«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы
03
март
2023

«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы


Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас ұстаздың кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында 2023 жылдың 1-3 наурызында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында өтілі 0-5 жылды құрайтын жас мұғалімдердің арасында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы өткізілді. 
 Аталған олимпиадаға республикамыздың барлық аймақтарынан 100-ден астам жас ұстаз қатысты. 
 Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғап, кәсіби іс-тәжірибелерімен бөліскен ұстаздардың ішінде лицейіміздің география пәні мұғалімі Боранбаев Бақ-Дәулет қатысып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің арнайы грамоталарымен марапатталды.