Біз туралы » Страница 9 » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Brain Rain"
08
декабрь
2023
"Brain Rain"
Лицейімізде облыстық мектептер арасында, атап айтқанда Жамбыл гимназиясы, Облыстық мамандандырылған IT- лицейі, Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі, Облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернаты арасында ынтымақтастықты нығайту мақсатында лицейіміздің ұйымдастыруымен  мұғалімдер арасында "Brain Rain" интеллектуалды сайысын өткіздік.  Сайыста мамандандырылған мектептердің ұстаздарынан
"Әуезді әуен"
07
декабрь
2023
"Әуезді әуен"
Алматы қаласында оқушылар арасында өткен "Әуезді әуен" республикалық ән жарысында 9-сынып оқушымыз Марат Ахмед үш тілде ән шырқап, қазақ тілі бағыты бойынша жүлделі үшінші орынға ие болды. Оқушымызды, жетекшілерін және ата-анасын шын жүректен құттықтаймыз!
ЖЕҢІС ЖОЛЫНДА
01
декабрь
2023
ЖЕҢІС ЖОЛЫНДА
2023 жылдың 2-3 желтоқсан күндері Алматы қаласында өткен "Математика, физика, информатика пәні мұғалімдерінің Х Халықаралық АҚТЫҚ шығармашылық байқауы өтті. Бұл байқауға лицейіміздің намысын қорғап, бақ сынап жүлделі ІІ орын алған математика пәні мұғалімі Әнуарбеков Тынышбек Сұлтанбекұлын құттықтаймыз! Алдағы ұстаздық жолында шығармашылық табыс пен жеңістер тілейміз!
«Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел»
30
ноябрь
2023
«Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел»
Қазақ халқының рухани мұрасын, салт-дәстүрлерін танымал ету, оқушылардың мәдениетін, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамытуды қолдау және жалпыадамзаттық және адал, саналы, жасампаз азаматтар тәрбиелеу мақсатында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында облыстық «Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың конкурсы өткізілді. 1-кезеңнің нәтижесі бойынша лицейіміздің төмендегі оқушылары дипломдармен марапатталды.  Есбол Ернар -І орын
"Достық-2023" ата-аналар спартакиадасы
25
ноябрь
2023
"Достық-2023" ата-аналар спартакиадасы
25 қараша күні лицейімізде кезекті "Достық-2023" ата-аналар спартакиадасы өтті. Бұл тартысқа әр сынып ата-аналарынан құралған 9 команда қатысты. Баса озып алға шыққан 10 "А" сынып ата-аналары "Бас жүлде" иегері атанды. Сонымен қатар, 1-орынды- 9"А" , 2 орынды -7"Б" , 3 орынды-11 сынып ата-аналары иеленді. Барлық жүлделі орын иегерлерін құттықтаймыз! Сыныптың намысын қорғап, белсенділік танытқан ата-аналарға алғысымыды айтамыз!
Аймақтық баскетбол.
25
ноябрь
2023
Аймақтық баскетбол.
Сүйінші! 2023 жылдың 25 қараша күні өткен аймақтық баскетбол жарысынан лицейіміздің баскетбол командасы жүлделі І орынды қанжығалады. Жігіттерімізді жеңістерімен құттықтай отырып, республикалық тартыста сәттілік тілейміз!
Республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі
22
ноябрь
2023
Республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі
2023 жылдың 22 қарашасында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Конкурсқа барлық аудандар мен қаладан келген 200-ден астам оқушының ішінде біздің лицейдің оқушылары да қатысты. Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша командалық түрде 11-сынып оқушылары Ибраев Мирас пен Ахметов Әлішер - 2 орын, Қасенұлы Есжан мен Нұрланбек Ералы - 3 орын және 10-сынып оқушысы Алтынбек Нұрдәулет - 3 орынды иеленді.
"Ақбозат" ұлттық мектеп лигасы
16
ноябрь
2023
"Ақбозат" ұлттық мектеп лигасы
Шығыс Қазақстан облысының оқушылары арасында шахматтан "Ақбозат" ұлттық мектеп лигасында 9-11 сынып арасындағы жарысқа қатысып, жүлдері орындарды иеленген төмендегі оқушыларымызды құттықтаймыз! Әбдікәрімов Райымбек - 1 орын, 9-сынып,  Құрманбаев Санжар - 1 орын, 10-сынып, Дәулетқанов  Сырым - 1 орын, 10-сынып.  Сонымен қатар, Өскемен "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицейі жалпыкомандалық есепте І орынды иеленді.
"Brain Rain" тартысы
16
ноябрь
2023
"Brain Rain" тартысы
Тек қана оқушылар емес,  мұғалімдер арасында да өткізілген бұл шара қатысушыларымызға ерекше көңіл-күй сыйлады. Лицейіміздің қабырғасында  ұстаздар арасында кезекті "Brain Rain" интеллектуалды ойыны өтті. Ұстаздардан құралған 4 команда тартысқа түсті. Сол команда мүшелері ретінде "Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы" жобасы аясында лицейімізге жолдама алып келген тағлымдамадан өтетін үміткерлеріміз де қатысты.
Оқу-ағарту министрімен кездесу
10
ноябрь
2023
Оқу-ағарту министрімен кездесу
2023 жылдың 10 қараша күні оқу-ағарту министрі Бейсенбаев Ғани Бектайұлы облысымызға жұмыс сапарымен келу барысында олимпиада жүлдегерлерімен кездесу өткізді. Бұл кездесуге лицейіміздің де оқушылары Матвеев Тимур, Төреханұлы Нұртөре, Қасиман Әлемхан қатысып, министрге  жетістіктерімен және алға қойған мақсаттарымен бөлісті. Кездесу соңында Ғани Бектайұлы оқушыларға отандық білім беру саласына қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, биік шыңдарды бағындыруларын тіледі!  Бұл кездесуде оқушыларымыз