамдық дамудың қазіргі рухани жаңғыруының жаңаша қадір-қасиетін түсінетін, Отанын, елін, жерін сүйетін, бабалар өсиетін орындайтын жан-жақты Қазақстан азаматын тәрбиелеу. Апталық аясында «Желтоқсан желі ызғарлы» тақырыбындағы Өлкетану музейіне instagram қосымшасы арқылы онлайн экскурсия бейнекөрсетілім, «Парасатты шешіммен жол бастаған...» kahoot қосымшасы арқылы викторина, 11 Б сыныбында «Қазақстан этностары: тарихы мен тағдыры» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Орыс тілі апталығы жоспар бойынша 26-30 сәуір аралығында «Язык-ключ к жизни» тақырыбымен өткізілді. Апталық аясында әртүрлі жағдайларда орыс тілін қолдана алу, ораторлық және шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында түрлі ойындар, сайыстар өткізілді.

19-23 сәуір аралығында түрік тілі апталығы өткізілді. Апталық барысында стенд газеттер, бейнесұрақтар, мәнерлеп оқу сайыстары өткізілді. Апталық барысында мұғалімнің оқушылармен тығыз қарым-қатынас жүргізіп, оқушыларды тиянақты дайындағаны байқалды.

Оқушылардың тіл мәдениетін дамыту, сауатты жаза білетін өз пікірін, сезімін, ойын, көзқарасын жеткізе алатын азамат етіп тәрбиелеуде тіл мұғалімдері тіл дамыту жұмыстарын жүргізеді. Әдеби тіл нормаларын игерту негізінде сауатты ойлау, сауатты жазу, сауатты сөйлеуге қол жеткізе отырып, көркем шығарманың әдеби тілін игерту арқылы, шығармашылық бастамасын дамыту, халқымыздың тарихын оқыту, адамзат тарихының иірімдеріне бойлату ойластырылған. Құзырлы тұлға қалыптастыруда нәтижеге бағытталған білім бере отырып, көркем туындыларды оқытуға, тарихымызды, өз елімізбен жан-жақты байланыстарды дамытып отырған елдер тарихы туралы білімдерін жетілдіру мақсат етіп қойылған. 

Оқушының оқырмандық қабілетін дамытуда дәстүрге айналған  «Кітап оқу акциясын», ТЕД сайыстарын өткізу жоспарланып, Covid-19 пандемиясына байланысты өткізілмеді 

           2021-2022 оқу жылы бірлестік мүшелерімен барлық атқарылған жұмыстар өзекті тақырыптың айналасына тоғыстырылып, біршама нәтижеге жетсе де, әлі де көңіл аударатын мәселелер баршылық:

1. Жыл бойында өткізілетін пән апталықтарына бірлестік мүшелері шығармашылық есеп ретінде қабылдап, жауапкершілікпен қарау

2. Олимпиадалардың республика деңгейінде нәтиже көрсету үшін, дарынды оқушылармен жұмыс түрлерін жетілдіру, түрлендіру олимпиада резервін қалыптаста\ыру;

3.Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастырып, тіл мәдениетін көтеруге дағдыландыруда «Кітап оқу акциясы», ТЕД жобасы жұмыстарын тереңдетумен бірге күнделікті сабақтарда жүйелі тіл дамыту жұмыстарын жүргізу;

4. Ақпараттық-инновациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде, күнделікті сабақтарда пайдалану деңгейін көтеру;

5. Ғылыми жобалардың деңгейі мен сапасы көтеру үшін мұғалімдер оқушылармен тығыз байланыс жүргізе отырып, қызығушылығын анықтап, тақырып таңдауда дұрыс нұсқау көрсете білу, оқушы бағытын анықтау арқылы ізденіске баулу жолдарын қарастыру;

9. Пән мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін шыңдау үшін оқытудың қуатты құралдарын, интерактивті ойлау әдістерін ағымдағы тәжірибеде пайдалану. 

10. Қашықтықтан оқыту жүйелерін жутілдіру.

Жаратылыстану- математика бірлестігінің қортындысы

2020-2021 оқу жылы

Тақырыбы: «Білім беру мазмұнын жаңартуда   мұғалімдердің тиімді әдістемелерді қолдана білу шеберлігін арттыру 

Білім берудің  дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында «.... 2020 жылға қарай Қазақстан – білімді мемлекет ,ақылмен құрылған экономика және біліктілігі жоғары жұмыс күші .Білім берудің дамуы еліміздің болашақ экономикалық,саяси және әлеуметтік-мәдени өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы болуы тиіс»деп көрсетілген.

2020-2021 оқу жылында бірлестік мүшелерімен 5 мәжіліс өткізілді, онда оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру, шығармашылыққа баулу мақсатында оқыту мен оқудағы  заманауи жетістіктер талқыланып, тәжірибеде пайдалану жолдары қарастырылды. 

Мектебіміздің ұстаздары өздерінің кәсіби іс-әрекеттеріне ұдайы рефлексия жасауға машықтанған. Осы орайда, 2020-2021  оқу жылдарында педагог қызметкерлердің   біліктілігін арттыру мақсатындағы жұмыстар негізгі 3 бағыттан тұрады:

1)    мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды оқыту;

2)    озық педагогикалық тәжірибемен алмасу;

3)    орта білім берудің мазмұнын жаңарту.

Мұғалімнің қазіргі мақсаты - сабақ сапасын көтеру үрдісін жетілдіру   оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ізденуін таным деңгейін жоғарылату.

Лицейдің 2020-2021 оқу жылындағы   жаратылыстану-математикалық әдістемелік пән бірлестігінің оқу жылына арналған әдістемелік бірінші отырысында:

  • Жаңа оқу жылының жылдық жоспары;
  • Айлық жоспары;
  • Дарынды балалармен балалармен жұмыс жоспары;
  • Жас маманмен жұмыс жоспар;
  • Пән апталықтарының жұмыс жоспары;
  • ӘБ тәжірибелі мұғалімінң жұмысын насихаттау;
  • Аттестациядан өтуші мұғаліммен ағымдық жұмыс жоспары;
  • Пән олимпиадасының жұмыс жоспарының


Білім берудің мақсаты – өз бағытын еркін анықтайтын,өзін-өзі дамыта алатын жеке тұлға қалыптастыру. Біз заман талабына сай елін сүйетін, алғыр, бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға дайындап шығуға міндеттіміз. «Еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» болашақта өркенниетті дамыған елдердің қатарына ену үшін  заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім» деген Елбасы. Осы ұлағатты сөздің дәлелі лицейде орындалып жатқандай.   

         2020-2021 оқу жылында жаратылыстану-математикалық бағыттағы бойынша оқу жоспары жасалды. Бағдарлы оқыту оқушылардың бейімділігі мен қабілетін, танымдық қызығушылығын барынша ескеріп, оқытуды даралау мен саралауға негізделді. Төменде  оқу жылына арналған жаратылыстану-математика бағытындағы бірлестіктің жылдық жоспар көрсетілген.

           Осындай мақсатта жұмыс жасап жүрген бірлестігімізде жалпы  12 пән мұғалімі мен мектеп қызметкері бар. Оның ішінде математикадан –2, химиядан – 2, биологиядан – 2, физикадан – 1, информатикадан -2  дене шынықтырудан – 1, АӘД -1, психологиядан –1, информатик-инженер – 1, лаборант -1.

2020-2021 оқу жылындағы қоғамдық – гуманитарлық пән мұғалімдерінің сапалық құрамы




Аты-жөні



Туған жылы


ЖОО

Бітірген жылы

Пәні 



Санаты


1

Алмаганбетов Жасулан Сабирович

02.10.1990

Аймақтық әлеуметтік инновациялық университет

2019

Биология пәні мұғалімі

Педагог-зерттеуші

2

Ауезов Быржан Бэкович

04.11.1992

Сулейман Демирел университеті

2017

Математика пәні мұғалімі

Педагог-модератор

3

Жанарбекұлы Рауан

18.01.1994

Семей қаласының Шәкәрім атындағы  мемлекеттік университеті

2016

Математика пәні мұғалімі

Педагог-модератор

4

Ахмадиев Марат Мазанович

05.09.1986

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ

2016

АӘД пәні мұғалімі 

педагог

5

Жолгельдиев Жанболат Бакытович

09.01.1990

Астана халықаралық университеті

2019

Химия мұғалімі

Педагог-шебер

6

Джамбулова Салтанат 

04.01.1982

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ

2004

Химия мұгалімі

Педагог-мадератор

7

Нуралиева Лаззат Тагайьекқызы

06.04.1986

М.Әуезов атындағы Оңт.Қаз.мемл. Университеті 

2007

Биология пәні мұғалімі

Педагог-шебер

8

Мырзахметов Арман Дарханович

29.04.1993

Павлодар мемлекеттік университеті

2015

Физика пәні мұғалімі

Педагог-зерттеуші

9

Хожахметов Наурызбай Изетуллаұлы

15.03.1991

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

2014

Информатика пәні мұғалімі

Педагог-мадератор

10

Орал Арман

17.05.1997

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

2018

Информатика пәні мұғалімі

Жоқ 

11

Рамазанова Рауия Рамазанқызы

24.04.1989

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ

2011

Өзін-өзі тану мұғалімі

Педагог-сарапшы

12

Мукашев Бауыржан Серғазыұлы

20.08.1976

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ

2006

Денешынықтыру пәні мұғалімі

Педагог-зерттеуші


Мақсат міндеттері ашып көрсетіліп, әдістемелік бірлестіктің отырыстары өз уақытында өтіп, мұғалімдердің күнтізбелік жоспары, әдістеме бірлестіктің жылдық жоспары, үйірме, таңдау пәндерінің жоспары талқыланып, бекітілді. Білім және ғылым министрлігінің әдістемелік нұсқау хатымен таныстырылды. Әдістемелік отырыста пән апталығы, пәндік олимпиада материалдарын дайындау, озық іс-тәжірибе мектебімен танысу, ашық сабақтардың жоспары, дарынды оқушылармен жұмыс, педоқулар тақырыбы, аттестация, курстары жайында және басқа да атқарылатын жұмыстар туралы қаралып, есеп берілді. 

  1.  Жас мұғалімдер мектебінің жұмыс қорытындысы.

Пән апталықтарының өтуі

23.11-27.11.2020 ж. аралығында география пәні апталығы өтті.

Апталықтың ашылуы онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы жүзеге асты.  Ашылу кезінде жалпы оқушыларды апталықтың жоспарымен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Апталықтың мақсаты жер планетасыматериктер туралы сабақта алған білімін жинақтаподан әрі таным деңгейін арттыруәр метерикті жете тануға қызығушылығын оятутабиғатты аялапсүйе білуге тәрбиелеу.

«Геоапта» ойыны   БИЛ лицейлері арасында 23 қараша күні   онлайн режімде Quizizz платформасы арқылы өткізілді. Біздің лицейден 9 А сынып оқушысы  Каликарманов Тимур катысып өзінің бағын сынады.

   «Жас географтар»  интеллектуалдық ойыны Zoom платформасы арқылы өтті. Ойынның қорытындысы бойыншы  8 б сыныбы 1 орын, 7б  - 2 орын, 7а және 8а  - 3 орынға ие болды. Сонымен қатар 24 қараш күні өткен   «Білгір географтар» атты интеллектуалды ойында  10 а сыныбы 1 орын иеленді.

Апталық аясында өткен іс-шаралар қызықты және ауқымды өтті. Оқушылар география пәнінен өз білімдерін тағы бір мәрте нығайта түсті.

12.01-18.01.2021 ж. аралығында физика пәні апталығы өтті

Физика  пәні мұғалімі Мырзахметов Арман

Оқушылардың жетістіктері:

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезңінде:

9-шы сыныптардан Макенов Дамир 3-ші орын және Ринатулы Ералы 2-ші орын,10-шы сыныптардан Маузия мирас 1-ші орын,11-ші сыныптардан Дүтбаев Нұртай жүлделі орындарды иеленді.

