Бозяка Турхан атындағы аймақтақ ата-аналар арасындағы волейбол турнирі » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бозяка Турхан атындағы аймақтақ ата-аналар арасындағы волейбол турнирі
21
май
2022

Бозяка Турхан атындағы аймақтақ ата-аналар арасындағы волейбол турнирі






21 мамыр күні лицейіміздің ата-анасы, қамқоршысы болған Бозяка Турхан бейді еске алуға арналған аймақтық ата-аналар арасындағы волейбол турнирі өтті. «Нұрорда» халықаралық мектебінінің спортзалында өткен турнирге 6 команда қатысты. Олар: «Талдықорған БИЛ» ата-аналары, «Семей БИЛ» ата-аналары, «Өскемен БИЛ АРДАГЕРЛЕР», «Жамбыл гимназиясы» ата-аналары, «Нұрорда»ХМ ата-аналары, «Өскемен БИЛ» ата-аналары. Алғашқы құттықтау сөз лицей директоры А.Ш.Темірқұл, «Нұрорда» ХМ директоры Жан Мехмед Желал және Әкелер кеңесінің төрағасы Хадалхан Болатқа берілді. Құрметті қонақтарымыз сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, бас төреші Мукашев Б.С. жарыс барысымен түсіндіріп, жеребе тартылды.
Бірінші топта: «Семей БИЛ» ата-аналары, «Талдықорған БИЛ» ата-аналары және «Өскемен БИЛ» ата-аналары 
Екінші топта: «Жамбыл гимназиясы» ата-аналары, «Өскемен БИЛ АРДАГЕРЛЕР», «Нұрорда»ХМ ата-аналары.
Тартысқа толы жарыс нәтижесінде 
I-орын «Өскемен БИЛ АРДАГЕРЛЕР» ата-аналар
II-орын «Нұрорда»ХМ ата-аналары
III-орын «Өскемен БИЛ» ата-аналары топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінді.
Әділқазылар алқасының шешімімен жақсы нәтиже көрсеткен үздіктер номинациялармен марапатталды:
«Үздік ойыншы»   Ихсанов Аманжол («Өскемен БИЛ АРДАГЕРЛЕР»)
«Үздік шабуылшы» Сулейменов Дулат («Нұрорда»ХМ ата-аналары)
«Үздік қорғаушы» Дарыбаев Бейбіт («Өскемен БИЛ»)
«Үздік байланыстырушы» Левитанус Олег («Өскемен БИЛ АРДАГЕРЛЕР»)
«Көрермен көзайымы» Масакпаев Еркін («Семей БИЛ» ата-аналары)