07
февраль
2025
"ӘКЕ МЕН БАЛА: ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК КӨПІРІ" ӘКЕЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ








"Отбасындағы үлгі болу: Әкенің балаға беретін өмірлік сабақтары" тақырыбында лицей педагог-психологі Р.Рамазанова оқушыларымыздың әкелерімен семинар-тренинг өтті.Өткен аптаның семинар тренингінде әке мен бала арасындағы қарым-қатынас, оның балаға тигізетін әсері және әкенің өмірлік үлгі болу туралы маңызды тақырыптар талқыланды.
Не үйрендік? Әке мен баланың арасында сенім мен қолдаудың маңызы Әке бейнесінің баланың мінез-құлқы мен дүниетанымына әсері Әкенің өмірлік сабақтары: балаға бағыт-бағдар беру және қиындықтарды бірге жеңу
Психолог бұл семинарда әкенің балаға үлгі болу жолдарын, өзара қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған практикалық кеңестер мен жаттығуларды ұсынды. Семинарға қатысушылар өз отбасындағы қатынастарды жақсарту үшін жаңа тәсілдер мен идеяларды алды.