Қазақстанда Республикалық жасөспірімдер олимпиадасынаң Байғунаков Мәди облыстық кезеңінде 1-ші және Республика кезеңінде 3-ші жүлделі орындарды иеленді.

 Өткізілген мектепшілік іс-шаралар:

Ғылымдар жәрмеңкесі. Қатысқан оқушылар саны:90.

Жылдық үлгерімі:

7А: Орташа балл-4,42, үлгерімі-100%, білім сапасы-100% .

7Б: Орташа балл-4,29, үлгерімі-100%, білім сапасы-100% .

8А: Орташа балл-4,33, үлгерімі-100%, білім сапасы-100% .

8Б: Орташа балл-4,95, үлгерімі-100%, білім сапасы-100% .

9А: Орташа балл-4,58, үлгерімі-100%, білім сапасы-100% .

9Б: Орташа балл-4,11, үлгерімі-100%, білім сапасы-94,74% .

10А: Орташа балл-4,69, үлгерімі-100%, білім сапасы-100% .

10Б: Орташа балл-4,56, үлгерімі-100%, білім сапасы-100% .

11А: Орташа балл-5, үлгерімі-100%, білім сапасы-100% .

10Б: Орташа балл-5, үлгерімі-100%, білім сапасы-100% .

Математика  пәні мұғалімі Жанарбекұлы Рауан

7Б сыныбына жетекші, педагог модератор дан педагог-эксперт санатына көтерілдім

“Оқулықты әзірлеу әдіснамасы және авторлардың кәсіби дағдыларын жетілдіру” курсынан өттңм  

“Астан” баспасында “Алгебра-7” оқулығым шығарылды

7 А жене 7Б сыныбына Алгебра және геометрия пәндерінен сабақ бердім. Білім сапасы * тен  * ке дейін көтерілді. 

Қосымша сабақтар өткізілді.

Тәрбие жұмыстары жасалды: апта сайынғы мұғалімб тәрбиеші және ата-ана тәрбие сағаты өткізілді. Сыныптан тыс іс-шаралар жасалды: этно пракке серуенб қыстың күні Алтай Альпы демалыс орнына мәдени демалсы ата-аналармен бірге. Алтай стадионында  коньки тебуге оқышыларды апрылды.

8 март аналар мерекік кеш ұйымдастырылды.

Оқушылардың үйлеріне барылды. Ата-аналарға балның үлгерімі тәртібі түсіндірілді.

Әкелер мен аналардан құралған сыныптар арасында волейбол ойынынын жарыс өткізілді. 7 Б сыныбы жүлделі 3 орын алды. Сыйлыққа 30000 марвин картасы берілді. Оқушыларды ынталандыру барысында осы суммаға кітаптар алынды. 

1.8.  2020-2021 оқу жылындағы  «Заңғар» ғылыми қоғамының жұмыс қорытындысы

«Дарындыға–даңғыл жол» бағытында дарынды оқушылардың дарындылығын шыңдау, дамыту, олардың жеке қабілетін жетілдіру мақсатында ШҚ «Дарын» ӨҒПО-мен тығыз байланыстағы жүйелі жұмыстарымыз сан  салалы. Шәкірттеріміз «Дарын» орталығы «Тәжірибе алаңында» өз қабілеттерін көрсетуге жыл сайын  шыңдала түсуде. «Дарындыны даралай білейік» бағытымен оқушылардың дарындылығын нақты айқындау бағытында оқушыны ғылыми зерттеу жұмыстарына, пәндік олимпиадаларға, сайыстарға, ғылыми Көрмелерге тарту - әр баланың қабілет деңгейіне сәйкес нәтижеге жетісуі жолында лицейішілік «Олимпиадаға дайындық жұмысы жүйесі» (жетекшісі-Ауезов Б.Б.), «Зерде» оқушылардың ғылыми қоғамының  мүшелері пән мұғалімдерімен бірлесе әлемдегі соңғы білім жетістіктерін бақылау, оқушының ғылыми бейімділігін жетілдіру, соңғы жетістіктерге байланысты ғылым адамдарымен кездесу, конференция өткізу, білім ошақтарына, ғылыми зерттеу орны – нысандарына экскурсиялар ұйымдастыру.            

Білім мен құдыреттілік-екеуі бір нәрсе» (Ф. Бэкон) ұстанымымен облыстық, республикалық, халықаралық пәндер олимпиадалары мен ғылыми жоба жарыстарына дайындық жұмыстары оқу жылы бойында арнайы кесте бойынша жүйелі, тыңғылықты жүргізіледі. Лицейдің олимпиадалық резерв командасының осы оқу жылындағы жеткен жетістіктері жоғары деңгейде Лицей оқушыларының 80% әр түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен конкурстарға қатысып дарындылықтарын тағы бір мәрте дәлелдеді. Біздің оқушылар Қазақстан Ресубуликасының олимпиадалық құрама командасының мүшесіне кіріп  жазғы уақытта өткізілген халықаралық олимпиадада жетістіктерге жетті. Атап айтатын болсақ 2020 жылдың 21-29 тамызы аралығында Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы – Искендиров Алмас Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасының құрамында алғаш рет қашықтық түрінде өткізілген Еуропалық географиялық олимпиадасына қатысты.

Жарысқа дәстүрге сай Ресей, Белоруссия, Латвия, Литва, Польша, Эстония, Қазақстан, Словения, Түркия, Сербия және т.б. сияқты әлемнің 14 мемлекетінен командалар қатысты. Барлығы олимпиадаға 76 қатысушы қатысты

Информатикадан 32-Халықаралық олимпиада 2020 жылдың 13-19 қыркүйегі аралығында онлайн режимде өтті. Жарыста әлемнің 80-нен астам мемлекетінен келген командалар қатысты.

ҚР ұлттық құрамасының құрамында екінші жыл қатарынан республикалық олимпиадалардың, беделді халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы, лицейдің 2020 жылғы түлегі – Байболов Темірлан қатысты.

Олимпиада екі айналым бойынша өткізілді. Айналымдар барысында қатысушылар информатика мен АКТ бойынша түрлі қабілеттерін көрсетіп, алгоритмдік есептер орындады


Жаңа оқу жылы басталғанан кейін дарынды балалармен жұмыстар жоғарғы деңгейлерде жүргізіліп, үлкен көрсеткіштер көрсетті. Бұл көрсеткіштерді жылдан жылға ұлғайтып, оқушылардың білімдері мен біліктіліктерін арттыру- басты мақсатта. Оқушылар облыстық, республикалық, халықаралық зияткерлік олимпиадаларды да өз бақтарын сынады. Қай сынақтан болмасын, өз білім нәтижелерін көрсете білді. Қазақ тілі пәнінен  «Айналайын», логика пәнінен «Асыл тас», математика пәнінен «Малахит», тарих пәнінен «Тарих ата», «Тұлпар», «Золотое руно», «Ақ бота» сынды зияткерлік олимпиадаларға, сондай-ақ қашықтықтан өткізілетін пәндік олипиадаларға қатысып, алдыңғы қатарлы жүлделерге ие болды. 

Соңғы 3 оқу жылындағы ғылыми жобалар сайысына қатысқан оқушылар туралы мәлімет. "Айналайын" облыстық интеллектуалдық конкурсының қорытындысы бойынша І орын -1, ІІ орын -3, ІІІ орын- 10 оқушы иеленді.  

Жаратылыстану –математика бағытындағы республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңіне онлайн қатысып 9 б сынып оқушысы Ринатұлы Ералы физика пәні, 8А сыныбы Чайкенов Алижан математика пәні, 8 Б сынып Төреханұлы Нұртөре биология пәні, 9 А сынып Мамырбеков Бекболат  химия пәні, Какоткин Алсексей математика пәні бойынша ІІ орын алды. Республикалық Жасөспірімдер олимпиадасын жолдама алған Мамырбеков Бекболат химия пәнінен 3 орын, Төреханұлы Нұртөре биология пәнінен 2 орын иеленді. 

21 қазан күні өткен  «Жас физик», «Жас математик» облыстық олимпиада нәтижесі бойынша 9 сынып оқушылары Ринатұлы Ералымен  Мақсатұлы Дамир ІІІ орынға ие болды.

Химиядан Қ. Сатпаев атындағы IV республикалық олимпиадасы онлайн форматта 3 қараша күні өтті. ШҚО атынан 9 А сынып оқушысы Мамырбеков Бекболат қола медаль иеленді.  Сонымен қатар Бекболат 2020 жылы 16 желтоқсан күні өткен химия пәнінен халықаралық жасөспірімдер арналған олимпиада күміс медаль иегері. 2021 жылдың 7-12 қаңтары аралығында республиканың барлық аймақтарында қашықтық форматында математика, физика және информатика бойынша 17-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаты - елдер арасындағы қатынастарды дамыту, ғылыми білімді насихаттау және физика-математика мектептері арасындағы байланысты нығайту. 

Олимпиадаға әлемнің 21 елінен (Қазақстан, Ресей, Белорусь, Болгария, Сербия, Румыния, Грузия, Индонезия, Армения, Дания, Қырғызстан, Түрікменстан, Австралия, Иран, Үндістан, Моңғолия, Әзірбайжан, Түркия) 1000-нан астам оқушы 146 команда құрамында қатысты. Әр команда құрамы 3 математиктен, 2 физиктен, 2 информатиктен тұрды. Шығыс Қазақстан облысының атынан 7 оқушы республикалық және облыстық олимпиадалардың жеңімпаздары қатысты. Солардың бірі 10 А сынып оқушысы Жұмағалиев Данияр қол медаль иегері атанды. 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 1 ақпандағы №45 бұйрығына сәйкес2020 жылдың 22 - 26 ақпаны аралығында қашықтықтан республика бойынша бір мезгілде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.  Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне лицейішілік олимпиадада топ жарған 41 оқушы жолдама алды. 

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 38 оқушы жеңімпаз атанды.

1. І дәрежелі дипломмен – 16 оқушы;

2.ІІ дәрежелі дипломмен - 15 оқушы;

3. ІІІ дәрежелі дипломмен - 7 оқушы 

Білім беру гранттарының иегерлері атанғандар:

- Мусабек Ердаулет – 10 А сынып;

- Серғалиев Бекжан -  10 Б сынып; 

- Рахметолла Нұрасыл 11 Б сынып;

оқуға 50% жеңілдік сертификатына ие болғандар:

-Толқынбаев Батыр 10 А сынып 

- Дүтбаев Нұртай 11 Б сынып 

- Орынтаев Әлижан  10 Б сынып 

Жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар республикалық кезеңге 16 оқушы қатысты. Шығыс Қазақстан облысының оқушылары 2021 жылдың 25-30 сәуірі аралығында өткен республикалық олимпиадада күміс және қола медальдарға ие болды.

Олимпиада Өскемен қаласындағы «Ustudy» орталықтарының негізінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді. 

Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша 7 қатысушы жүлделі орындарға ие болды


    Мамырбеков Бекболат 10А               Төреханұлы Нұртөре 9 Б                  Сейлькумаров Мади 10 А

Химия, Күміс медаль                     Биология, Күміс медаль              География, Қола медаль


Аманжол Әлинұр     11 А           Газизбеков Арсен 10А                  Төкен Нұрболат 11 Б

Биология, қола медаль                   Химия, қола медаль                    Информатика, қола  медаль          


Мұсабек Ердәулет 10Б

Информатика, Қола медаль

Республиканың барлық аймағында 2021 жылғы 19 мамырда онлайн режимде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы өткізілді. Оған облыстық кезеңнің жеңімпаздары атанған 6 оқушы қатысты.

Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқуға қызығушылығын арттыру, жасөспірімдердің жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру және олимпиада резервін құру.

