Материалы за Ноябрь 2023 года » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
» Материалы за Ноябрь 2023 года
«Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел»
30
ноябрь
2023
«Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел»
Қазақ халқының рухани мұрасын, салт-дәстүрлерін танымал ету, оқушылардың мәдениетін, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамытуды қолдау және жалпыадамзаттық және адал, саналы, жасампаз азаматтар тәрбиелеу мақсатында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында облыстық «Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың конкурсы өткізілді. 1-кезеңнің нәтижесі бойынша лицейіміздің төмендегі оқушылары дипломдармен марапатталды.  Есбол Ернар -І орын
Лингвистика
28
ноябрь
2023
Лингвистика
2023 жылдың 28 қараша күні 8-11 сынып оқушылары арасында лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Аталмыш олимпиадаға лицейіміздің 10-сынып оқушылары Қарымбаев Тоқтархан мен Дәулетқанов Сырым қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Даулетқанов Сырым - 1 орынды, Қарымбаев Тоқтархан -2 орынды иеленді.  Оқушыларымызды жүлделі орындарымен  құттықтай отырып, табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!
"Достық-2023" ата-аналар спартакиадасы
25
ноябрь
2023
"Достық-2023" ата-аналар спартакиадасы
25 қараша күні лицейімізде кезекті "Достық-2023" ата-аналар спартакиадасы өтті. Бұл тартысқа әр сынып ата-аналарынан құралған 9 команда қатысты. Баса озып алға шыққан 10 "А" сынып ата-аналары "Бас жүлде" иегері атанды. Сонымен қатар, 1-орынды- 9"А" , 2 орынды -7"Б" , 3 орынды-11 сынып ата-аналары иеленді. Барлық жүлделі орын иегерлерін құттықтаймыз! Сыныптың намысын қорғап, белсенділік танытқан ата-аналарға алғысымыды айтамыз!
Аймақтық баскетбол.
25
ноябрь
2023
Аймақтық баскетбол.
Сүйінші! 2023 жылдың 25 қараша күні өткен аймақтық баскетбол жарысынан лицейіміздің баскетбол командасы жүлделі І орынды қанжығалады. Жігіттерімізді жеңістерімен құттықтай отырып, республикалық тартыста сәттілік тілейміз!
Республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі
22
ноябрь
2023
Республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі
2023 жылдың 22 қарашасында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Конкурсқа барлық аудандар мен қаладан келген 200-ден астам оқушының ішінде біздің лицейдің оқушылары да қатысты. Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша командалық түрде 11-сынып оқушылары Ибраев Мирас пен Ахметов Әлішер - 2 орын, Қасенұлы Есжан мен Нұрланбек Ералы - 3 орын және 10-сынып оқушысы Алтынбек Нұрдәулет - 3 орынды иеленді.
"Алтын сақа" республикалық челленджі
17
ноябрь
2023
"Алтын сақа" республикалық челленджі
"Алтын сақа" республикалық челенджінің тұжырымдамасына сәйкес 2023 жылдың 17  қарашасында лицейімізде "Бес табан", "Бес асық" ұлттық ойындары ойнатылды. Қазақ халқының бұл ұлттық ойындары оқушыларға тарихи-мәдени мұрасын құрметтеуді қалыптастыру, батылдыққа, төзімділікке тәрбиелеу, ептілікті, қырағылықты және дәлдікті дамытуды мақсат етеді. #төрттоқсан-төртөнер #2тоқсан #алтынсақа 
"Ақбозат" ұлттық мектеп лигасы
16
ноябрь
2023
"Ақбозат" ұлттық мектеп лигасы
Шығыс Қазақстан облысының оқушылары арасында шахматтан "Ақбозат" ұлттық мектеп лигасында 9-11 сынып арасындағы жарысқа қатысып, жүлдері орындарды иеленген төмендегі оқушыларымызды құттықтаймыз! Әбдікәрімов Райымбек - 1 орын, 9-сынып,  Құрманбаев Санжар - 1 орын, 10-сынып, Дәулетқанов  Сырым - 1 орын, 10-сынып.  Сонымен қатар, Өскемен "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицейі жалпыкомандалық есепте І орынды иеленді.
"Brain Rain" тартысы
16
ноябрь
2023
"Brain Rain" тартысы
Тек қана оқушылар емес,  мұғалімдер арасында да өткізілген бұл шара қатысушыларымызға ерекше көңіл-күй сыйлады. Лицейіміздің қабырғасында  ұстаздар арасында кезекті "Brain Rain" интеллектуалды ойыны өтті. Преподавателидан құралған 4 команда тартысқа түсті. Сол команда мүшелері ретінде "Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы" жобасы аясында лицейімізге жолдама алып келген тағлымдамадан өтетін үміткерлеріміз де қатысты.
"Кемел Тоқаевтың өмірі мен шығармаларына тарихи-әдеби шолу"
10
ноябрь
2023
"Кемел Тоқаевтың өмірі мен шығармаларына тарихи-әдеби шолу"
10.11.2023ж ШҚО Білім басқармасының "Өркен" Шығыс Қазақстан өңірлік ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми—әдістемелік  орталығы"" КММ-ның ұйымдастыруымен  Өскемен қаласы "БІЛІМ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЛИЦЕЙ" КММ  қазақ тілі мен әдебиеті  пәні мұғалімі Муратова Еркежан Кумарханқызы және тарих пәні мұғалімі Камбасова Молдир Муратбеккызы лицей оқушыларымен Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына орай “Кемел Тоқаевтың өмір жолы мен шығармашылығына тарихи әдеби танымдық шолу” атты тарихи әдеби танымдық шеберлік
Оқу-ағарту министрімен кездесу
10
ноябрь
2023
Оқу-ағарту министрімен кездесу
2023 жылдың 10 қараша күні оқу-ағарту министрі Бейсенбаев Ғани Бектайұлы облысымызға жұмыс сапарымен келу барысында олимпиада жүлдегерлерімен кездесу өткізді. Бұл кездесуге лицейіміздің де оқушылары Матвеев Тимур, Төреханұлы Нұртөре, Қасиман Әлемхан қатысып, министрге  жетістіктерімен және алға қойған мақсаттарымен бөлісті. Кездесу соңында Ғани Бектайұлы оқушыларға отандық білім беру саласына қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, биік шыңдарды бағындыруларын тіледі!  Бұл кездесуде оқушыларымыз