"Brain Rain" » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Нашар көрушілер
нұсқасы
08
декабрь
2023

"Brain Rain"







Лицейімізде облыстық мектептер арасында, атап айтқанда Жамбыл гимназиясы, Облыстық мамандандырылған IT- лицейі, Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі, Облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернаты арасында ынтымақтастықты нығайту мақсатында лицейіміздің ұйымдастыруымен  мұғалімдер арасында "Brain Rain" интеллектуалды сайысын өткіздік.  Сайыста мамандандырылған мектептердің ұстаздарынан құралған командалар өзара тартысқа түсіп, ерекше әсерде болды. Бұл тартысты сайысқа түскен  барлық қатысушыларды құттықтап, естелік сыйлықтарымызды табыстадық. Сондай-ақ, бізге қолдау көрсетіп келгендеріңіз үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!  Болашақта бұл үрдіс дәстүрге айналады деген сенімдеміз!