Іс-шаралар » Страница 5 » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы
14
апрель
2024
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылдың 6 сәуірінен бастап 11 мамыр аралығында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы өтеді. Тазалықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау-әрбір азаматтың міндеті, парызы. Мемлекет басшысының көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі тапсырмаларын Өскемен "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицейінің ұжымы мен оқушылары қолдап, тазалық жұмыстарын жүргізе бастады. Лицей аумағын қоқыстардан тазарту, талдар мен гүлдер егу, көктемгі көгалдандыру
"Күшіміз бірлікте!"атты қайырымдылық жәрмеңкесі
12
апрель
2024
"Күшіміз бірлікте!"атты қайырымдылық жәрмеңкесі
Елімізде болып жатқан табиғи апаттардың кесірінен қиындыққа тап болған Отандастарымызға көмек көрсету мақсатында лицейімізде 12 сәуір күні  "Күшіміз бірлікте!"атты қайырымдылық жәрмеңкесі  жоғары деңгейде өткізілді. Осы игі іс-шараға ат салысқан барлық ата-аналарымызға,  мұғалімдерге, оқушыларымызға ерекше алғысымызды білдіреміз!  Жамандықтың барлығы артта қалып, жақсы күндеріміз көп болсын!
Жер сілікінісі кезіндегі қорғану жаттығулары
02
февраль
2024
Жер сілікінісі кезіндегі қорғану жаттығулары
2 ақпан күні Шығыс Қазақстан обылысы бойынша жер сілкінісінен қорғану жаттығулары өткізілді. Жаттығу барысында дабыл қабылған сәтте лицей ұжымы, оқушылар қандай іс-әрекеттер жасау керек, қайда тығылу керектігін, қай есіктен сыртқа шығу керектін істеді. Жаттығуға 170 оқушы, 38 лицей қызметкері қатысты. #Біртұтас_тәрбие
Халықаралық олимпиадаға дайындық үстінде
09
январь
2024
Халықаралық олимпиадаға дайындық үстінде
9-18 қаңтар аралығында Сочидегі "Сириус" білім беру орталығының базасында қазақстандық биология құрамасы Ресей командасымен бірге Халықаралық олимпиадаға дайындалуда.  Қазақстаннан келген 12 биолог оқушының ішінде лицейіміздің 11-сынып оқушысы Төреханұлы Нұртөре де білімін шыңдауда.  Бұл лагерьде барлығы 30 қатысушы бар. Бұл жиындарда студенттер өсімдік физиологиясы, биохимиясы және эволюциясы бойынша теориялық  және практикалық негізде өтеді. Нұртөреге сәттілік тілейміз!
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
04
январь
2024
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың
Көптен күткен жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі де өз мәресіне жетті. Лицейіміздің намысын қорғап, қоржынымызды 22 алтын, 23 күміс және 7 қола медальдармен толықтырған оқушыларымыз тағы бір мәрте өз білімдерін дәлелдеді. 53 жүлделі орынмен лицейіміз жалпы командалық есепте “Ең үздік олимпиадалық команда-2024” номинациясы бойынша 1 орынды иеленді. Барлық оқушыларды, ата-аналарды және дайындаған ұстаздарды кезекті жеңісімізбен құттықтаймыз!
ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ
19
декабрь
2023
ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ
Бүгінгі шолуда білім беру саласы туралы әңгіме қозғалады. Қазіргі уақытта республикада Мемлекет басшысының барлық деңгейдегі білім беру саласын нығайту жөніндегі бірқатар маңызды бастамалары іске асырылуда. Биыл ел бойынша 137 мың оқушыға арналған 165 мектеп пайдалануға берілді. Осылайша, 12 апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқытатын 29 мектеп бойынша мәселе шешілді.  210 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 461 мың оқушыға арналған 217 мектептің
Әкелермен әсерлі кездесу
13
декабрь
2023
Әкелермен әсерлі кездесу
13 желтоқсан күні  Әкенің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру мен мектеппен байланысты нығайту мақсатында  лицейіміздің  әкелерімен бір ерекше кездесу өтті. Кездесу барысында  мектеп психологі Рауия Рамазанқызы отбасы институтын нығайту және ер-азаматтың отбасындағы рөлі мен жауапкершілігін арттыру үшін “Баланы жақсы тану - қарым-қатынас жасау жолында” атты семинар-тренингі өткізіп,  бала тәрбиесіндегі  әкенің ролі туралы ой- қозғаулар айтты. Кездесу "Brain Rain" интеллектуалды ойнымен
"Үздік тарих пәні мұғалімі-2023"
11
декабрь
2023
"Үздік тарих пәні мұғалімі-2023"
2023 жылдың 11 желтоқсан күні өткен "Үздік тарих пәні-2023" облыстық байқауының жеңімпазы лицейіміздің тарих пәні мұғалімі Камбасова Мөлдір Мұратбекқызы жүлделі ІІ орынды иеленді. Мөлдір Мұратбекқызын жүлдесімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта мол табыс тілейміз!
"Brain Rain"
08
декабрь
2023
"Brain Rain"
Лицейімізде облыстық мектептер арасында, атап айтқанда Жамбыл гимназиясы, Облыстық мамандандырылған IT- лицейі, Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі, Облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернаты арасында ынтымақтастықты нығайту мақсатында лицейіміздің ұйымдастыруымен  мұғалімдер арасында "Brain Rain" интеллектуалды сайысын өткіздік.  Сайыста мамандандырылған мектептердің ұстаздарынан
"Достық-2023" ата-аналар спартакиадасы
25
ноябрь
2023
"Достық-2023" ата-аналар спартакиадасы
25 қараша күні лицейімізде кезекті "Достық-2023" ата-аналар спартакиадасы өтті. Бұл тартысқа әр сынып ата-аналарынан құралған 9 команда қатысты. Баса озып алға шыққан 10 "А" сынып ата-аналары "Бас жүлде" иегері атанды. Сонымен қатар, 1-орынды- 9"А" , 2 орынды -7"Б" , 3 орынды-11 сынып ата-аналары иеленді. Барлық жүлделі орын иегерлерін құттықтаймыз! Сыныптың намысын қорғап, белсенділік танытқан ата-аналарға алғысымыды айтамыз!