«Мейірім шуағы» атты қайырымдылық бағдарлама » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мейірім шуағы» атты қайырымдылық бағдарлама
22
апрель
2022

«Мейірім шуағы» атты қайырымдылық бағдарлама





22 сәуір күні лицейіміздің Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен ШҚО «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылына» «Мейірім шуағы» атты қайырымдылық шарасымен барып қайтты. Концерттік бағдарламаға балалар ауылындағы жалпы 6 үй балалары араласып келіп, көрермен болды. Сабақтан шаршап келген оқушыларға бір серпіліс болды. Бірінші кезекте жүргізушілер 9б сынып оқушысы Жеңісбек Ынтымақ және 10Б сынып оқушысы Ердуман Амир баларға жылы лебіздерін білдіріп, жақсы көңіл күй сыйлады. Концерттік бағдарламаны 7Б сынып оқушысы Марат Ахмедтің орындауында «Алқалы жұртым армысың» әнімен бастады. Келесі кезекте 7Б сынып оқушысы Амиранның орындауында «Көзімнің қарасы» және Айсұлтанның орындауында «Қағаз кеме» әні, 11Б сынып оқушысы Бектенәлидің орындауында «Әндетемін» әні және 10А сынып оқушылары Нұриман мен Тимур гитарамен ән шырқады.Марат Ахмед «Балбырауын» күйін шертті.
Балалардың көңіл-күйін көтеру мақсатында «Глухой телефон»,«Чупа-чупс» ойындары ойнатылды.
11б сынып оқушысы Бектенәли «Фристайл» көрсетті. Яғни баскетбол және футбол доптарымен әртүрлі қиын қимыл қозғалыстарды көрсетті және балаларға доп лақтырып,қағып алу арқылы балалардың көңіл-күйін көтерді. Жәнеде 10сынып оқушысы Нұсасыл мен 11б сынып оқушысы Бектенәли заманауи би билеп, тек ән айтып қана қоймай биде билей алатындығын, жан-жақты болу керек екендігін көрсетті.
Концерттік бағдарлама соңында 10б сынып оқушысы Амир “Baby” әнін шырқап, қалған оқушылар балаларға өздері әкелген шоколадтарын таратты.
Лицейіміздің педагог-психологы негізгі қайырымдылық шараны ұйымдастыруға ат салысқан Рамазанова Рауия сөз соңында балаларға тек жақсылық тілейтінін, әрқашан жүздерінен күлкі кетпегендіктерін, ақ жол тілейтіндігін айтты. Жәнеде 6 ауылдың мамасына сый ретінде алып келген оқу-құралдарын табыстады. Осы концерттік бағдарламаны ұйымдастырған лицей президенті Ринатұалы Ералыға  және қайырымдылыққа деп жұмсаған ақшалары үшін 10Б сыныбына алғыс айтты. Жәнеде өз атынана қайырымдылыққа деп ақша қосқан Ринатұлы Ералыға тағы да ерекше алғыс білдірді.
Балалар ауылының мамалары оқушыларға тек сәттілік тіледі және балалар ауылындағы ұлдарға үлгі болғандарын, жан-жақты екендіктерін айта отыра. алғыстарын білдірді. Болашақта тағы да балаларды қуантуға келіңіздер, футболдан кездесу ұйымдастырайық деген келіссөздер өтті.