Оқушыларға » Страница 10 » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел»
30
ноябрь
2023
«Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел»
Қазақ халқының рухани мұрасын, салт-дәстүрлерін танымал ету, оқушылардың мәдениетін, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамытуды қолдау және жалпыадамзаттық және адал, саналы, жасампаз азаматтар тәрбиелеу мақсатында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында облыстық «Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың конкурсы өткізілді. 1-кезеңнің нәтижесі бойынша лицейіміздің төмендегі оқушылары дипломдармен марапатталды.  Есбол Ернар -І орын
Лингвистика
28
ноябрь
2023
Лингвистика
2023 жылдың 28 қараша күні 8-11 сынып оқушылары арасында лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Аталмыш олимпиадаға лицейіміздің 10-сынып оқушылары Қарымбаев Тоқтархан мен Дәулетқанов Сырым қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Даулетқанов Сырым - 1 орынды, Қарымбаев Тоқтархан -2 орынды иеленді.  Оқушыларымызды жүлделі орындарымен  құттықтай отырып, табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!
Аймақтық баскетбол.
25
ноябрь
2023
Аймақтық баскетбол.
Сүйінші! 2023 жылдың 25 қараша күні өткен аймақтық баскетбол жарысынан лицейіміздің баскетбол командасы жүлделі І орынды қанжығалады. Жігіттерімізді жеңістерімен құттықтай отырып, республикалық тартыста сәттілік тілейміз!
Республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі
22
ноябрь
2023
Республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі
2023 жылдың 22 қарашасында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Конкурсқа барлық аудандар мен қаладан келген 200-ден астам оқушының ішінде біздің лицейдің оқушылары да қатысты. Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша командалық түрде 11-сынып оқушылары Ибраев Мирас пен Ахметов Әлішер - 2 орын, Қасенұлы Есжан мен Нұрланбек Ералы - 3 орын және 10-сынып оқушысы Алтынбек Нұрдәулет - 3 орынды иеленді.
"Ақбозат" ұлттық мектеп лигасы
16
ноябрь
2023
"Ақбозат" ұлттық мектеп лигасы
Шығыс Қазақстан облысының оқушылары арасында шахматтан "Ақбозат" ұлттық мектеп лигасында 9-11 сынып арасындағы жарысқа қатысып, жүлдері орындарды иеленген төмендегі оқушыларымызды құттықтаймыз! Әбдікәрімов Райымбек - 1 орын, 9-сынып,  Құрманбаев Санжар - 1 орын, 10-сынып, Дәулетқанов  Сырым - 1 орын, 10-сынып.  Сонымен қатар, Өскемен "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицейі жалпыкомандалық есепте І орынды иеленді.
Оқу-ағарту министрімен кездесу
10
ноябрь
2023
Оқу-ағарту министрімен кездесу
2023 жылдың 10 қараша күні оқу-ағарту министрі Бейсенбаев Ғани Бектайұлы облысымызға жұмыс сапарымен келу барысында олимпиада жүлдегерлерімен кездесу өткізді. Бұл кездесуге лицейіміздің де оқушылары Матвеев Тимур, Төреханұлы Нұртөре, Қасиман Әлемхан қатысып, министрге  жетістіктерімен және алға қойған мақсаттарымен бөлісті. Кездесу соңында Ғани Бектайұлы оқушыларға отандық білім беру саласына қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, биік шыңдарды бағындыруларын тіледі!  Бұл кездесуде оқушыларымыз
Химия пәні бойынша республикалық Қ.Сәтбаев олимпиадасы
02
ноябрь
2023
Химия пәні бойынша республикалық Қ.Сәтбаев олимпиадасы
2023 жылдың 30 қазан мен 2 қараша күндері аралығында Жезқазған қаласында 9 сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша Қ.Сәтбаев олимпиадасы өтті. Аталмыш олимпиаданың қорытындысы бойынша оқушымыз Бекболатов  Ерназар лицей қоржынын тағы бір қола медальмен толықтырып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ерназарды, ата-анасын және ұстаздарды кезекті жеңіспен құттықтаймыз!
«Менің кіші Отаным»
16
октябрь
2023
«Менің кіші Отаным»
Республика күніне орай, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ШҚ «Дарын ғылыми-әдістемелік орталығы 2023 жылдың 16 қазанында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» республикалық зияткерлік конкурсының облыстық кезеңін өткізді. Негізгі мақсаты – туған ел тарихына қызығушылық танытқан талантты оқушыларды, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, өскелең ұрпақ бойында қоғамдық
Республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңі
12
октябрь
2023
Республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңі
Балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, еліміз бен шетелдік әдебиетті және жазушылардың шығармаларын зерделеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру мақсатында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының базасында 8-10 сынып оқушыларына арналған Республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқаудың қорытындысы бойынша 9 сынып оқушысы Марат Ахмет ІІІ орынды иеленіп, марапатталды. Ахметті жеңісімен құттықтай отырып, жаңа
XVI Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі
03
октябрь
2023
XVI Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі
Оқушылардың жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерге қызығушылықтарын арттыру, теориялық білімі мен қабілеттерін тереңдету мақсатында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында 2023 жылдың 03 қазанында 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XVI Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Президенттік олимпиадаға аудандық, қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты. Оқушылар бір мезетте математика, физика, биология, және