Ақпарат » Страница 5 » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
ӘЛ-ХОРЕЗМИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ОЛИМПИАДАСЫ
13
май
2025
ӘЛ-ХОРЕЗМИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА
Халықаралық жеңіс! 2025 жылдың 7-13 мамыры аралығында Ташкент қаласында өткен Әл-Хорезми атындағы Халықаралық математика және информатика олимпиадасында информатикадан 9-сынып оқушымыз Амангелді Алдияр алтын медаль иегері атанып, І дәрежелі дипломмен марапатталды! Осы жетістікке жол ашқан ұстаздарға және қолдау білдірген ата-аналарға алғысымыз шексіз!  Информатикаға деген терең қызығушылық пен табандылық көрсеткен  Алдиярды шын жүректен құттықтаймыз! Жарқын болашақ пен жаңа жеңістерге жол ашық
М.ӨТЕЛБАЕВ АТЫНДАҒЫ МАТЕМАТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ "ОЙЛАН ТАП!" ОЛИМПИАДАСЫ
13
май
2025
М.ӨТЕЛБАЕВ АТЫНДАҒЫ МАТЕМАТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ "ОЙЛАН ТАП!"
2025 жылғы 11–14 мамыр аралығында Тараз қаласында 7–8 сынып оқушыларына арналған М. Өтелбаев атындағы математикадан республикалық «Ойлан, тап!» олимпиадасы өтті. Аталған білім бәйгесіне еліміздің әр өңірінен үздік оқушылар қатысып, білім деңгейлері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынға салды. Осы олимпиадаға біздің лицейіміздің де дарынды оқушылары қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің III дәрежелі
“ЕРЛІК - ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ" АТТЫ САПТЫҚ ЖҮРІС БАЙҚАУЫ
06
май
2025
“ЕРЛІК - ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ" АТТЫ САПТЫҚ ЖҮРІС БАЙҚАУЫ
“Ерлік - елге мұра, ұрпаққа үлгі” атты саптық жүріс байқауы өтті Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы және 7 мамыр – Отан Қорғаушылар күніне орай лицейімізде 7-11 сынып оқушылары арасында “Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі” атты апталық шеңберінде саптық жүріс байқауы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді ояту, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери тәртіп пен бірлікке баулу. Байқау барысында әр сынып саптық дайындықтарын, сапта жүру тәртібі мен әскери
1-МАМЫР ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІРЛІГІ КҮНІ
01
май
2025
1-МАМЫР ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІРЛІГІ КҮНІ
1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтаймыз!  Құрметті ұстаздар, ата-аналар және сүйікті оқушылар! Бүгін – татулық пен өзара құрметтің, бейбіт өмір мен достықтың жарқын мерекесі! Бір шаңырақ астында тату өмір сүріп жатқан баршаңызды Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әр күніміз бірлік пен берекеге толы болсын, жүрегімізде бейбітшілік оты мәңгі маздай берсін!
7–8 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ
30
апрель
2025
7–8 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ
ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА — ЖЕҢІСТІ ЖОЛ!  2025 жылғы 29–30 сәуір күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша 7–8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Лицейіміздің білімді де талапты оқушылары бұл сайыста жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындармен лицей қоржынын толтырды! І орын - 12 ІІ орын - 10 ІІІ орын - 8 Жеңімпаздарымызға алғыс білдіреміз! Жетістіктерің молайып, биіктерден көріне беріңдер! @shygysdaryny  @rspc_daryn  @shygys_bilim_basqarmasy @bil.edu.kz 
«БЕРЕКЕ БАСТАУЫ - ӘЗ НАУРЫЗ"
26
апрель
2025
«БЕРЕКЕ БАСТАУЫ - ӘЗ НАУРЫЗ"
“Берекелі Наурыз – ұлттың ұлы күні!” ⠀ 26 сәуір күні лицейімізде ата-аналар мен оқушылардың белсенді қатысуымен «Береке бастауы – әз-Наурыз» атты үлкен мерекелік іс-шара өтті! ⠀ Мереке барысында: – Сыныптар арасында театрландырылған қойылымдар – Аналар арасында қамыр жаю мен кеспе кесу сайысы – Әкелердің арқан тарту бәсекесі – Қазақша күрес пен қол күрестен спорттық жарыстар ұйымдастырылды. ⠀ Барлық сынып киіз үй тігіп, ұлттық нақыштағы дастархан жайып, Наурыздың шынайы атмосферасын сезіндірді.
COOKING  CLUB
23
апрель
2025
COOKING CLUB
Түрік тілі апталығы аясында лицейімізде ерекше шара өтті! Cooking Club іс-шарасы барысында ұстаздарымыз түрік асханасының дәмін татып қана қоймай, оны әзірлеу құпияларымен де танысты. Шебер сыныпты Сибель ханым жүргізіп, дәстүрлі түрік тағамдарын дайындауды үйретті. Жылы атмосферада өткен бұл кездесуде қатысушылар керемет әсер алып, жаңа дағдыларға ие болды. 15:29
ТҮРІК ТІЛІ АПТАЛЫҒЫ
21
апрель
2025
ТҮРІК ТІЛІ АПТАЛЫҒЫ
Лицеімізде түрік тілі апталығы өтті! Сәуірдің 21-25 күндері аралығында лицейімізде түрік тілі апталығы ұйымдастырылып, түрлі қызықты іс-шаралар өтті. Апталық барысында оқушылар ойындар ойнап, безендіру жарыстарына қатысты. Апта соңында сыныптар арасында әсем әндер шырқалған ән сайысы өтті. Сонымен қатар, игі істерге бастау болған қайырымдылық жәрмеңкесі де ұйымдастырылды. Барлық қатысушыларға алғысымы зды білдіреміз! Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
"BILympic Games 2025" сайысы
19
апрель
2025
"BILympic Games 2025" сайысы
BILympic Games 2025 — ЖЕҢІСТІ СӘТТЕР! 19–20 сәуір күндері Түркістан қаласында “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” және “Білім Орда” ұйымдастыруымен 7–11 сынып оқушылары арасында Республикалық BILympic Games сайысы өтті. ⠀  Шахмат  Тоғызқұмалақ  Үстел теннисі  Қазақ күресі  Асық ату  Бес асық Осы ұлттық және зияткерлік спорт түрлерінен сайысқа түскен оқушыларымыз жүлделі орындарды иеленіп, лицей абыройын асқақтатты! ⠀  Жеңімпаз оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жана берсін, биік шыңдар
“KERUEN SCIENCE” республикалық жасөспірімдер олимпиадасы
19
апрель
2025
“KERUEN SCIENCE” республикалық жасөспірімдер олимпиадасы
2025 жылғы 15–19 сәуір күндері аралығында Астана қаласында өткен “KERUEN SCIENCE” республикалық жасөспірімдер олимпиадасында, мектебіміздің жас дарындары химия және биология пәндерінен білімдерін сынға салды. Нәтижесінде, төменгі буын оқушыларымыз үлкен жетістікке жетті:  Акилжанов Богдан – 7 “Б” сынып оқушысы, Күміс медаль  Айнабеков Денис – 8 “Б” сынып оқушысы, Қола медаль Оқушыларға бағыт-бағдар берген ұстаздарды, қолдау көрсеткен ата-аналарды және дарынды оқушыларымызды шын жүректен