«Жаңа Қазақстан: Әділетті қоғам» » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жаңа Қазақстан: Әділетті қоғам»
28
сентябрь
2023

«Жаңа Қазақстан: Әділетті қоғам»


2023 жылдың 27-28 қыркүйек күндері Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары, оқу озаттары мен белсенділері «Жаңа Қазақстан:Әділетті қоғам» атты екі күндік онлайн семинар-тренингке қатысты. Лицейімізден Лицей президенті Алтынғазы Алмас қатысты.
                 Семинар-тренинг Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілді. Семинарға қатысушылар: «Әділеттілік: тұжырымдамалық қағидаттар», «Қазақстандық қоғамның социомәдени идеалдары», «Қарама-қайшылықтар бар ма»? «Жаңа құндылықтарды қалыптастыру мәселелері», «Жаңа Қазақстан: даму траекториясы», атты дәрістерін тыңдай отырып, «Жаңа Қазақстан» ұлттық идеясы туралы білімдерін жетілдірді.
                 Семинар-тренингтің тәжірибелік бөлігінде қатысушылар әлеуметтік жобалар әзірлеп, командалық ойындар мен тренингтерге қатысты. 
Семинар-тренингтің қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.