Мектеп басшыларына арналған облыстық семинар » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
» » Мектеп басшыларына арналған облыстық семинар
05
октябрь
2022

Мектеп басшыларына арналған облыстық семинар

2022 жылдың 05 қазан күні «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы және Өскемен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің ұйымдастыруымен мектеп басшыларына арналған «Цифрлық трансформациялау жағдайында басқарушылық шешімдерді қабылдауда белсенді және инновациялық әдістерді қолдану» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: Басқару менеджментіндегі басқарушылық шешімдерді қабылдауда әртүрлі инновациялық әдістерді қолдану бойынша лицейдің тәжірибесімен бөлісу, іскерлік байланыстар орнату. 





Семинар барысында Н.И.Хожахметов тыңдаушыларға арналған «Заманауи басқару дағдылары», Қабылдау каналдары» тақырыптарында тренинг өткізіп, басқарудың жаңа әдіс-тәсілдермен таныстырды. Сонымен қатар С.К.Джамбулова «Дарынды оқушыларды анықтау және олармен жүйелі жұмыс жүргізу» атты баяндамасында оқушылардың нәтижесін халықаралық деңгейге жеткізу тәсілдерімен бөлісіп, Б.Б.Ауезовтың «Балам ГАРВАРД-та оқысын десеңіз...» тақырыбы бойынша оқушыларға кәсіби бағдар беру жолдарын түсіндіріп өтті.  «Құндылықтар негізінде білім беру» туралы И.Узун ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеудің ұтымды жолдарымен бөлісті. 



Семинар соңында іс-тәжірибесімен бөлісіп,  баяндама жасаған әріптестеріне арналған марапаттау болып, қатысушылар өз тараптарынан сапалы ұйымдастырылған семинар үшін алғыстарын білдіріп, алдағы күндерге жаңа жетістіктер тіледі.