Оқушыларға » Страница 7 » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
ВОЛЕЙБОЛДАН "ШҰБАР ДОП" ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ
05
декабрь
2024
ВОЛЕЙБОЛДАН "ШҰБАР ДОП" ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ
9-11 сынып ұлдар арасындағы волейболдан "Шұбар доп" ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңінде біздің команда тамаша ойын көрсетіп, жалпы командалық есепте 2-орын иеленді!  Бұл жетістік – жігіттеріміздің табандылығы мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі.  Сіздерге алдағы жарыстарда да сәттілік пен жеңістер тілейміз!
КІТАП ОҚУ АКЦИЯСЫ.
29
ноябрь
2024
КІТАП ОҚУ АКЦИЯСЫ.
Кітап оқу акциясы бойынша келесі кезекте ұсынылған шығырмалар:  7-8 сыныптар үшін - “Bridge to Terabithia”  K.Paterson  9-10 сыныптар үшін - «The adventures of Tom Sawyer” Mark Twain  Кітап оқу уақыты: Дүйсенбі: 8:15-8:30 Басқа оқу күндері: 8:00-8:15 аралығында. Әр оқылған шығармалар бойынша тест алынып, 50% жоғары ұпай жинаған оқушылар марапатталады. Жыл соңында әр кезеңге қатысып, белсенділік танытқан оқушы "Үздік оқырман" номинациясымен марапатталады. Барлық оқушыларға сәттілік!
ШҚО БОЙЫНША ШАХМАТТАН ЧЕМПИОНАТ
27
ноябрь
2024
ШҚО БОЙЫНША ШАХМАТТАН ЧЕМПИОНАТ
Жеңіс құтты болсын!  Шығыс Қазақстан облысы бойынша шахматтан жасөспірімдер арасындағы чемпионат сәтті өтті! Осы байрақты бәсекеде жас шахматшыларымыз керемет нәтиже көрсетті:  Дәулетқанов Сырым – 1-орын иеленіп, спорт шеберлігіне үміткер атанды!   Құрманбаев Санжар – 2-орын алып, өзінің шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді!  Жас шахматшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жана берсін, алда талай белестерді бағындырасыздар! 
ROBO LAND 2025
23
ноябрь
2024
ROBO LAND 2025
2024 жылдың 23 қарашасында өткен RoboLand 2025 10-шы Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестиваліне қатысып, жүлделі орындарды иеленген төмендегі оқушыларды құттықтаймыз! Минифутбол - 1 орын Омар Жанболат, Ережепұлы Еларыс Садақ ату - 3 орын Қайратұлы Елжан, Карашанов Асанали Республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!
ГЕОМЕТРИЯДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИРАН ОЛИМПИАДАСЫ
22
ноябрь
2024
ГЕОМЕТРИЯДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИРАН ОЛИМПИАДАСЫ
2024 жылдың 20 қарашасында “Аль-Фараби” олимпиадаға даярлау орталығының және Қаз ҰУ-нің ұйымдастыруымен 11-12 сынып оқушыларының арасында өткен геометриядан халықаралық Иран олимпиадасында Жүзден-жүйрік, мыңнан-тұлпар атанып, жүлделі 2 орынды қанжығасына байлаған 11-сынып оқушымыз Маратұлы Әлинұрды, оның ата-анасын және ұстаздарын кезекті жеңісімен құттықтаймыз!
ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ
21
ноябрь
2024
ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ
 Жаңа жетістік!  2024 жылдың 21 қарашасында лицейіміздің оқушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңіне қатысып, өз білімдері мен ізденістерін жоғары деңгейде көрсетті! 14 жоба ұсынылып, үлкен еңбек пен талпыныс нәтижесінде  8 жобамыз жүлделі  орынға ие болды: 1 орын - 4 жоба 2 орын - 3 жоба 3 орын - 1 жоба Білімге деген құштарлық пен еңбектің жемісі сіздерсіздер! Әр жетістіктеріңіз біз үшін мақтаныш. Келесі  республикалық іріктеу
ЛИНГВИСТИКА
20
ноябрь
2024
ЛИНГВИСТИКА
2024 жылдың 20 қарашасында 8-11 сынып оқушыларына арналған лингвистикадан республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Аталмыш олимпиадаға біздің оқушыларымыз да қатысып, жүлделі орындарды иеленді: Болатов Алихан - 2 орын Тлеубеков Мансұр - 3 орын Ержанұлы Естай - 3 орын Олимпиада жүлдегерлерін құттықтаймыз! Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!
"ЗЕРДЕ" ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ
12
ноябрь
2024
"ЗЕРДЕ" ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ
 2024 жылдың 12 қарашасында 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. 400-ден астам жас зерттеушілер арасынан топ жарып шығып жүлделі орындарды иеленген оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз! 1 орын- 1 жоба 2 орын- 1 жоба 3 орын- 2 жоба
ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫ-2024
09
ноябрь
2024
ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫ-2024
9-10 қараша күндері 10-11 сыныптар арасында Қазақстан Білім Олимпиадасы (КБО) өтті. Олимпиада нәтижесі бойынша 39 оқушы қатысып, 36 оқушы жүлделі орындарға ие болды және 2 оқушымыз мақтау қағазымен марапатталды: Биология  Алтын -5, Күміс-3  Химия  Алтын-1, Күміс-2, қола-3 География  Алтын -2, Күміс-1, Қола-3 Информатика  Алтын-3, Күміс-2,Қола-3 Физика Алтын-2, Күміс-1, Қола-1 Математика Алтын-1, Күміс-1, Қола-2 2 оқушы Грамотамен марапатталды. Жеңімпаздарымызды, ұстаздарды және ата-аналарды