«Алғашқы қоңырау-2022» » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
» » «Алғашқы қоңырау-2022»
01
сентябрь
2022

«Алғашқы қоңырау-2022»

Білім күні шын мәнінде барша халықтың дәстүрлі мерекесіне айналды.  Лицейімізде дәстүрлі «Алғашқы қоңырау-2022» атты салтанатты жиын лицей алаңында өтті.   Арайлы жаздың үш айын қызыққа толып өткізіп, асыға, аптыға алтын ұя мектептеріне оралған оқушыларымыздың жүзінен қуаныш сезілді. Биылғы оқу жылы «Балалар жылымен» тұспа-тұс келді. Жаңа оқу жылымен құттықтау үшін сөз кезегі лицей директоры Р.Оксюзға, Шығыс Қазақстан облысы Білім Басқармасының маманы Зура Нурмукановна және лицейіміздің ата-анасы, «Әкелер алқасының» мүшесі Болатбек Камбековичке берілді. 
Меркелік іс-шара 7-сынып оқушысы Қалымбек Нарұлдың орындауындағы әсем күймен жалғасты. 2021-2022 оқужылындағы жетістіктеріміз ауыз толтырып айтарлықтайболды.Мектеп бітірген түлектеріміз мемлекеттік және шет ел гранттарын жеңіп алды. Сонымен қатар 11 А сынып оқушысы Мамырбеков Бекболат жазғык аникул кезінде халықаралық олимпиададанкүміс медальжеңіп алып, лицейіміздің ғана емес, республикамыздың мақтанышына айналды. Жеңісіүшін лицей директоры аонайы сыйлықпен марапаттады.
Келесі кезекте 2022-2023 оқу жылдарындағы лицей әкімшілігі, ұстаздары және сынып жетекшілерімен таныстырды. Преподавателиымыздың құрметіне 8-сынып оқушысы Айсұлтанның орындауында «Ұстазым»әні шырқалды.
Мерекелік іс-шараның жүрек тебірентер тұсы «Алғашқықоңырау соғу мәртебесіне 11-сынып оқушысы Бекболат пен 7-сыныпқа қабылдау емтиханында ең жоғары балл жинаған Тамерлан  ие болды.
Жылдағы дәстүр бойынша 7-сыныптарға «Білім кілтін» 11-сынып оқушысы  Тоқтамысов Бекжан сеніммен тапсырды. Жаңа қабылданған оқушыларымыз қабылдай отыра, алтын ұя мектебінің атына кір келтірмеуге ант етті.   Салтанатты жиынымыз «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік пен отаншылдық» тақырыбында сынып сағаттарымен жалғасты.