12
октябрь
2022
Президенттік олимпиада
Оқушылардың жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерге қызығушылықтарын арттыру, теориялық білімі мен қабілеттерін тереңдету мақсатында 2022 жылдың 12 қазанында 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика бағыттағы пәндерден Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өтті. Математика, физика, биология және химия пәндерінен өз білімдерін көрсеткен лицейіміздің 11-сынып оқушылары Ануарбеков Мейір мен Тоқтамысов Бекжан жүлделі орындарға ие болып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!