Облыстың дарынды балалары, 7-8 сынып оқушылары математика, физика, биология, география, химия, информатика пәндері бойынша өз білімдерін көрсетті.

Олимпиада қорытындысы бойынша  қатысушы жүлделі орындарға ие болды 

ІІ орын

Қадыров Әділет Биология пәні 8 сынып

Маратұлы Алинұр Математика пәні 7 сынып

ІІІ орын

Алтынғазы Алмас Биология пән 7 сынып

Байғұнақов Мади Физика пәні 8 сынып

2020 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың «Ел Үміті» және «Қамқорлық» бастамаларын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған «Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ» форумы өткізілді.

Форум аясында облыс орталығында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметов «Ел мақтанышы» және «Елбасы медалі» премияларының иегерлерін салтанатты түрде марапаттады.

 «Ел мақтанышы» премиясы жыл сайын ең беделді халықаралық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлеріне табыс етіледі. Биыл «Ел мақтанышы» 

премиясы 11 жүлдегерге – еліміздің ұлттық олимпиадалық құрамасының мүшелеріне берілді. ШҚО-нан аталған премияны биыл екінші   мәрте  біздің түлек  талантты да дарынды, халықаралық және республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері Байболов Темірланға табысталды. 

Халықаралық балаларды қорғау күні қала  әкімі Ж. Омар  халықаралық және республикалық зияткерлік олимпиадалардың, спорттық жарыстардың және шығармашылық конкурстардың жеңімпаздарымен кездесті.

2021 жылдың 19 мамырында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың 2020-2021 оқу жылының жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының жүлдегерлері мен жеңімпаздарымен онлайн-кездесуі өтті.

Онлайн-кездесуде А. Аймағамбетов барлық жүлдегерлерді Олимпиадада табысты нәтижелер көрсетуімен құттықтады.

Кездесу аясында Олимпиада жүлдегерлерін марапаттау бір мезгілде барлық облыстарда   өтті. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында өткен бұл кездесуге біздің облыстың 7 оқушысы күміс және қола медаль иелері шақырылды:

2021 жылғы 6 сәуірде 11 жастан 18 жасқа дейінгі жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептердің оқушылары, сондай – ақ интернаттық мекемелердің оқушылары, мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік» тақырыбындағы «Балалар бастауы-2021» республикалық әлеуметтік жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Конкурстың мақсаты– әлеуметтік маңызы бар бастамаларды іске асыруда балалардың белсенді азаматтық ұстанымдарын дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

Балалардың әлеуметтік жобалары байқауының облыстық кезеңі ZOOM бағдарламасында онлайн режимінде презентацияны қорғау түрінде өткізілді.

Байқауға ауылдағы әлеуметтік жағдайды жақсартуға, балалардың өзін-өзі дамытуына және қоғамдық-маңызды нәтиже алуға бағытталған берілген сәтте іске асырылған немесе іске асырылу процесіндегі (жоба, іс, акция немесе іс-шаралар кешені) балалардың әлеуметтік бастамаларының сипаттамасы ұсынылды.

Қазылар алқасының құрамында аймақтың жоғары оқу орындарының ғалымдары, жергілікті атқарушы органдардың, «Nur Otan» партиясының өкілдері болды.

Iдәрежелі дипломмен марапатталғандар:

  • Токтамысов Бекжан – Өскемен қаласы, облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы;
  • Нұржанұлы Ернұр – Өскемен қаласы, облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы; 

Оқушыларды олимпиадаға сапалы дайындау және білімдерін кеңейту  мақсатында әр түрлі оқу-жаттығу  жиындары Қазақстан Республикасының ірі жоғарғы оқу орындарында және алыс жақын шетелдің ЖОО өткізіледі. Бұл жиындарға лицейіміздің Қазақстан Ұлттық олимпиада құрама командасының мүшелері қатысады.   Жетістіктер арқасында соңғы 3 жыл қатарынан «Дарын» ШҚО өңірлік орталығы атынан ШҚО жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде «Үздік олимпиадалық команда 2021» номинациясын жеңіп алды.   


1.9.  Психологиялық қызметтің  2020-2021 оқу жылы бойынша қорытынды ЕСЕБІ

2020-2021 оқу жылында психологиялық қызметті атқару, пандемиялық жағдайға байланысты, қосымша жоспарға сәйкес жүргізілді.  Басты міндет, оқушылардың психофизиологиялық денсаулығын, дамуын есепке алып, жеке тұлғаның ерекшелігін жан-жақты зерттеп, жан дүниесін дамыту. Педагогтардың және ата-аналардың қарым-қатынастарын жақсарту, психологиялық-педагогикалық біліктілік дағдысын қалыптастыру 7-11 сынып аралығында, оқушыларға, педагогтар мен ата-аналарға атқарылатын жұмыстың бағыттары бойынша психологиялық жұмыстар атқарылды.

Психологиялық педагогикалық зерттеулердің  нәтижесі бойынша  дарынды баланың  бейнесі анықталды.

Дарындылықты анықтау сауалнамалары  балаланың қабілеттеріне жасалған ұзақ уақыт бойғы бақылаулардың нәтижесін растай түсу үшін, сондай-ақ күшті және әлсіз психологиялық сапаларын дәлірек  анықтау мен қажетті психо-педагогикалық көмекті ұймдастыру үшін қажет. Жаңадан қабылданаған 7 сынып оқушыларына оқу жылының басында кешенді психологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қорытындысымен пед. консилиумда таныстырылған болатын. 

Темперамент   типі арқылы  кімде қандай мінез-құлық ерекшелігі байқалды.


Психологиялық ерекшелігі бойынша


сангвиник

холерик

флегматик

мелонхолик

Ширақ, нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуітең, қозғалғыш адам. Ашық, көпшіл,

сөзшең, кісіге қайырымды, оптимист, көтеріңкі көңілді

Ұстамсыз, нерв жүйесі күшті, қозу тежелуінен басым, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл-күйі  тез өзгеретін, қарым-қатынаста аумалы-төкпелі, ашуланшақ, тұрақсыз адам.

Нерв жүйесі күшті, қозу мен тежелуі тең, бірақ қозғалысы баяу адамдар. Өте сақ, ұяң, байсалды, сенімді, тұрақты, сабырлы, бір қалыпты адам

Нерв жүйесі әлсіз, өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын адам.

7«А»

7- 30%

5-21%

10-43%

1-4%

7«Б»

7– 29 %

4- 16%

13-54%

2-8%








Темперамент – психика қасиеті.  Ол адамның жүріс-тұрысынан, іс-қимылынан,  сөйлеген сөзінен көрініс береді.  Жалпы темпераменттің барлық  типтері адам бойында бар. Тек біреуі жағдайға қарай басыңқы болады. 7«А» сыныбында мелонхоликтер  немесе пессимист, баяу қозғалатын оқушылар 4% -құраса, 7«Б»  сыныбында 8%-ын құрайды. Дегенмен, 7 «Б» сыныпта флегматиктер саны жоғары (54%). Болашақта сабақ беру кезінде, топтық жұмыс жасау барысында т.б. осындай психологиялық ере

кшеліктері   ескерілсе деген ұсыныс білдірілді. 

Биылғы оқу жылында лицейге қабылданғанымен, онлайн оқу фарматында оқуға байланысты, 7-сынып оқушылары бір-бірімен кездеспеген, таныспаған. Сол себепті, қыркүйек айының алғашқы күндерінен бастап онлайн танысу жүргізіліп, бір-бірлерін тануға мүмкіндік жасалды. 

Сондай-ақ, «EDUAGE платформасы арқылы ZOOM қосымшасы арқылы өткізілген сабақтар түсінікті ме?» деген сауалға 100 пайыз «Иә, түсінікті» деп жауап көрсеткен. Яғни сабақтарды қабылдауына тиімді болғанын байқауға болады. 

7-11-сынып оқушыларына «Позитивті ойлау – жетістік кілті» атты конференция-сабақтар ұйымдастырылды«Стресс» және «Кибербуллинг» тақырыптарында әр сыныпқа жеке-жеке вебинарлар жүргізілді. Оқушылардың үй жағдайында оқуына байланысты, ұзақ уақыт монитор алдында отыруларына орай, нүктелік жаттығулар мен физикалық жаттығуларды жасау ұйымдастырылып отырылды. 

7-10 сынып оқушыларына «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында дөгелек үстел ұйымдастырылды.

7-8-сыныптармен АРТ-терапия техникаларын пайдалануға бағытталған кешенді сабақтар жүргізілді.

Мұғалімдерге «Эмоционалды интеллект» және «Эмоционалды күю», «Ресурсты қайдан аламыз» тақырыптарында вебинарлар ұйымдастырылды.  Жас мамандарды қолдау мақсатында кеңестер жүргізіліп отырылды.

Кәсіби бағдар беру- мамандықты дұрыс таңдау кепілі


Мамандық таңдау - адам өміріндегі ең негізгі мәселе болып табылады. Себебі, қоғамға кемел де терең біліммен қаруланып ғылым мен техниканың сан қырлы тетігін меңгерген, бүкіл әлемдік құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ қажет.              

Адамның өзін-өзі тану үшін, өзіне және айналасындағыларға мәлім және беймәлім   қырлары мен қасиеттерін білуге, оқушының қабілеті мен қызығушылығын, қажеттілігі мен мүмкіндігін ескере отырып, бейінін анықтауына ықпал ету. Ол үшін ең алдымен, тұлғаның өз мүмкіндіктерін тануына бағыт-бағдар беріледі.

Оқушылардың мамандық таңдауына көмектесу, бағыт- бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету мақсаты алдымызға қойылуда. 

Тұлғаларды психологиялық типтерге бөліп, мінез-құлықтарына сипаттама беруге арналған психологиялық тесттер бүгінгі күні кеңінен қолдануда. Солардың бірі Е. Климовтің ДДО, Джон Голланд cауалнамалары жоғары сынып оқушыларына кеңінен қолданылып келеді. ДДО тесті төрт түрлі мамандыққа тән ерекшеліктерге бағытталған сұрақтардан тұратын сауалнама болса, сонымен бірге мысалы «адам-адам», «адам-табиғат», «адам-белгілер жүйесі», «адам-техника», «көркемдік бейне» деген бағыттар қамтылған.  Ал Джон Голланд сауалнамасы «Реалистік», «Интеллектуалдық», «Әлеуметтік», «Конвенциялық», «Тапқыр» және «Әртістік» типтер арқылы сәйкес келетін мамандықтар анықталды. https://proforientator.ru/tests/ сілтемесі арқылы «Тұлға және мамандықтар» тестін жазды. Бұл тест арқылы оқушылардың тұлғалық ерекшеліктеріне қарай, сәйкес келетін мамандықтар топтарылып, таныстырылды. 

Оқушылардың мамандық таңдауы туралы ойларын кеңейту, нығайту мақсатында «Мамандық  таңдау  маңызды  іс» топтық тренинг жүргізілді. 

«Стресс және дағдарыс» атты
 жасөспірімдердегі дағдарыстық кезеңнен жеңіл өту мақсатында вебинар жүргізілді. Оқушылардың көп уақыты компьютер алдында, интернет желісі арқылы жұмыс жасауына байланысты кибербуллингті болдырмауға және интернеттегі қауіпсіздік шараларын қолдана алу мақсатында «Әңгімелесейік» вебинары жүргілді. Ұзақ уақыт бойы компьютер мониторының алдында отыру, үй-жағдайында отырып, қимыл-әрекеттердің шектелуінен қозғалыс белсенділігі азаюда. Соның салдарынан мидың оттегімен қамтамасыз етілуінің нашарлауына, еңбек қабілетінің төмендеуіне, түрлі аурулардың қозуына әкеліп соғады. Осы орайда әр сынып оқушыларына сергіту сәттері, ақыл-ой, нүктелік жаттығулары ұйымдастырылуда. 

