«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы
Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас ұстаздың кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында 2023 жылдың 1-3 наурызында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында өтілі 0-5 жылды құрайтын жас мұғалімдердің арасында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы өткізілді.
Аталған олимпиадаға республикамыздың барлық аймақтарынан 100-ден астам жас ұстаз қатысты.
Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғап, кәсіби іс-тәжірибелерімен бөліскен ұстаздардың ішінде лицейіміздің география пәні мұғалімі Боранбаев Бақ-Дәулет қатысып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің арнайы грамоталарымен марапатталды.