"Үздік педагог-2022" » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
18
ноябрь
2022

"Үздік педагог-2022"




2022 жылдың 18 қарашасында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтің қатысуымен  «Үздік педагог – 2022» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. 

Биылғы жылы республикалық кезең ерекше форматта өткізілді, конкурсқа қатысушылар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұсынған кестесі бойынша Астана қаласының білім беру ұйымдарында   оқушылармен сабақ жүргізді. 

Республика бойынша 64 мұғалім «Үздік педагог» атағына ие болды,  Шығыс Қазақстан облысынан барған 3 мүғалімнің ішінде лицейіміздің математика пәні мұғалімі Ауезов Быржан Бэкович «Үздік педагог -2022» атағына ие болып, республикалық бюджет есебінен 1000 АЕК көлемінде сертификат және «Үздік педагог» төсбелгісі табысталды.

Біржан Бэковичті лайықты марапатымен құттықтаймыз!