Қашықтан  Edupage және ZOOM  арқылы оқушыларға кәсіптік бағдар бойынша «Мамандықты қателеспей дұрыс таңдау дегеніміз не? «Мамандықтың бәрі жақсы»  «Мен қалаған мамандық», «Мамандықтар әлемінде» тақырыбында 9-10-сынып оқушыларына бейнероликтер көрсетіліп, презентациялар  салынып, пікірсайыс, сұхбат тренингтер жүргізілді. Мамандықтар жайлы, таңдау пәні бойынша сұхбат жүргізілді. Көбінесе оқушыларда физика пәнін таңдау арқылы қандай ЖОО және мамандық түрлерін таңдау жасай алатыны жайлы әңгіме жүргізілді. Қазақстанда және әлемдік деңгейде ең үздік жоғарғы оқу орындарына түсу және болашақта  сұранысқа ие болатын мамандық түрлерімен таныстырылды.                                                                                                          

Қорытынды:  Талап етілген мамандық бойынша жоғары білім туралы диплом иеленушісі болу емес, нағыз маман болу өте маңызды. Дұрыс таңдалмаған мамандық- мамандық иесінің өзіне ғана емес, қоғамға да кері әсерін тигізетінін ұмытпағанымыз жөн.

ҰБТ-ге психологиялық даярлық

Мақсаты: ҰБТ-ны сәтті тапсыруына психологиялық қолдау жасау, эмоционалды қысымды түсіру, мазасыздық, қорқыныш, сенімсіздік деңгейін төмендетіп, есте сақтау, ойлау қабілеттерін, зейінін дамыту. Осы орайда жоспар негізіндее тренингтер мен кеңестер жүргізілді. Профильдік пәнді өзгерту кезіндегі қиындықтарды жою, мотивацияны арттыру сынды ұсыныстар жасалынды. 

Оқушылар мазасыздықты, қобалжуды, эмоциялық қысымды төмендетуге арналған жаттығулардан алған әсерімен бөлісіп отырды. ҰБТ кезінде бланкіні толтыруда қателеспеуге зейінді болуға, тесті сәтті тапсыруға мотивация беретін видеосабақтар көрсетіліп, пікіралмасулар болып отырады және өздерін мазалаған сұрақтар бойынша психологиялық кеңес беру жүргізілді. 

Әрбір оқушыға жүргізілген диагностикалық және т.б психологиялық зертеулердің қорытындылары бойынша педагогтар мен оқушыларға, тәрбиешілерге психологиялық ұсыныстар беріліп отырылды. Оқушылар да жас ерекшеліктеріне сай дамыған. COVID-19 пандемияға байланысты қашықтықтан оқытылу жүргізілу негізінде сынып оқушыларымен ZOOM, әлеуметтік желілер, телефон және edupage платформасы арқылы қарым-қатынас үзілмеді. Оқушыларға және ата-аналарына ақпараттық ұсыныстар және кеңестер берілді, онлайн-тренингтер жүргізілді.

«Шығыс Дарыны» облыстық журналына «Қашықтан оқыту кезінде оқушыларды педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу» мақаласы жарияланды. 

  1. Кітапхананың  2020 - 2021 оқу жылындағы  жұмыс қорытындысы

Лицей кітапханасы жалпы жоспардың бөлімдеріне сүйене отырып, әкімшілік бекіткен жоспар бойынша жұмыс істейді.

1. Кітапхананың негізгі міндеттері.

- Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау, өзін – өзі тәрбиелеу, ақпараттық-зияткерлік ресурстарды талдау және пайдалану, өз идеяларын жүзеге асыру, қоғамның дамуы, уақыт өте келе байланысты өзгерістер, кітапқұмармен танысу, көптеген ақпаратты тек кітаптан таба білу.

- Қазіргі білім маңызды рөл атқаратын жаңа ақпараттық қоғамда баланың рухани әлемі мен жанына зиян келтірмеу үшін ақпараттық хабарламалармен үздіксіз, үнемі қамтамасыз ету.

- Біздің лицей дарынды балаларға арналған болғандықтан, кітапхананың негізгі жұмысы балаларды білім беруді дамыту үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Әр баланың өз талантын сөндіруге болмайды, керісінше, мұғалімдер берген ұшқындарды жағу, олардың таланттарын қолдау және оларға шынайы жолға түсуге көмектесу.

- Педагогикалық ұжымға қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуде аймақтық серіктестерді қолдануға ықпал ету. Болашақта жүргізілетін дәстүрлі және жаңа технологияларды пайдалана отырып, жұмыс нысандарын құруды қолдау.

- Лицейдің кітапхана қабырғасына ыңғайлы мәдени кеңістік құру.


2. Жалпы ақпарат

2020-2021 оқу жылындағы кітапхана туралы мәліметтер:

-Кітапхана қорында барлығы-7242 дана кітап бар

– оның ішінде-3089 дана мектеп оқулықтары

- қорлардың өсімі 0,03

- лицейде барлығы 216 оқушы

- оның ішінде 216 кітапхана оқырмандары

-мұғалімдер-27

-қызметкерлер-23

- тәрбиешілер-12

- қызметкерлер 10

- барлығы-288 оқырман.


3. Кітап қорын есепке алу және толықтыру туралы мәліметтер:

Кітапханада 2020 жылғы оқулықтарды қабылдау актісі, түгендеу кітабы, жиынтық есеп кітабы, 2021 жылғы газет басылымдарының картотекасы бар. Лицейде 2021 жылы 203428 теңге сомасына 6 газет және 19 журнал жазылды.

Оқу жылы ішінде кітаптар қоры тексеріледі, осы жұмыстар барысында Қор кітаптарының ескіргендігі тексеріледі және олардың актілік тізімі шығарылады. 2021-2022 оқу жылына кітап сөрелерін дайындау, кітапхана стилін сақтау, кітапхана құрылымы мен сыртқы келбетіне назар аудару, заманауи талаптарға жауап беретін безендіру жұмыстары жазғы демалыс кезінде жүзеге асырылады. Кітапхана қорындағы құнды басылымдардың, оқулықтардың сақталуына кітапхана толық жауап береді.


4. Оқуды мәдени демалыстың бір түрі ретінде насихаттау.

Әдебиетті насихаттаудағы кітапхананың рөлі орасан зор. Кітап байлығын бағдарлауға көмектесу, мектеп өміріне белсенді қатысу-мектеп кітапханашысының міндеті. Мектеп кітапханасының міндеті-әр оқырман өз кітабын тауып, қажетті кеңестер алып, өзін-өзі тәрбиелеуге, жеке басын ашуға қолайлы жағдайға тап болуы.

Кітапхана қызметінің маңызды бағыты қорды көрмелер арқылы ашу болып табылады. Кітапханада мерейтойлық және айтулы күндерге, сондай-ақ түрлі айлықтарға арналған түрлі көрмелер ұйымдастырылады. Сондай-ақ тұрақты жұмыс істейтін кітап көрмелері бар, олар жаңадан келіп түскен "жаңа түсімдер"әдебиеттерімен үнемі жаңартылып отырады. Күнтізбелік күндерге арналған көрмелер циклі ең маңызды және сәтті болды. Осы көрмелерге материалды таңдай отырып, мерекенің тарихын айтып қана қоймай, қызықты фактілерді хабарлауға тырысасың, сонымен қатар көрмеден әдебиеттер ұсынып, оқырмандармен әңгімелесесің. Мерейтой иелеріне арналған көрмелерге ерекше көңіл бөлінеді.

Кітапхана қорын ашуда кітапхана түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланды, оқу жылы бойы кітапханада тұрақты жұмыс істейтін кітап көрмелері ұйымдастырылды:

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына "Тәуелсіздік-елімнің еркін жолы!" көрмесі және "Мерейтой иелер" (жазушылар мен мерейтой иесінің кітаптары)

Оқулықтар қоры жеке стеллажда орналасқан. Орналастыру сыныптар бойынша жүргізілді. Есептен шығаруға арналған ескірген кітаптар бөлек бөлінген.

Жыл сайын жаңа оқулықтарға тапсырыс жасалады. Тапсырысты қалыптастыруға кітапханашы мен мектеп әкімшілігі қатысады.

Оқулықтардың сақталуын болдырмау мақсатында кітапханашы оқырмандармен, ал сынып жетекшілерімен сынып сағаттарында әңгімелесулер өткізеді. Оқулықтардың сақталуы бойынша жүйелі түрде рейдтер жүргізілді.

Оқу жылының соңында кесте бойынша оқулықтар сынып бойынша тапсырылады.


5. Ақпараттық жұмыстар

Кітапханада кез-келген мұғалім сабаққа дайындала алады және әртүрлі әдебиеттермен, әдістемелік басылымдармен дидактикалық материалдарды қолдана алады. Лицей әкімшілігі мен қызметкерлері кітапханаға түскен жаңа баспалардың басылымдарымен танысады.

Лицей кітапханасы О.Бөкей атындағы қалалық кітапханамен, ПҚБАИ, Пушкин атындағы облыстық кітапханамен, облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасымен, қала мектептерінің кітапханаларымен үнемі байланыста. Егер лицей кітапханасынан табылмаса, кітапханаға келіп түскен сұрау салулар жоғарыда көрсетілген кітапханалардан іздестіріліп, сұрау салушы органдарға жеткізіледі. Лицей кітапханасында Олимпиадаға дайындық бойынша кітаптар бар.

6. 2020-2021 оқу жылында іс-шаралар өткізілді.

Оқу жылының басынан бастап covid-19 пандемиясына байланысты енгізілген шектеулерге байланысты қашықтықтан оқыту нысанына жылжыту жүзеге асырылды.


Ағымдағы жылы кітапхана жұмысы пайдаланушыларға қашықтықтан қызмет көрсету әдістерін нығайтуға байланысты маңызды өзгерістерге орайластырылды, WhatsApp және Instagram платформасында ұсынымдық сипаттағы тұрақты жұмыс істейтін кітаптар коллекциясы ұйымдастырылды.


"Оқу мектебі" жобасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 30 қарашада сағат 10.00-де Президент күніне арналған "Елін сүйген, елі сүйген елбасы" кітаптарының виртуалды көрмесі онлайн форматта ұйымдастырылды. Тәуелсіздік күніне «Тәуелсіздік – ел бақыты» виртуалды көрме ұйымдастырылды

Instagram платформасында Kitapp қосымшасы, электронды кітаптарға қол жетімділік құрылды.



"Оқу мектебі" жобасын жүзеге асыру аясында 2020 жылдың 30 қарашасында онлайн форматта Президент күніне арналған "Елін сүйген, елі сүйген елбасы"атты кітаптардың виртуалды көрмесі ұйымдастырылды.

Мемлекет басшысы Қ.ж. Тоқаев 2021 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы жылы деп жариялады. Осыған байланысты "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған және жалпы оқу үшін "30 кітап - Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына" 30 кітап таңдалды.

"Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап" республикалық акциясы аясында онлайн көрме дайындалды

Оқу жылы бойы "кітапқа екінші өмір сыйла"қайырымдылық акциясы өтті. Осы акция барысында лицей кітапханасының қоры 27 дана кітаппен толықтырылды.



Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі оқудың рөлін арттыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында "оқу мектебі" жобасы аясында түрлі іс-шаралар өткізілді.

Іс жүзінде барлық іс-шаралар оқуға деген қызығушылықтың дамуына ықпал етті. Педагогикалық ұжыммен бірге кітапты насихаттау бойынша әртүрлі жұмыс түрлері қолданылды. Бұл жұмыстағы маңызды орындардың бірі-бұқаралық іс-шаралар, өйткені сабақтан тыс іс-шараларда балалармен жанды қарым-қатынас жүреді. Бұл ашық сабақтар, викториналар, Мерекелер.

