ФИЗИКА, ИНФОРМАТИКА, ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМЫ » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ФИЗИКА, ИНФОРМАТИКА, ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМЫ
28
февраль
2025

ФИЗИКА, ИНФОРМАТИКА, ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМЫ

2025 жылдың 28 ақпан күні  Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы және “Өркен” ШҚ Өңірлік білім беру ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы, сондай-ақ Өскемен қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” лицейінің ұйымдастыруымен "Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер және пән олимпиадасына дайындау жолдары" тақырыбында  физика, информатика, химия және биология пән мұғалімдеріне облыстық семинар-практикум шеберлік сыныбын өткізді.  Бұл семинардың мақсаты – жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша оқыту үдерісінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану тәжірибесімен бөлісу, пәндік олимпиадаларға дайындықтың заманауи жолдарын қарастыру және мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру болды.  Семинарға облыс көлемінен 56 мұғалім қатысты.
 Семинардың мазмұны:
Әдістемелік алаң аясында ашық сабақтар өткізілді (химия, физика, биология, информатика пәндерінен).
Пән мұғалімдері олимпиадаға дайындаудың ерекшеліктері мен тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
Семинар “BRAIN RAIN” интеллектуалды ойынына ұласып, қатысушылар өздерінің қабілеттерін сынап, ойынға белсене қатысты.
Шара соңында қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстар жасалды. Семинар барлық қатысушылар үшін пайдалы әрі нәтижелі өтті