"Мектебім-мейірім мекені" » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектебім-мейірім мекені"
01
сентябрь
2023

"Мектебім-мейірім мекені"





3жылдық тарихы бар білім мен тәрбиенің қайнар көзі болған лицейімізде қыркүйек – Білім күніне орай алғашқы қоңырау үні 30 рет соғылды. Салтанатты жиын барысы мемлекеттік туды енгізуден басталды.Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды

Жүргізушілер жаңа оқу жылымен құттықтай отыра, 30 жылда лицей түлектерінің жетістіктерін, бүгінгі шәкірттеріміз сол аға буынның ізін жалғастырып, биік шыңдардан көрініп жатқандығын, осы оқу жылында да сеніміміз мол екендігі айтылды. Құттықтау сөз кезегін алған лицей директоры Оксюз Рахман барша ата-аталарды, оқушыларды, ұстаздарды білім күнімен құттықтады.

Жазғы демалыс кезінде халықаралық олимпиадалардан жүлделі орын алған Маратұлы Алинұр мен Амантайұлы Ақылжанға лицей түлектері атынан Аян мырза қаржылай сыйлықтарын табыстады. 

Және Өскемен қаласының Ертіс полиция бөлімінің орынбасары полиция подполковнигі Жұмекенов Әділет Арғынгазиевич «Интернеттік алаяқтық»  туралы түсіндірме жұмыстарына тоқсатлып, сақ болуға шақырды.

2023-2024 оқу жылындағы лицей әкімшілігі, ұстаздары, сынып жетекшілер мен тәрбиешілері жеке-жеке таныстырылды.

Ұстаздарымызға сәттілік тілей отыра, лицей оқушылары орындауында «Балбырауын» күйін тарту етті. Осылайша жаңа оқу жылындағы алғашқы салтанатты жиынымыз өз мәресіне жетті. Баршамызға табысты да, жарқын сәттерге толы жыл болысын!