Кітапханада өткізілген барлық іс-шаралар мектеп оқушыларын әдеби, тарихи, толерантты ағартуға, патриоттық, адамгершілік, эстетикалық тәрбиеге жәрдемдесуге және кітап пен оқудың тартымды бейнесін қалыптастыруға бағытталған.


Іс-Шаралар

Барлығы

1

әңгімелер мен кештер

2

2

библиографиялық сабақтар мен шолулар

2

3

кітап-иллюстрациялық және онлайн көрмелер

7


2020-2021 оқу жылындағы іс-шаралар:


1 ақпан мен 7 ақпан аралығында лицейде қазақ тілі апталығы өткізілді. 1 ақпанда салтанатты ашылу өтті. Кітап көрмесі ұйымдастырылды және осы көрмеге шолу жасалды.

4 ақпан күні қазақ педагог-ағартушысы, жазушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай "Қазақтың ұлы" атты еске алу кеші өтті

Іс-шара барысында қатысушылар Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығымен танысып, тест сұрақтарына жауап беріп, еңбектеріне талдау жасады. "Ы. Алтынсарин мұрасы-мәңгіліктің игілігі" атты кітапханалық көрме және "Кел, балалар, оқылық" өлеңдерін мәнерлеп оқу конкурсы ұйымдастырылды! Балалар Ыбырай Алтынсариннің өмірі туралы бейне фильм және «Қазақ даласының алғашқы мұғалімі» презентациясын тамашалады. Содан кейін балалар екі топқа бөлініп, жазушының шығармалары бойынша постты орындауға тапсырма берді.

9 ақпан күні Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған "Мұқағали-жыр дүлділі" атты әдеби кеш өтті. Іс-шара барысында Мұқағали Мақатаевтың өмірі туралы кітап көрмесі ұйымдастырылып, оның өмірі, отбасы мен достары туралы бейнеролик көрсетілді.

Мақатаевтың поэзиясы патриотизмге толы, оның негізгі компоненттері-өз халқына және ана тіліне деген сүйіспеншілік. Сонымен қатар, оқушылардың орындауындағы тамаша өлеңдер барлығына жақсы көңіл-күй сыйлады.

26 ақпан күні Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай "Алатаудың асқақ жыршысы" атты әңгіме өтті, балалар кітап көрмесімен және Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы, оның Отанға деген махаббатқа толы шығармалары туралы материалдар ұсынылған бейне фильммен танысты.

23 сәуірде Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнінің тарихы туралы кітапханалық сабақтар өткізілді, балалар кітаптардың бұрын қандай болғанын, адамдар не жазғанын және қалай жазғанын білді. Оқушылар дәстүрлі және электронды кітаптардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылады, сондай-ақ олар не үшін оқитынын айтты. Оқушылар назарына «Кітаптың тууы», «Ең ерекше кітаптар» атты бейнероликтер ұсынылды.

18 наурызда кітапхана қабырғасында қазақ және орыс жазушыларының шығармалары бойынша викторина өткізілді

26 сәуірде «Чернобыль: трагедия, ерлік, ескерту» еске алу сағаты өтті, іс-шара барысында қатысушылар трагедияның тарихи оқиғаларымен танысып, «Чернобыль 30 жылдан кейін» деректі фильмін көрді


  1. Дене шынықтыру пәні мұғалімінің  жұмыс қорытындысы


2020-2021 оқу жылы бойынша дене шынықтыру пәні мұғалімінің есебі Мұғалімнің аты- жөні: Мукашев Бауржан Сергазынович

Осы мектептегі еңбек өтілі:11 жыл

Жалпы еңбек өтілі:19 жыл

Біліктілік санаты: Жоғарғы санатты, дене шынықтыру пәні мұғалімі лауазымы бойынша педагог-зерттеуші

Сағат жүктемесі: 27 сағат

  1. Сабақта қолданылатын технологиялар туралы  және өзекті тақырыбым туралы ақпарат

Жалпы сабақты Ы.Алтынсарин  атындағы білім академиясының бекіткен бағдарламасы  бойынша сабақ өткізіледі.Қолданып жүрген технологиям модульдік,өзекті тақырыбым «Оқушылардың жан-жақты дамуына спорттық жаттығулар арқылы ықпал ету».

  1. Оқушылар жетістігі:
  • 2020-2021 оқу жылы Тараз қаласындағы Республикалық біріншілігіне 9-11 сынып оқушылары қатысты.  
  1. Мұғалімнің жетістігі:
  • Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д.К.Ахметұлының «Алғыс хаты» Өскемен, 2021 

Дене шынықтыру пәні бойынша жасалған жұмыс қорытындысы

2020-2021 оқу жылының жыл аяғында лицейімізді 214 оқушы аяқтады. Сыныптармен бөлгенде 9 сынып, оның ішінде 7-ші сынып біреу 7Б, 8-ші сынып екеу 8А, 8Б, 9-шы сынып екеу 9А, 9Б, 10-шы сынып екеу 10А, 10 Б, 11А, 11Б сыныбы екеу. Дене тәрбиесі сабағы жаңартылған бағдарлама бойынша 7-11 сыныптарда аптасына 2 сағаттық, жылына 68 сағат және аптасына 1 сағат футбол жылына 34 сағатпен оқытылды. Жалпы сабақ   Ы.Алтынсарин  атындағы білім академиясының бекіткен бағдарламасы бойынша сабақ өткізіледі.

Президенттік тест туралы жалпы ақпарат:

Білім беру депарментінің 28,12,2006 № 230 бұйрығын орындау барысында:

Жоғарыда көрсетілгендей 2021-2021 оқу жылында  7-9-11-ші сыныптары карантинге байланысты жоспарланған президенттік тест сынақтары қабылданбады. 


Лицейіміздің оқушылары үшін лицей сыртында 35*28 м мөлшерінде баскетбол алаңы,35*16 м мөлшерінде футбол алаңы, сонымен қатар үлкенді-кішілі турник, брусья, қолжүріс, швед қабырғасы сияқты гимнастикалық снарядтар бар. Лицей ішінде 12*22 м мөлшерінде үлкен спортзал, онда баскетбол, волейбол сызықтары көрсетілген. Жаттығу құрылғысы залы 6*12 м мөлшерінде. 8 жаттығу құрылғысы, гантель, гирь, белдік, үлкен қабырға айнамен жабдықталған. 

         Сабақтан тыс оқушыларды тәрбиелеуде лицей ішінде футбол, баскетбол, волейбол үйірмелері жұмыс атқарды. Тараз қаласында өткен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлері арасындағы республикалық баскетбол турниріне қатысуға жолдама болды. 

            Пандемиялық жағдайға байланысты, үй жағдайында оқыған оқушылардың физикалық денсаулығын сақтау үшін спорттық ойындар мен жаттығулар, нүктелік жаттығулар EDUPAGE платформасы арқылы уақытылы ұсыныстар мен нұсқаулықтар беріліп отырылды.

          Сондай-ақ оқу жылында спорттық ойындармен қатар, ұлттық ойындарда қамтылады. Атап айтқанда, тоғыз құмалақ, шахмат онлайн-турниралары ұйымдастырылды.

         Дене шынықтыру тәрбиесінің мұғалімі  қауіпсіздік ережесіне байланысты әр тоқсанда оқушыларға нұсқау беріліп отырылды. Сонымен қатар қауіпсіздік ережесі туралы мағлұматтар ілінген, қабырға газеттері жасалады. Сонымен қатар дене шынықтыру сабағын тиімді жүргізу үшін лицей сыртындағы 35*16 м. мөлшеріндегі футбол алаңын, заманауи үлгідегі, яғни жасанды көгал және арнаулы қоршаумен бекітіп,  қолданысқа берсеңіздер деген ұсынысым бар.

  1. 2020-2021 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық есебі

2020-2021 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық есебі


      «Бала тәрбиесінің ең үлкені – оны еңбекке баулу. 

Еңбекшіл жас қана ең үздік азамат болып қалыптасады.»
 Әзілхан Нұршайықов


Қазақ халқы бала тәрбиесіне бей-жай қарамаған. «Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы»,- деп бала тәрбиесіне аса зор жауапкершілік жүктеген. Ол туралы ел ішінде айтылатын қанатты сөздер мен нақылдардан көруге болады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»,-дейді. Яғни, бала тәрбиесі отбасы, ошақ қасынан басталады. Отбасында алған тәрбиесі баланың адам болып қалыптасуына тікелей әсер етеді. Ұрпақ тәрбиесіне өзінің тағы да бір өлшеушсіз үлесін қосатын, ол-мектеп ұжымы. Бала тәрбиесі, болашақ ұрпақ, саналы жастар сынды тізбектелген ұғымдар білім мен тәрбие саласында жүрген ұстаздық мәртебесін биік қоятын әрбір жанға жауапкершілік артқандай боп сезіледі. Қалай дейсіз бе? Шәкіртінің бойына бір құндылықты үйретсем, бір жақсы әдетке дағдыландырсам, білімнің қайнар көзінен санасына жол ашсам, болашағына жарық болар бір білімге қызықтырсам деген ойлар тәлімгерді бей-жай қалдырмайды. Ұстаздық ету – шәкіртіне сызған жолдан әуелі өзі өтуі, оған үлгі болу деген сөз. Мектеп ұжымының ата-аналармен ынтымақтастығы оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болып табылады. Мектеп — өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп еш уақытта ата-аналардың қоғамынан бөлініп, өз бетінше жеке дербес мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен байланысты. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Өскемен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейіндегі осындай одақтастықтың ең басты формасы – ата-аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер, мысалы, күнделікті өмір, еңбек демалысы, оқушылардың бос уақыты, кәсіби бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады. Оқыту-тәрбиелеудің барлық бағыттарындағы дарындылықты дамытуды ұйымдастыру, жетілдіру мәселелерінде әр жыл сайын жаңаша көзқарас, шығармашылық, әдістемелік ізденіспен қабілетті шәкірт, жеке тұлға тәрбилеу мақсатында лицей директоры А.М.Мәулеттің бақылау-басшылығымен әкімшілік кеңес, педагогикалық кеңес мәжілістерінде жан-жақты талқыланып отырады. 

Оқу жылының басында 2019-2020 оқу жылы атқарған жұмыстарға талдау арқылы 2020-2021 оқу жылына міндеттер айқындалды, ұйымдастыру шаралар іске асты: сынып жетекшілер тағайындалды, оқушылар мен ата-аналардың әлеуметтік жағдайлары туралы мәліметтер жиналды, тәрбие жоспарының бағыттары белгіленді, сынып бөлмелері бекітілді. Сонымен қатар, сынып жетекшілерінің тәрбие жоспарлары бекітіліп, лицей оқушыларының киім үлгісі мен күн тәртібіне біріңғай талаптар қойылды. Тәрбие жоспары Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбие берудің кешенді бағдарламасына сай «Тәрбие жұмысын жоспарлауға арналған әдістемелік нұсқауды» және басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарды басшылыққа ала отырып жасалып, лицей директоры А.М. Мәулет тарапынан бекітілді. 

Жыл көлемінде келесі мұғалімдер сыныптарға жетекшілік етті.

                        7А - Мырзахметов Арман / 24 оқушы

                        7Б - Жанарбеков Рауан /24 оқушы

                                                                       Тәрбиешісі:   Мерикенова Венера Мерикекызы

                                   

                        8А-  Аналиев Сұңғат /21 оқушы

                 - Бақтығали Мұхаммедали Айдарханұлы /22 оқушы

                                                                       Тәрбиешісі – Айтбаева Аягоз Жанболатовна

                        9А- Фатих Аслан /24 оқушы

                - Хожақметов Наурызбай /19 оқушы

                                                           Тәрбиешісі- Смагулова Жадыра Хаджымұратқызы


                        10А- Ауэзов Біржан Бекұлы /23 оқушы

                        10Б- Нұртаза Елжас /22 оқушы

                                                           Тәрбиешісі - Катышева Куралай Каликешовна


                        11А-Алмаганбетов Жасұлан Сабирович /17 оқушы                                                       

                        11Б- Жолгелдиев Жанболат Бакытович /20 оқушы

Тәрбиешісі - Тулегенова Айнур Сайфуллаевна


Тәрбие жұмысын тек сынып жетекшілері ғана жүргізіп қоймайды, оны баламен қарым-қатынаста болатын әрбір пән мұғалімі сабақ беру барысында, сабақтан тыс іс-шаралар арқылы жүргізіліп, өскелең ұрпақты өзін-өзі ұстау мәдениетімен, терең білімімен, сырт көрінісімен, келбетімен, өмірлік ұстанымымен сөзімен де, ісімен де тәрбиелейді. 

Орта буындағы тәрбие жоспары бала бойында білім алуға саналы көзқарас қалыптасып, олардың қоғамдық белсенділіктерін арттыруға,өзара достық пен қарым-қатынас қалыптастыруға бағытталды. Мұнда әрбір мұғалім балаға дұрыс бағыт-бағдар бере білді. Жоғары буында әр оқушының әлеуметтік қалыптасқан тұлға ретінде, өз ойы мен пікірі, өмірлік позициясы қалыптасатыны белгілі. Сыныптың ұйымшылдығы мен мәдениеттілігін, білімге ұмтылысы мен қоғамдық жұмысқа белсенділігін және оқушылардың тәрбиелік деңгейін көтеруде сыныптағы тәрбие жұмысының ұйымдастырушысы мен сыныптың ұйытқысы болып табылатын сынып жетекшісінің ролі өте зор.

Әрбір сынып жетекші тәрбиелік іс-шараларды оқушылардың жас ерекшеліктерін, талап-талғамдары мен қызығушылықтарын ескере отырып, ұйымдастыруы қажет. Әрбір оқушы сынып жетекшілерден сөзі мен ісінің бір болуын, жеке тұлғалық, адамгершілік қасиеттерінің, педагогикалық әдебі мен білімінің, мәдениетінің жоғары болуын талап етеді.

 Тәрбие жұмысының жүйесі қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру, құқықтық, саяси мәдениетті, танымдық қызығушылық пен сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру, адамгершілік мәдениеті, этномәдениет, талғам мәдениеті, экологиялық, кәсіби бағдар беру мен экономикалық мәдениет, салауатты өмір дағдыларын, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мен толеранттылығын қалыптастыру, отбасылық қарым-қатынас пен гендерлік сауаттылығын арттыру бағыттары және атаулы күндерге арналған іс-шаралар, қоғамдық ұйымдармен, ата-аналармен жұмыс бөлімдерінен тұрады. 

Жыл көлемінде тәрбие жұмыстарын жүзеге асырған жауапты адамдар:

1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Алмаганбетов Жасулан Сабирович .

2. Тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушысы: Смагулова Жадыра Хажымұратқызы.

3. Жатақхана меңгерушісі: Шакиртов Ринат Серикович. 

Мектеп ұжымының ата-аналармен ынтымақтастығы оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болып табылады. Мектеп — өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп еш уақытта ата-аналардың қоғамынан бөлініп, өз бетінше жеке дербес мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен байланысты.

Өскемен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейіндегі осындай одақтастықтың ең басты формасы – ата-аналар жиналысы. Әр тоқсан сайын өткізілген ата-аналар жиналысы бірнеше кезеңді қамтыды: 

1) Жалпы ата-аналар жиналысы.  Жиналыс еліміздегі жағдайға байланысты онлайн өткізілді. Бұл кезеңді лицей директоры өткізді. Лицейдің жетістіктері, жаңалықтары, жоспарлары туралы айтылды. 

2) Келесі кезеңде әрбір ата-ана өз сынып жетекшісі ұйымдастырған жиналысқа онлайн түрде қатысты. Ол кезде күн тәртібіндегі мәселелер қарастырылды.

3) Соңғы кезеңде ата-аналар офлайн және онлайн  педконсилиумге қатыса отырып балалары жайлы мағлұматтар алды. Жеке кабинеттерге бөлінген ұстаздар қауымымен кездесіп, баланың жетістіктері мен қиындықтары туралы дәлелді ақпарттарға ие болды. 

Оқыту-тәрбиелеудің барлық бағыттарындағы дарындылықты дамытуды ұйымдастыру, жетілдіру мәселелерінде әр жыл сайын жаңаша көзқарас, шығармашылық, әдістемелік ізденіспен қабілетті шәкірт, жеке тұлға тәрбилеу мақсатында лицей директоры А.М.Мәулеттің бақылау-басшылығымен әкімшілік кеңес, педагогикалық кеңес мәжілістерінде жан-жақты талқыланып отырады. Тәрбие үрдісінің жылдық жоспарында белгіленген барлық бағыттағы іс-шаралар айлық, апталық мерзімдерге бөлініп, оқушының жас ерекшелігіне сай өтілу түрі, тақырыбы, мақсаты, көлемі нақты айқындалып, әдістері белгіленеді.

          Еліміздегі карантиндік жағдайларға байланысты тәрбиелік іс-шаралар төмендегідей жүйеге топтастырылып, білім ордамызда дарынды балаларды тану, тәрбиелеу, дамыту жолындағы қиын  да жауапты, қызықты да кәсіби шеберліктің үлгісін көрсететін ұлы істің бөлшегіндей күнделікті оқу-тәрбие ырғағында өз арнасын тауып отыр:

1. Сынып жетекшілері мен тәрбиешілердің лицей педагог-психологы Р.Р.Рамазановамен тығыз байланыстағы диагностикалық жұмысы. (Пікіртерімдер, сыныптың мінездемесі, сыныптың социометриялық-әлеуметтік картасы, оқушының даму картасы)

2. Лицейішілік 

3. Ынтымақтастық және шығармашылық сағаттары (Әңгіме, тақырыптық өнеге сағаттары, пикник, кәсіби бағдар беру)

4. Лицейдің «Тәртіп жүйесі» жұмысы бағыттары. (Жеке әңгіме, оқушылар жиыны, ата-анамен байланыс, «Министрлердің» мәжілісі)

5. Лицеистердің өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы. Аталған жұмыстардың барлығы онлайн форматта өткізілетін болады.

Оқушыларымыз қашыықтықтан оқитын болғандықтан лицейішілік іс-шаралар (салтанатты жиындар, тақырыптық-танымдық, ақпараттық, әдеби-музыкалық т.б. бағдарламалар, кездесу кештері) өкізілмейтін болды. 

Білім күніне арналған салтанатты жиын мен алғашқы білім сабақтарының тақырыптары Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласының аясында болды. Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған  «БІЛІМ – ИННОВАЦИЯ» лицейі «Алғашқы қоңырау – 2020!» атты Білім күнін онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы атап өтті. Аталған мерекенің мақсаты: Өскелең ұрпақтың бойына азаматтық және патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті дарыту; Еліміздегі өзекті мәселелерді шешуге өз үлесін қоса алатын, оның тағдырына жауап бере алатын, құқықтық мемлекеттің азаматын қалыптастыру. 

Лицей директоры А.М.Мәулет барша қауымды Білім күнімен құттықтап, білім ордасының өткен 2019 – 2020 оқу жылындағы жетістіктеріне тоқталды. Ата-аналар да жүрек жарды ақ тілектерін білдірді. Оқушылар дайындаған шағын мерекелік нөмірлерін  ұсынып, өздерінің бала көңілдерінен шыққан дара тілектерін жеткізі.

Адалдық – адам мінезіндегі бағалы қасиет. Жеке тұлғаның сана-сезіміне, ар-ұжданына қайшы келмейтін, халықтың мақсат-мүддсін көздейтін іс-әрекеттер. Әрбір азаматтың қоғамдағы адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі бар. 1 қазан күні 7-11 –сыныптарда «Адалдық сағаты» жалпы республикалық акциясы аясында «Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбында сынып тәрбиешілері тарапынан ұйымдастырылып, онлайн форматта өтті.                                                                                                                  

Қаржылық қызымет көрсету саласында 10 жылдан аса жұмыс тәжірибесі бар   Ренат Бектұровтың өмірі мен қызыметі жәйлі және жеткен жетістіктері мен алған асулары туралы бинеролик көрсетілді. 

    «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі – қазақтың әулиесі сол», - дейді Абай. Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектену процесінде қалыптасады. Адалдық жеке тұлғалар мен адамдардың абырой-атағын арттыратын ізгі қасиет.

Адалдық - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық-этикалық жиынтығы. Адалдық сағатының мақсаты - өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастарды адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу. Қоғамда оқушылармен байланысты болып жатқан келеңсіздіктердің алдын алуға бағытталған сабақ.
Лицейімізде 2020-2021 оқу жылындағы өзін-өзі басқару ұйымы бойынша лицей президентін сайлау онлайн түрде өтті.  Әр оқушы үміткер ретінде өздерін ұсынып өз бағдарламаларымен таныстырды.  

Лицейдегі өзін-өзі басқару ұйымының   президенті болып 10“Б” сынып оқушысы - Нұржанұлы Ернұр сайланды.  

Лицей президенті блып сайланған Нұржанұлы Ернұрдың  басты мақсаты лицей әкімшілігімен командасын бірлестіріп, осы оқу жылын есте қаларлықтай ету. Оқушыларымыздың білім, спорт, өнер бағыттарын және әрине тәрбие мен мәдениетін дамыту. Карантин санитарлық нормаларын сақтай отырып, қызықты да әрі белсенді іс-шаралар өткізу. Оқушыларымыздан кеңес сұрап, ақылдасып, сұхбат өткізіп лицейімізді жоғарғы деңгейге көтеру болып табылады.

Нұржанұлы Ернұрдың   Іс-шаралар тізімі: Sport (basket; football; tennis etc.), ”Film making” fest, Quests, Марафон( бег; велоспорт), BrainTrain (Kahoot; Quizzis), CyberSport( CS: GO; FiFA; Amoung us; Standoff 2 etc). Mentorship( 7,8,9 сыныптағы оқушыларымызға көмек көрсету) барлығына өзінің мақсатымен, министрлердің көмегімен жетеді деген сенімдеміз!

Қашықтықтан оқыту кезіндегі жаппай оқытудың орындалуын ұйымдастыруға байланысты, ата-аналармен, жеке сыныптармен  түсінік жұмыстары жүргізілді.

Еліміздегі карантиндік шектеулерге байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына сәйкес білім алушылардың, педагогтердің және басқа қызметкерлердің денсаулығын сақтау мақсатында оқу процесі 7-11 сыныптарда қашықтық форматта ұйымдастырылды

Осыған орай ата-аналармен, жеке сыныптармен  түсінік жұмыстары жүргізілді. Жиналысқа 7 «А» сыныбынан 20 ата-ана, 7 «Б» сыныбынан 18 ата-ана, 8 «А» сыныбынан 16 ата-ана, 8 «Б» сыныбынан 19 ата-ана, 9 «А» сыныбынан 21, 9 «Б» сыныбынан 15, 10 «А» сыныбынан 21, 10 «Б» сыныбынан 14, 11 «А» сыныбынан 15, 11 «Б» сыныбынан 17 ата-ана қатысты. Белгілі себептермен жиналысқа қатыса алмаған ата-аналға  әлеументтік желілер арқылы түсіндірме жұмыстар жүргзілді. Қашықтықтан оқу барысында   лицей оқушылары «Edupage» және «ZOOM» платформасы арқылы оқыйтыны жайлы және   «еdupage» платформасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері туралы  ата – аналарға айтылды. Бұл платформаның негізгі мүмкіндіктері: КТЖ енгізу, оқушының сабақта бар – жоғын немесе кешігуін белгілеу, күнделікті сабаққа байланысты  слайд, видео, ашық сұрақтарды жүктеу мүмкіндігі, платформа ішінде әр түрлі форматта емтихан алу мүмкіндігі бар екендігі де айтылды. Кез келген  оқушының тиянақты білім алып, жақсы көрсеткіш көрсетуіне барлық мүмкіндіктердің қарастырылғанын атап өтті.  

