26
ноябрь
2022
"2nd Oskemen hackathon"
2022 жылдың 26-27 қараша күндері «Балалар жылы» аясында ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығымен бірлескен «2nd Oskemen hackathon» конкурсы өтті. Конкурстың ұйымдастыруына бастамашылық еткен лицейіміздің математика пәні мұғалімі ,«Үздік педагог – 2022» атағының иегері, «it-club» авторы Ауезов Быржан және 11-сынып оқушыларымыз Әнуарбеков Мейір мен Есенгелді Ерасыл.
Конкурсқа Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 120-ға жуық 7-12 сынып оқушыларынан құралған 45 команда қатысты. Соның ішінде лицейімізден қатысқан командаларымыз екі кезеңнің қорытындысы бойынша төмендегі жүлделі орындарға ие болды.
ІІ орын - «Wenomechainsama» командасы;
ІІІ орын - «Light_dv» командасы, «MindBoх» командасы, «ATA» командасы және «NCS» командалары.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, сертификаттар және ақшалай сыйлық табысталды. Жеңімпаздарымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!