TED (Тағылым.Ерлік.Даналық.) шешендік өнер облыстық байқауы » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
» » TED (Тағылым.Ерлік.Даналық.) шешендік өнер облыстық байқауы
08
октябрь
2022

TED (Тағылым.Ерлік.Даналық.) шешендік өнер облыстық байқауы

2022 жылдың 8 қазан күні TED (Тағылым.Ерлік.Даналық.) шешендік өнер облыстық байқауын әлемдік тәжірибедегі алдыңғы қатарлы идеяларды басшылыққа ала отырып, жаңаша ойлай алатын жас ұрпақтың қатарын көбейту мақсатында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ-ның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Муратова Еркежан Кумаркановна мен 11-сынып оқушысы Есенгелді Ерасылдың ұйымдастыруымен өткізілді. Байқау 7-12 сынып оқушылары арасында өткізілді.  
Мақсаты – бүгінгі жас ұрпақтың мәдениетті түрде еркін сөйлеп, өз-өзін ізденімпаздыққа тәрбиелейтін TED (Тағылым.Ерлік.Даналық.) шешендік өнер жарысын басшылыққа ала отырып, оқушыларды ұшқыр ойға, ізденімпаздылыққа жетелеу. Аталмыш байқау арқылы шешен сөздің шеберлерін таңдай отырып, ақпараттық технологиялар мен дизайндық өңдеулер арқылы шебер сөйлейтін, ұтқыр ойлылардың кәсіби бағдар алуына ықпал ету, шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін ұштау. 















Байқаудың жеңімпазын анықтау үшін қазылар алқасы болып Шығыс Қазақстан облысы бойынша мектеп және студенттік лига координаторы, Самға орталығының даму бойынша директоры, шешендік өнер және дебат тренеры - Шайзанова Назым Ержанқызы, Д. Серікбаев атындағы университетінің Математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығының үздік түлегі, IT бағыты бойынша халықаралық байқаулар мен конференциялар жүлдегері - Хаирбекова Динара Мейрамбековна және Өскемен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Муратова Еркежан Кумаркановна шақырылды. 

Байқауға 20 оқушы қатысып, 10 оқушы бағалы сыйлықтармен марапатталып, 10 оқушыға қатысушы сертификаттар табысталды. Жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтаймыз!