"ТІЛ-ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ"
Лицейімізде Тілдер мерекесіне және Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған "Тіл – ұлттың жаны" атты апталығының жабылуы өтті. Оқушылар әртүрлі ұлттарға бөлініп, сол халықтың өнерін, дәстүрін және мәдениетін таныстырып, мерекеге ерекше сән берді. Бұл шара жас ұрпаққа тілдің құдіретін сезіндіріп, достық пен бірлікті нығайтты.