Іс-шаралар » Страница 4 » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
Аналар арасында Brain Rain интеллектуалды ойыны
30
октябрь
2024
Аналар арасында Brain Rain интеллектуалды ойыны
Лицей Аналары арасында «Brain Rain» интеллектуалды сайысы Лицейімізде нағыз білім бәйгесі өтті! «Brain Rain» интеллектуалды ойынына 7-10 сынып аналары және ардагер аналар командасы қатысып, білім мен тапқырлықтарын сынға салды. Әрқайсысы үздік атануға лайық! Ойын барысында аналарымыздың ынтымағы мен ерекше дайындықтары бізді қуантты. Осындай керемет іс-шараларға атсалысып, рухани баюға ұмтылған барша қатысушыларымызға алғыс білдіреміз!18:00
BIL RUN-2024
12
октябрь
2024
BIL RUN-2024
Өскемен қаласы Полиция басқармасының жедел криминалдық бөлімі мен лицейіміздің ұйымдастыруымен оқушылар, ата-аналар және ұстаздар арасында кезекті BIL RUN марафоны өтті. Қатысушылар 3 және 5 км қашықтықты бағындырып, спорт пен салауатты өмір салтын қолдауға үлес қосты. Бұл шара қоғамдағы ынтымақтастықты нығайтып, спорттық рухты көтеруге бағытталды.Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталып, шара ерекше көңіл-күймен аяқталды.  Барлық қатысушыларға және ұйымдастырушыларға үлкен алғыс білдіреміз!
ЖАС КӨШБАСШЫЛАР КЕЗДЕСУІ
07
октябрь
2024
ЖАС КӨШБАСШЫЛАР КЕЗДЕСУІ
6-7 қазан күндері Астана қаласында “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” ХҚҚ қарасты жас көшбасшылардың кездесуі өтті!  Лицейіміздің президенті Қамажан Ербосын осы маңызды шараға қатысып, болашақ көшбасшылармен бірге тәжірибе алмасуға және жаңа идеялармен танысуға мүмкіндік алды. Бұл кездесу – жас буынның белсенділігін арттырып, оларды елдің болашағына жауапкершілікпен қарауға ынталандыратын үлкен алаң. Қамажан Ербосынның көшбасшылық қабілеттері мен лицей үшін жасайтын үлесі біз үшін үлкен мақтаныш. Жас
ҰСТАЗДАР КҮНІ
04
октябрь
2024
ҰСТАЗДАР КҮНІ
  Лицейімізде Ұстаздар күніне арналған ерекше мереке өтті!  Өзін-өзі басқару ұйымы даярлаған концерт ұстаздарымызға шынайы алғыс пен құрметтің көрінісі болды. Мұғалімдер қауымы үшін әсерлі сәттер мен жылы тілектерге толы концерт тамаша өтті! Ұстаздарымыздың білім мен тәрбиедегі еңбегі – біз үшін баға жетпес қазына. Барша ұстаздарға зор алғыс білдіреміз! Сіздерге шабытты еңбек, сәттілік және шығармашылық табыс тілейміз!
ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ
02
октябрь
2024
ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ
Қарттар күніне орай лицейде ұйымдастырылған концертіміз ерекше өтті! Оқушылардың өнері ата-әжелеріміздің жүрегін жылытып, қуаныш сыйлады. Концерттен кейін олар дастархан басында жиналып, ақ баталарын берді. Ата-әжелеріміздің жылы лебіздері мен қолдау сөздері біз үшін баға жетпес болды. Бұл шара қарттардың өмірлік тәжірибесін, даналығын бағалау үшін тамаша мүмкіндік болды. Барлық қарттарымызға алғысымыз шексіз!   #КомандалықЖұмыс #Ұстаздар #Біртұтастәрбие @jaqyn.official
КІТАП ОҚУ АКЦИЯСЫ
23
сентябрь
2024
КІТАП ОҚУ АКЦИЯСЫ
Кітап акциясына байланысты ақпарат: 1 тоқсан - қазақ тілінде 2 тоқсан - ағылшын тілінде 3 тоқсан - қазақ тілінде 4 тоқсан - ағылшын тіліндегі көркем шығармаларды оқу ұсынылады. Әр тоқсан соңында шығарма бойынша тест алынып, 50% жоғары ұпай жинаған оқушылар марапатталады.  Жыл соңында әр кезеңге қатысып, белсенділік танытқан оқушы “Үздік оқырман” номинациясымен марапатталады.  Кітап оқу уақыты:  Дүйсенбі: 8.15 - 8.30 Басқа оқу күндері: 8.00 - 8.15 аралығы 1 тоқсанда оқуға ұсынылған шығармалар:
ЛИЦЕЙ ПРЕЗИДЕНТІН САЙЛАУ
20
сентябрь
2024
ЛИЦЕЙ ПРЕЗИДЕНТІН САЙЛАУ
Лицейде оқушылар арасында лицей президентінің сайлауы өтті. Сайлау демократиялық түрде, барлық қызметкерлер мен оқушылардың қатысуымен ұйымдастырылды. Президенттікке үміткер екі оқушы: Қамажан Ербосын  және Тоқанов Таңат  болды. Сайлау қорытындысы бойынша, Қамажан Ербосын 68% дауыс жинап, лицейдің жаңа президенті болып сайланды.  Ербосын өз сөзінде сайлау барысында қолдау көрсеткен барша оқушыларға алғысын айтып, лицей өмірін жақсартуға және оқушылардың бастамаларын қолдауға бағытталған
"Тіл  - ұлттың рухы, елдің ертеңі"
13
сентябрь
2024
"Тіл - ұлттың рухы, елдің ертеңі"
Лицейіміздің шаңырағында 13 қыркүйек күні өткен Тілдер мерекесінің жарқын сәттері!   Әр ұлттың тілі мен мәдениетін құрметтей отырып, оқушылар әртүрлі халықтардың тілдері мен өнерін паш етіп, барлығымызға ұмытылмас әсер сыйлады.  Ән мен жыр, би мен өнер - барлығы ортақ құндылықтарымызды насихаттады.  Тілдер арқылы біз әлемді танимыз, бір-бірімізге жақындай түсеміз. Тіл - достықтың дәнекері!
"Париж 2024 жылғы Олимпиаданы қарсы алады!" олимпиадалық апталығы
13
май
2024
"Париж 2024 жылғы Олимпиаданы қарсы алады!" олимпиадалық апталығы
Қазақстан оқушылары арасында "Олимпиада ойындарына дейін 100 күн" акциясын іске асыру аясында "Париж 2024 жылғы Олимпиаданы қарсы алады!" олимпиадалық апталығы Өскемен "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицейінде де өз бастауын алды.  Апталықтың мақсаты: білім алушылар арасында олимпиадалық қозғалыс идеясын насихаттау, оларды тұрақты спортпен шұғылдануға ынталандыру және спортта дарынды балаларды анықтау. Барлықтарыңызды осы апталыққа белсене қатысуға шақырамыз! #ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ДЕЙІН 100 КҮН - ШҚО#
"Батырлар күніне" орай лицейішілік волейбол турнирі
05
май
2024
"Батырлар күніне" орай лицейішілік волейбол турнирі
7 мамыр "Батырлар күніне"  орай лицейішілік ата-аналар, ардагер ата-аналар, мұғалімдер, түлектер және лицей оқушылары арасында волейболдан жарыс өтті. Лицей ата-аналарының, түлектеріміздің лицеймен тығыз қарым-қатынаста болуы,  достықты және таныстықты нығайту мақсатында өткізілген аталмыш шара жоғары деңгейде өтті.  Жарыс нәтижесі бойынша: 1 орын - Түлектер командасы 2 орын - Ардагер ата-аналар командасы 3 орын - Оқушылар командасы иеленді.  Жеңімпаз командаларға бағалы сыйлықтар табысталып,