29
август
2025
ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ EJOI 2025 ОЛИМПИАДАСЫНДА!




29 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында Болгарияның Шумен қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы Еуропалық бағдарламалау олимпиадасында (EJOI) еліміздің намысын қорғайтын Қазақстан ұлттық құрамасы сапында мектебіміздің дарынды оқушысы Юсупов Саят та бақ сынайды.Бұл олимпиада – Еуропа деңгейіндегі ең беделді жарыстардың бірі. Саятқа үлкен сенім артамыз және сәттілік тілейміз!