Қашықтықтан оқыту кезінде оқушылардың білім алудағы жіберілген олқылықтарын  және жалпы білім беру бойынша дағдыларын қалпына келтіру үшін лицейімізде 21 қазан күні 7 «А» сыныбында, 22 қазан күні  7 «Б» сыныбында,  23 қазан күні 8 және 9 сыныптарда оффлайн түрде сағат 14:00 – 16:00 аралығында педконсилиум   өтті.

Жалпы кеңеске қатысқан ата – аналар балаларының оқу үлгерімдері жайлы жеке-жеке пән мұғалімдерімен сойлесіп, бақылау жұмыстарының нәтижелері туралы пән мұғалімдерінен жан – жақты біліп, көкейдегі көптеген сұрақтарына жауап алып, балаларының білім деңгейі бойынша ақпараттар алды. 

Педконсилиумға әр сыныптан 80-85% ата –аналар қатысты. Аудандар мен ауылдарда тұратын ата –аналар белгілі бір себептемен педконсилиумға келе алмады. Кеңеске қатысқан ата –аналар өз алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Бейбітшілік пен татулықты арқау еткен мемлекеттің билігін күйретуге әсер ететін бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша жаһандық мәселе -терроризм.Қазіргі уақытта, терроризм мен эктремизмнің таралу қаупі еліміздің қауіпсіздігіне төнетін шынайы қауіпке айналып отыр.

Терроризм мен экстремизм үшін қылмыстық жауаптылық ҚР ҚК-нің 255-260 баптарында көзделген, соның ішінде терроризм актісін жасау, терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін 


жасауға жария түрде шақыру, террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу, экстремистік немесе террористік әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік, террористік не экстремистік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру, террористік немесе экстремистік даярлықтан өту үшін қылмыстық жауаптылықтар заңмен қарастырылған. Осы мәселелер бүгінгі таңда қоғамға кесірін тигізіп отырғаны және халықты алаңдатып отырғаны да жасырын емес. Экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында әлеументтік желілер арқылы (фейсбук, ватсап) https://www.facebook.com/oskemenbiliminnovationlyceum/posts/2371454319668023  ата-аналар чатына таратылды. Сонымен қатар, 3 – желтоқсан күні  9 «Б» сынып   және 10 «Б» сынып оқушыларына «Терроризм - елге төнген қауіп» тақырыбында сынып  сағаттары өткізілді.

Біздер Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде осы террористік, экстремистік әрекеттердің алдын-алуға үлес қосуымыз керек.

«Ұлы дала жыршысы» атты   Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылып, бірыңғай күнде бірнеше іс-шаралар өтті.

"Жамбыл – менің жай атым, Халық – менің шын атым" деп жырлаған ұлы жырау халықтың ғасырлар бойғы көкейінде жүрген арманын өлеңмен жеткізді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті   Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлы Жамбылға «адалдық пен адамгершіліктің, әділеттілік пен ізгіліктің алып жыршысы» деген тарихи бағасын берді. Жамбыл бабамыздың ұшан-теңіз шығармашылық мұрасы – халқының талайлы тарихы мен шынайы өмірінің айнасы. «Қазақтың Гомері» атанған ақынның эпикалық дастандарынан, айтыстары мен жыр-толғауларынан біз ұлтымыздың өзіндік болмысын, өмір салтын, көркемдік дүниетанымы мен арман-мақсаттарын танимыз. Әсіресе, «Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін сақтаған татулықты айт» деп жырлаған Жамбыл шығармашылығынан еліміздің бүгінгі бейбіт тірлігі мен берекелі бірлігін көргендей боламыз. Сол себепті де, Жамбыл шығармаларының негізгі идеясы бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның қарышты қадамдарымен, жасампаз істерімен үндесіп келеді. Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған арналған «Ұлы дала жыршысы» атты бірыңғай күннің өткізілуіне байланысты, жоспр бойынша лицей кітапханасында «Жамбыл және дәуір»  тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеде ақынның кітаптары және  басқа да қаламгерлердің ақын туралы айтылған ой-пікірлері қойылды. 9 және 11 сынып оқушылары үзіліс уақытында келіп қызықтап, көрді. 


Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған 

«Ұлы дала жыршысы» атты 9 «А» сынып оқушыларына офлайн түрде және 8 «А» сыныбына онлайн түрде  тәрбие сағаттары өтті. Оқушыларға Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында ақпараттар беріліп 

слайд түрінде түсіндірілді. Ақынның сан алуан туындылары, атап айтқанда: айтыстары, дастанары, өлеңдерімен танысып, мағынасы мен мазмұнына, көркемдігі мен ұйқастарына талдау жасалды. Сонымен қоса, Жамбылдың өміріндегі қызықты шақтардан бейнеролик әзірленіп оқушыларға ұсынылды. Сабақ соңында балалардың білімін нақтылау және сабақты бекіту мақсатында викториналық сұрақтар қойылды. 

9 «А» сынып оқушыларына офлайн өткен  «Ұлы дала жыршысы» тақырыбындағы сынып сағаты.

8 «А» сынып оқушыларына онлайн өткен  «Ұлы дала жыршысы» тақырыбындағы сынып сағаты.

Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұргүл Төлегенова жоспарға сәйкес Жамбыл Жабаевтың өмірінен  11 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен  көрініс көрсеті. 

Тарих пәні мұғалімінің «Жамбылдың ұлы жеңіске қосқан үлесі» тақырыбында   9 «С» сынып оқушыларына  жүргізген сабағынан көрініс.

Қашықтықтан оқыту кезінде оқушылардың білім алудағы жіберілген олқылықтарын  және жалпы білім беру бойынша дағдыларын қалпына келтіру үшін 14 желтоқсан күні 8 «А» сыныбында, 15 желтоқсан күні 8 «Б» сыныбында  ата – аналармен зуум платформасы арқылы  сағат 14:00 – 16:00 аралығында педконсилиум   өтті. 8 «А» сыныбында 21 оқушының ішінен 16 оқушының ата –анасы  қатысты. Ержанұлы Ілиас, Жайдарбек Ақжол, Мұсаев Жанасыл, Мырзабек Ерзат, Серік Абайдың ата – аналары белгілі бір себептермен педконсилиумға қатыса алмады. 8 «Б» сыныбында 22 оқушының ішінен 14 оқушының ата –анасы  қатысты.  Амантайұлы Ақылжан, Байғұнақов Мәди, Карачков Ярослав, Қадыров Әдлет, Құрманғазы Абылай, Талғтұлы Нұркелді, Төреханұлы Нұртөре, Тұрғанбаев Аңсағанның ата – аналары белгілі бір себептермен педконсилиумға қатыса алмады. 

Жалпы кеңеске қатысқан ата – аналар балаларының оқу үлгерімдері жайлы жеке-жеке пән мұғалімдерімен сойлесіп, бақылау жұмыстарының нәтижелері бойынша ақпараттар алды.   Сонымен қатар дайындық бақылауын күшейту мақсатында да ата – аналармен  әңгімелер жүргізілді. 


2020 – 2021 оқу жылындағы 1 тоқсанның үлгерімі бойынша білім сапасы төмен  оқушылардың ата – аналарымен жеке жұмыстар жүргізілді. Медетұлы Фирдаустың папасы Амиргелдиев Медет Муратович, Толыбаев Теміржанның папасы Толыбаев Жанат Камзанович, Сакен Динмухамедтің анасы Нуразханова Сандугаш Сериковна лицей директорының міндетін атқарушы Муратова Еркежан Кумаркановнамен жеке кездесіп, балаларының сабақ үлгерімдері жәйлі және сабаққа қатысулары жәйлі ақпараттар алды. 
Тұңғыш Президент күнін мерекелеуде және «Тәуелсіздіктің 7 қыры» деректі фильмін талқылау бойынша әзірленген іс –шаралар өтті. Қараша айының 23  күні Тұңғыш Президент күніне орай 7 «Б»  сынып оқушыларына "Тәуелсіз елдің көшбасшысы" тақырыбында сынып сағаты өтті. Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Н.Назарбаев аз ғана жылдың ішінде бұрын соңды болмаған мемлекет құрғаны жайлы, мыңдаған жылдар бойы бабаларымыз аңсаған тәуелсіздіктің туын көтергені туралы, әлемнің 150-ден астам елдерімен дипломатиялық қатынас орнатқаны жөнінде балаларға айтылып, олар да өз пікірлерімен бөлісті.

Тұңғыш Президент күніне арналған мерекеге байланысты 8 «А»  сынып оқушыларына 23 – қарашада "Бір ел, бір тағдыр" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Елбасы қадап айтқандай, Қазақстан халқы - білімге, ғылымға құмар халық. Оған сауаттылық жағынан Қазақстанның әлемдік көрсеткіш бойынша 4-орында тұрғанын айтсақ та жеткілікті. Оқушылар назарына слайдтар мен бейнероликтер ұсынылып, Нұрсұлтан Назарбаев армандаған болашақ Қазақстан қандай?, - деген тақырыпта пікір алмаса отырып  «ана тілінде еркін сөйлейтін, орыс тілін игерген, ағылшын тілін меңгерген ұрпақ және тату – тәтті өмір сүретін, терезесі тең, керегесі кең - өркениетті Қазақстан»,-деп пікір білдірді


Еліміздің ел болу шежіресі сан түрлі белестерден тұрады. Сол белестердің ең алғашқысы ол еліміздің Тұңғыш Президентінің сайлануы болатын. Тұңғыш Президент күніне арналған   мерекеге орай  9 «Б» сыныбында "Ғасырдың ғажап азаматы" тақырыбында сынып сағаты өтті.  Тәуелсіз Қазақстанды сындарлы жолдардан, сан түрлі белестерден құлатпай, сүріндірмей алып шығу үшін үлкен қажыр - қайратпен ұлтына, қазағына деген сүйіспеншілікпен еңбек еткен Нұрсұлтандай  адал перезенті халықты биік шыңға өрлетіп, бүгін де  бүкіл әлем мойындаған қуатты елге айналдырғаны жөнінде ақпараттар берілді. 

       Тұңғыш Президент күнін мерекелеуде және «Тәуелсіздіктің 7 қыры» деректі фильмін талқылау бойынша әзірленген іс –шаралар  жоспары жалғасуда. Жоспарға сәйкес алда әлі де атқарылатын жұмыстар өз жалғасын табуда.

           16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 29 жыл толды. 

Лицейімізде «Тұғыры биік – Тәуелсіздік» тақырбында  әр сыныпта сынып сағаттары өтті. Оқушыларға видеолар көрсетіліп, слайд арқылы түсіндірілді. Тәуелсіздікке қаншама қиын жолдардан өтіп жеткеніміз жайлы айтылды. «Тәуелсіздік» деген 11 әріптен тұратын сөздің мағынасы қандай терең, астары қандай кең десеңізші! Ол – өлең, ол – ән, ол – сұлулық, ол – асқақ арман, ол – шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Бір ғана сөз бейбітшілік, бақыт, сәттілік, достық, сыйластыққа жетелейді, жаныңа жылылық пен дербестікті ұялатады.Шыңын мәңгі қар басқан биік таулары, сарқырай аққан өзендері, мөлдір сулы көлдері, шет-қиыры көзге көрінбейтін жазық далалары,қойнауында ұлан-асыр кен байлықтары тасып жатқан қуатты өлке, құт-мекеннің мәртебесі жоғары, тұғыры биік.

Солай дей отырсақ та бүгінгі таңдағы әлем мойындаған Қазақстанмен еркіндікті аңсаумен бодандықта болған Қазақстанды салыстыру қиын. «Өз-өзін тапқан адам өзге адамның пікіріне бағынышты болудан арылады»,- деп Георгий Александров айтқандай, еліміздің қашан да тәуелсіздікті аңсап, тәуелсіздік жолында тынбай күресуі нәтижесінде ешкімнің ықпалына көнбейтін қуатты мемлекет болып әлем сахнасынан көріне бастадық. Дегенмен бізге бұл оңай жолмен келе қойған жоқ.Тамырын тереңге жайған тарихымызға көз жіберсек, еліміздің ел болып қалыптасуына мыңдаған жылдар кеткеніне көз жеткіземіз. Жерімізге көз тіккен жауыз жоңғарлармен 150 жылға жуық шайқасып, ата-бабамыз қасықтай қаны қалғанша жерімізді қорғап қалды емес пе? Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай сияқты батырларымыздың «Қайтсек те жауға бермейміз» деген ұранмен қол бастап, жауынгерлеріміздің рухын көтергені, Отанына деген махаббатын оятқаны бәрімізге аян. Батысы мен шығысы, оңтүстігі мен солтүстігі түрлі мемлекеттермен астасып жатқан ұлан-ғайыр даланы жат жұртқа бермеу үшін қайтпас қайсар батырларымыз жан аямай күресті. Елін, жерін жау аяғына таптатпай, сол туған жерінің қадамы үшін басын өлімге тіккен аталарымыздың бойындағы ерен күш, биік рух жеңіске алып келді.

Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. 

Лицейімізде 1 – наурыз алғыс айту күніне арналған іс-шаралар өтті. Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.

Тұңғыш Президентінміз «Алғыс айту күні» туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да жақындастыра түспек. Бұл күн  - мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын.

Бұл күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болады. «Алғыс айту күні» – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік-ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Осыған орай лицейімізде алғыс айту күніне арнайы іс-шаралар жоспарланды. Жоспар бойынша «Жүректен жүрекке» атты АЛҒЫС ағашы лицейімізде бойтүзеді. Бұл ағаштың ерекшелігі – өзінің бойына тілектер мен алғыстарды қабылдайды. Сондай-ақ, армандардың орындалуына қолдау болады. Сол себептен де лицей оқушылары мен ұстаздары өздерінің арман-тілектерін бұл ағашқа орналастыруға асықты.

 1 – наурыз алғыс айту күніне орай жоспарланған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Балаға жүрек жылуы» атты сыныптарға тәрбие сағаттары өткізілді. Сабақ барысында балаларға ой салатын әр түрлі сұрақтар қойылып, оқушыларға үлгі боларлықтай бейнероликтер көрсетілді. Сабақтың басында оқушыларға «Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?», «Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіре алады?» - деген сұратар қойылып, тақырыпқа байланысты дайындалған слайд көрсетілді. Сонымен қатар, «Рақмет» сөзінің әр 

тілдегі аудармасын айттып, өздері көңілі қалаған адамдарына, туған елі мен туған жеріне алғыстарын білдірді. 

Оқушыларымыздың лицейдегі тазалықшы апайларды айтулы мерекемен құттықтап, өз алғыстарын білдіру сәтінен.

9 сынып оқушылары білім ордамыздың асханашы апайлары мен тазалықшы апайларын «Алғыс айту күні» мерекесімен құтықтады, 9 «А» сынып оқушысы Есенгелді Ерасыл «Ерке сылқым» күйін орындап, өмірлері мәнді де сәнді болсын деген ниетпен тәтті торттарын ұсынды. Оқушыларымыздың лицейдегі асханашы апайларды айтулы мерекемен құттықтап, өз алғыстарын білдіру сәтінен.

Оқушыларымыз лицейдегі ардақты ұстаздарымызды да 1 наурыз – «Алғыс  айту» күнімен құтықтап, өз алғыстарын білдіре отырып «Albeni» шоколадтарын таратты.

                        10 Б және 9  сынып оқушыларының «Алғыс айту күніне» орай  арнайы дайындаған бейнеролигіміз инстаграм желісінде https://www.instagram.com/tv/CL3I4K2DNEj/?igshid=ca0p1pkfdflx жарияланды.

Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Ұлы ұстазға мың тағзым!» атты таным сағаты   ұйымдастырылып оған 9 «А» сынып оқушылары қатысты. Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған тұлғалардың бірі- Ыбырай Алтынсарин жайлы оқушыларға бейнеролик көрсетіліп, біршама тың мәліметтер берілді. Оны жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес, халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау ете білген әрі ақын, әрі жазушы, әрі педагог және ел есінде қалған ұлағатты тұлға ретінде танып, өмір жолындағы қызықтар мен қиыншылықтарына көз жіберді. 

Оқушыларымыз ақынның "Кел, балалар, оқылық", "Өнер-білім бар жұрттар" атты өлеңдерін жатқа айтса, «Әке мен бала», «Атымтай жомарт», «Жаман жолдас» әңгімелерінің мазмұнын айта отырып, әңгіме бойынша өз пікірлерін білдірді. 

Сабақтың соңында балаларға викториналық сұрақтар қойылды. 

Биылғы оқу  жылы – баршамыз үшін ерекше жыл болды. Еліміздің тарихында алғаш рет биылғы оқу жылын онлайн форматта 214 оқушы аяқтады. 11 сыныпты 37 оқушы тәмамдап, олардың 4-уі «Алтын белгі», 1-уі «Үздік» аттестат үміткері болса, 8 түлек IELTS-тан, 1 түлек SAT емтиханынан жоғары нәтиже көрсетті. ІІ түлегіміз Назарбаев Университетінің грантын ұтып алды. Ұлттық бірыңғай тестке қатысқалы отырған  түлегімізге тек сәттілік тілейміз!       


Лицей ШҚО бойынша облыстық пән олимпиадасында  үш жыл қатарынан командалық есеппен жүлделі 1-ші орынды иеленіп, «Ең үздік олимпиадалық команда - 2021» атанды. 

Атаулы мерекеге арналған ауқымды шаралармен қатар айлық, апталық жоспар көлемінде атқарылған іс-шараларымыз тақырыптық ерекшелігі, мақсаты, өтілу түрі, әдістемесіне қарай тәрбиенің әр түрлі бағыттарын жүзеге асыру жүйесінде жан-жақты қамтылды.   

2020-2021 оқу жылы өзіндік ерекшеліктерімен тарихта қалары анық. Оқу жылының басынан Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған әр түрлі шаралар, тәрбие сағаттары оқушыларымызды патриоттық тәрбиеге, туған жерді сүйе білуге, құрметтеуге баулып өзіндік із қалдырды. 


2020-2021 жылы жемісті жыл болды. Атап айтатын болсақ,    3-жыл қатарынан Шығыс Қазақстан облысы  бойынша облыстық пән олимпиадасында командалық есеппен жүлделі 1-ші орынды иеленді. Облыстық пән олимпиадасынан 38 оқушы,   Республикалық пән олимпиадасынан 7 оқушы, Халықаралық олимпиададан 4 оқушы,  Республикалық жасөспірімдер олимпиадасынан 10 оқушы лицей қоржынын медальдармен толтырды.

Ұлы ғұлама Әл-Фараби «Тәрбиелеу дегеніміз – адамның бойына білімге деген негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту» деген екен. Осы орайда, Өскемен «Білім-Инновация» лицейі әр жеткіншекке дұрыс тәрбие бере отырып, болашаққа білімді ұрпақтарға бағыт-бағдар беру үшін тер төгетіндігі белгілі. Білім баспалдағындағы білімді ұрпағымыз тек оқуда ғана емес, тәрбие мен рухани ортада да алдыңғы қатарлы. 

            

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒУ мәртебесі  11 Б сынып оқушысы, «Алтын белгі» үміткері, Назарбаев Университетiнің білім грантын ұтып алған  түлегіміз   Дүтбаев Нұртай мен 7 Б сынып оқушысы, «Оқу үздігі» Сулейманов Мадиярға бұйырды.

Тұңғыш  елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Біздің әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы қарқынымыз, жастардың қоғамдық-саяси өмірдегі ұстанымына, олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен жастарды тәрбиелеу ісі олардың дүниетанымын қалыптастыру және ақпараттық – саяси мәдениетін көтеруге баса көңіл аударуға тиіспіз.  Себебі жастардың өмірдегі ұстанымдары әр кез қоғам мүддесімен тоғысып, мемлекеттің даму қарқынына ілесіп отырғаны абзал. Бұл үшін бірінші кезекте жастарды қоғамдағы құндылықтарды қастерлей білуге үйретуіміз қажет. Сондықтан келешек ұрпақтың парасатты да, мәдениетті, білімді, әсіресе ұлтжанды азамат болып қалыптасуы - біздің болашағымыздың кепілі», - деп атап көрсетті. Ендеше, біздің келесі оқу жылына қабылдаған міндеттеріміз бен оны жүзеге асырудағы жоспарларымыз осы арнада тоғыспақ. 

Өз тарихын терең ұғынып, ұлттық құндылықтарын шын бағалай білетін халықтың ғана болашағы мәңгі болмақ. Бүгінгі алпауыт жаһандану дәуірінде  кез-келген ұлтты сақтап қалатын дүниелер - сол ұлттың төл тарихы, мәдениеті мен тілі екені анық. Бұл жөнінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев "Ұлы даланың жеті қыры" атты бағдарламалық мақаласында "Кеңістік - барлық нәрсенің, ал уақыт - бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады" деген болатын. Сондай-ақ, ұлы даланың әрбір қыры оның әуелден бүгінге дейінгі халқының терең тарихы мен бай мәдениетінің куәсі екендігі және оны жаңғырту әлемдік өркениет үшін ерекше маңызды екендігін атап көрсетті. Бір ұлтты басқа ұлттан даралайтын - оның ұлттық құндылықтары, яғни, әдеби мұрасы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, мәдениеті, өнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Ұлттық құндылықтарымыз шын бағасын алғанда ғана, жоғымыз түгенделіп, өшкеніміз жана бермек. 

Ұзақ уақыт бойы қыспақта болып, құрудың алдында қалған ұлттық құндылықтарымызды ұлт болашағының негізгі діңгегі ету - мемлекет басшысының "Рухани жаңғыру" бағдарламасының басты өзегі. Осы ретте, еліміздің ертеңі, әрқайсымыздың өмір жалғасымыз болып табылатын жас ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу - аса өзекті тақырып. Жастардың бойында ұлттық құндылықтарға негізделген адамгершілік тәрбие менадами сезімді қалыптастыру және дамыту мәселесі қазақ ақын-жырауларының ой иірімдері, даналық тұжырымдары, халықтың адамгершілік ұғымдары, этнопедагогикалық ойлар арқылы жүргізілуі тиіс. Бұлар өз кезегінде  жас ұрпақтың адамгершілік сезімдерін дамытып, Отан алдындағы міндеті мен борышын адал атқаруға деген оң көзқарасының қалыптасуына мақсатты ықпал етеді. Халқымыз "Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез" дегенді тегін айтпаған. Сондықтан да ғасырлар бойына сөз құдіретін сезіне білген, шешеннің билігіне тоқтаған, елдікті сақтаудағы тапқырлығына тәнті болып, дәріптеген. Қыз бен жігіттің бір-біріне алғашқы сезім білдіруі айтыс түрінде өрбісе, қариялар бата беріп, ақ жол тілеп отырған, тұтас қоғам өмірін қадағалай білген. Ал өнер сайыстарының қайсысы болмасын өскелең ұрпақты ерлікке, батырлыққа, тапқырлыққа, терең ойлылыққа тәрбиелеген. "Өткеннің өнегесі - бүгінгінің баға жетпес байлығы» екендігін естен шығармай, мәдениетімізді терең зерделеу арқылы "Мәңгілік ел" бола алатынымыз хақ.